Доклад/Баяндама: Қан айналымына әсер ету шаралары


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Медицина
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
13

Сізге осы жұмыстың 2 жолын таңдап сатып алуға болады:
1. сатып алу
2. ТЕГІН
ТЕГІН жұмыс істеу үшін Сіз келесі әректтер жасайсыз
1. ВКонтакте бетіндегі төменгі түймесін басыңыз, осы сайт туралы достарыңызға айтыңыз
2. Сіздің достарынызды қосу үшін (Бәздің мекен-жай - vk.com/nemax83)
3. Жұмысыңызды және бүлік жағарыда аталған қадамдарыңызды растайтын сілтеме туралы хабарламаны ВКонтакте бетіне жіберіңіз.
Оқуларыңызға Сәттілік !!!

 

Жоспар

1 Қан айналымына әсер ету шаралары.. 3

2 Қыша кағаздар. 3

3 Оңқалар. 4

4 Сүліктер. 6

5 Компрестер. 9

6 Грелкалар (басқылар) 10

7 Мұзды  қабық. 11

8 Сумен  емдеу. 11

3 Оңқалар

 Ауруханада дәрігердің белгілеуімен мейіркеш күнделікті жасайтын емдік процедуралар саны жеткілікті, оның бірі – оңка қою. Қабыну ошақтарын жою мен ауырсынуды азайту мақсатында оңқалар ткандар мен мүшелсрге қан жүргізуде рефлекторлық әсер ету арқылы теріге тигізіп ықпал жасау тәсілі болып табылады. Көбіне кәдімгі құрғақ оңқалар қолданылады. Олар – асты жалпақтау, дөңгелек, ауыз жағы жұмырланып жақсы-лап тегістелген колба сияқты шыны ыдыс.

Қ о л д а н ы л у ы. Қөкірек клеткасының қабынуы, қа-бырға аралық невралгия, құяң, жедел және созылмалы миозиттер. .

Қ о л д а н ы л м а у ы. Өкпеден қан аққанда, екпе ту-беркулезі мен көкірек клеткасында ісік болса, тері ау-руы мен оның өте сезімталдығы, әлсіреу, жалпы тырысыпқұрысуы, қозу кезінде.

 

Әдетте оңқаны сырқатты жатқызып 10-нан 20-ға де-йін салады. Оларды пайдалану алдыyда тазартып ыстык сумен жуады, құрғатып сүртеді, шеттерінің сынбағанына көз жеткізген соң сырқат төсегінің жанына қояды. Содан кейін су өткізгіш мақтаны ұзындығы 12-15 см металл стерженьге орап, оны тез тұтанатын сұйыққа (спиртке) сәл ғана батырады. Сырқат терісін күйдіріп алмас үшін артық сұйықты сілкіп тастап, оны тұтатады. Оңқаны көбінесе арқаға, белдемеге т. с. с. дененің ет пен май қабаты неғұрлым қалыңдау жерлерге салады. Әйелдер-дің белдемесі мен емшек безіне оңқа салуға болмайды. Егер дене жүн басқан болса, жүнін қырқып, жылы сумен жуады да вазелинмен немесе басқа да маймен майлайды, дене күймеуі және ауа астынан кірмеуі үшін оңқа шеттері денеге тиіп түруы тиіс.

 

Оңқаны сол қолмен сырқат денесше жақындау ұстап, оң қолымен шамалы уақыт (2—3 с) оңқаға жанып тұрған тампонды ендіреді, содан кейін кеңдеу жағымен тездетіп денеге қояды. Оңқаның ішіндегі ауа сиретіледі, соның арқасында тері 1-3 см ішіне қарай созылады да, шымқызыл немесе қоңырқай түске боялады. Бұл іс ептілікті қажет етеді, себебі тампон жөнді жанбаса, оң-қа орнықпай домалап кетеді. Оңқаны тым қыздырып жіберсе, денені күйдіреді. Оңқаны денеде 15-20 минуттай ұстау қажет. Егер оңқалар дұрыс қойылса, олардың асты қанталайды.

 

Оңқаны денені ауыртпай суырьга алу үшін оны жай-лап бір жағына қарай қисайтып, екінші қолдың саусақтарымен оңқаның екінші қарама-қарсы жақ шетінен теріні басу керек. Оңқаны суырып алған соң сырқат терісін сүртіп, жылы киіндіреді де, көрпесін жауып тас-тайды.

 

Асқынулар. Неғұрлым жиі асқынулар – терінің күлдірегенше күюі, қан қысымының кенет төмен түсуі қанда лейкоциттер санының уақытша азаюы мен қанның ұюы артады. Тері күйгенде оған Коньков майы, 1 : 1000 риваналь немесе балық майы жағылған зарарсызданған салфеткалар салғаи дүрыс. Байқалған асқынуларды мейіркеш дәрігерге хабарлауы және оның белтілеулерін қатаң орындауы тиіс.

 

Қолданылып болған оңқаларды дұрыстап сүртіп, жәшікке салу керек. Онда сондай-ақ спирт, вазелин мен сіріңке сақталады. Мейіркеш оңқа салып жатқанда палатаның форточкасы ашылмауын, желорай болмауын қадағалауы тиіс.

 

4 Сүліктер

 Сүлік – тұщы суда тіршілік ететін қос жынысты құрт. Олардың сілекей безінде қан ұюын баяулататын зат – гирудин бар.

Қолданылуы. Сүлік белгілі бір жердің қанын се-руға қолданылады (гирудотерапия).

 

Қолданылмауы. Қанның ұю жүйесі бұзылғанда, тері ауруына, қаны аздық және антикоагулянттармен емдеуді қатар жүргізгенде.

 

Сүлік денесінің басқы жақ ұшында сорғыш бар, оның тереңірек ішінде жақтары бар ауыз орналасқан, тістері да бар. Осы тістерімен сүлік теріні тістеп теседі де, қанды сора бастайды. Сүлік тек қанды сорып қоймай, гирудин бөледі, ол канның ұюын молайтып емдік әсерін күшейтеді. Сүлікті қойған соң қан қысымы төмендейді. Басқа әдістерге қарағанда, сүлік қоюдың артықшылығы, оны басқа тәсілдерді пайдалануға болмайтын жерлерге қоюға болады. Бір сүлік 2-ден 10 мл дейін қан сора алады. Сүліктерді өзеннің немесе су құбыры суы құйылған банкада сақтайды, ауа кіріп түруы үшін банканы дәкемен жауып қояды. Суды күнделікті ауыстыру керек. Банканы терезенің алдына, мүмкіндігіне қарай 10-15°С температурада ұстайды. Суда тез қозғалмайтын, тек дені сау, аш сүліктер ғана пайдалануға жарамды. Сүліктің 

 

111