Курсовая работа: Қылмысқа қатысушылар жауаптылығының жалпы және арнайы мәселелері


Цена: 3 Скачать
Предмет:
Қылмысқа қатысушылық
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
30

Жоспар

 

1 Қылмысқа қатысушылардың әрекеттерін қатысу формалары бойынша квалификациялау..........3

 

2 Аяқталмаған  қылмысқа  қатысушылықты квалификациялау..........11

 

3 Қылмысқа  қатысушылық формалары  бойынша қатысушының  шектен шыққан әрекеттерін және арнайы  субъектілердің қатысушылығын квалификациялау..........15

 

Пайдаланылған деректер:..........25

 

 

 

1 Қылмысқа қатысушылардың әрекеттерін қатысу формалары бойынша квалификациялау

 

 

Қылмыстық құқық теориясында, қылмысқа  қатысушылардың әрекеттерін квалификациялау  жайында ғалымдардың  арасында бір-біріне қарама-қарсы пікірлер кездеседі, солардың  бірі ұйымдасқан топтың қатысушыларының қылмысқа қатысудағы ролі және олардың әрекеттерін бағалау жайында. Ұйымдасқан топқа қатысушылар, осы топтың мүшелері болып табыла ма, әлде қатысушылары болып табыла ма деген сұрақ туындайды.

 

Бұрынғы және қазіргі уақыттарда осы мәселені қарастырған ғалымдар ұйымдасқан топтың барлық мүшелері қылмысты бірге орындаушылар болып табылады және олардың пікірінше қылмыстық кодекстің 17-ші бабына сілтеме жасалынбауы керек [17. 144-145], [20. 31-32], [108. 234]. Бұған қарсы көзқарастар да бар. Мысалы Ушаков А.В. “ұйымдасқан топқа оған кірген адамдар қылмысты бірге орындаушылар емес, осындай топтың қатысушылары болып табылады” – дейді [109. 51].

 

 

 

2 Аяқталмаған  қылмысқа  қатысушылықты квалификациялау

 

 

Қылмыстық құқық қылмыстық әрекеттің алдыңғы кезеңіне қылмысқа дайындалу мен оқталуды жатқызады. Бұл мәселенің қылмысқа қатысушылықта қолдануының жалпы тәртібін анықтау қылмыстық құқықта ғана емес, сонымен бірге сот-тергеу жұмыстарында да маңызды болып есептеледі. Қылмысқа қатысушылық мәселесін арнайы зерттеуде бұл мәселе туралы әр түрлі ой-пікірлер кездеседі.

Бірнеше адам бірлесіп қылмыс жасауға күш біріктіріп, бірақ қыл мыс аяғына дейін жасалмай, тек қылмыстың бастапқы кезеңдерінде тоқтатылса, олардың әрекеттерін квалификациялау қиындайды. Себебі, біріншіден, мұндай дайындық кезеңде қылмысқа қатысушылардың түрлері толық анықталмайды, өйткені олардың арасындағы бастапқы келісімде қылмыс уақиғасының толық мазмұны белгіленбеуі мүмкін.

 

 

3 Қылмысқа  қатысушылық формалары  бойынша қатысушының  шектен шыққан әрекеттерін және арнайы  субъектілердің қатысушылығын квалификациялау

 

 

1997 жылғы 16 шілдеде қабылданған қылмыстық заңға дейін қылмысқтық құқық теориясы қылмыс  орындаушысына ғана  қатысты шектен шығушылықты білетін. Ал қазіргі  заңның  30 бабы тек  орындаушыға  ғана  емес, сонымен қатар  басқа  да  қатысушылардың шектен шығу  әрекеттеріне,  яғни көмектесушінің  азғырушының, ұйымдастырушының  шектен шығуының   мүмкіндігіне заң  жүзінде жол берген.  Қылмыстық заңның  бұл бабының мұндай  бағыты  заңгер  ғалымдар мен  практика  қызметкелері тарапынан күмәнданушылық тудырды.

Бұл жерде  біздің  негізгі  мақсатымыз,  ол орындаушыдан  басқа да  қатысушыларға  байланысты  шектен шығудың  мүмкіндік  көлемін анықтау  болып  табылады.

 

 

Пайдаланылған деректер:

 

...