Доклад/Баяндама: Қазақстан жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесін пайдаланудың қажеттілігі, мүмкіндіктері мен тиімділігі


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Экономика
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
21

Жоспар

 

 

Кіріспе. 3

1  Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі мемлекеттік реттеудің негізгі мәселелері 4

2 Шығыс Еуропа мен Шығыс Азия елдеріндегі экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесі мен нарықтық қатынастарды дамыту. 11

3 Қазақстан жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесін пайдалану қажеттіліктері мен мүмкіндіктері 16

Қорытынды.. 20

Қолданылған әдебиеттер. 21

 

 

2 Шығыс Еуропа мен Шығыс Азия елдеріндегі экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесі мен нарықтық қатынастарды дамыту

 

 

... Қытай Халық Республикасында экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесі белгілі бір қызығушылық туғызады. 70-жылдардың соңында ҚХР-да басталған экономикалық реформалардың алғашқы қорытындыларына жасалған талдау негізінде бірқатар тұжырымдамалар жасалған, бұл тұжырымдамалар, социалистік тауарлы экономиканы, социализмнің бастапқы сатысын, меншіктің мемлекеттік, қоғамдық және жеке түрлерін пайдалану және т.б. проблемаларды қамтиды. Қытай компартиясының шешімдеріне сәйкес жоспарлы тауарлы экономика болып табылатын экономикада реформалаудың басты бағыты «нарыққа бағыт ұстаған микродеңгейде бақылауға болатын социалистік экономиканы құру» болып табылатыны көрсетіледі.

 

Қытайдағы экономикалық реформалардың стратегиясы ұйымдық аспектіде болғанмен «ауылдан қалаға» деген қағидаға негізделініп ерекшелінеді. Осы қағидалар бойынша реформалардың алға басуы ауылдағы нарықтық қатынастар элеметтерінің пайда болуы мен оларды мемлекеттік жоспарлар арқылы реттеу қамтамасыз етеді. Қытайдың жоспар мен нарықты біріктіру варианты шаруашылық жүргізудің үш деңгейлі жүйесін пайдалануды білдіреді. Осы үш деңгейдің әрқайсысы өзіндік моделге сай келеді: жоғарғы деңгей үшін негізгі өндірістік көрсеткіштерді директивті (экономика құрылымы және даму қарқыны мемлекеттік резервтер, тұрақты тауар сұранымы, мемлекеттік бюджет) жоспарлау қолданылады, екінші деңгей шаруашылық деңгейі, экономиканың алғашқы саласын қамтиды. Мұнда шығаратын өнімді өткізу және кешенді проблеммаларды минималды-техникалық қамтамасыз етілуінің жоспарлауымен айқындалады. Шаруашылықтың үшінші деңгейі жергілікті және мерзімді өндіріс тауарларымен әр түрлі қызмет көрсетулермен және нарық механизмдерін қолданумен реттеледі. Салық салу жүйесіндегі аса маңызды тәжірибесі салық жеңілдіктерінің капиталдық салымдардың екі сфераға-өңдеуші өнеркәсіптің дамуы мен экспрттық потенциалдың өсуіне бағытталуын ынталандырады.

 

Көптеген экономикалық реформаларды бастан кешірген басқа елдерге қарағанда, қтайдың реформасы мемлекеттік реттеудің күшті құралдарын (директивті жоспарлау, салалық және аймақтық жоспарды үйлестіру, «ғылым-өндіріс» циклін жоспарлау, несие-салық және баға саясатын жүйемен жүргізу) қолданды. Сол сияқты нәтижелер бір қатар Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде-Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Филиппинде, Сингапурда, Таиландта және т.б. елдерде байқалады.

 

Жапония мен Оңтүстік Кореяда мемлекеттік реттеу ішкі, жалпыұлттық өнім, жинақ көлемі және қор, еңбек ақының өсуі, еңбек өнімділігі т.б. көрсеткіштерді қамтитын экономикалық жоспарлау арқылы жүргізіледі. Әлемдік шаруашылық интеграцияға кіру стратегиясында қаржы-банк, салық баға және сыртқы экономикалық саясатты жүргізу шаралары қолданылды.  ...

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

 

1. Мамыров Н.К., Ихданов Ж.О. Государственное регулирование в условиях Казахстана: теория, опыт, проблемы: Учебное пособие.-Алматы: Экономика,1998.

2. Мамыров Н.К., Саханова А.Н. Государство и бизнес.-Алмыты: Экономика 1998. ...