Доклад/Баяндама: Өсімдіктердің індетті ауруларға төзімділігі


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Биология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
13

Жоспар

 

 

 

 

1 Індетті (жұқпалы) аурулар және паразитизм туралы жалпы ұғым. 3

2 Індеттенген өсімдіктердегі физиологиялық өзгерістер. 5

3 Өсімдіктердің індетті (патогенді) ауруларға иммунитеті 6

 

 

2 Індеттенген өсімдіктердегі физиологиялық өзгерістер

 

... Көптеген патогендік ауруға шалдыққан өсімдіктердің індеттенген ұлпаларында фотосинтез қарқындылығы төмендейді. Бұл некротрофтардың әсерінен хлоропластардың тез ыдырауына байланысты болуы мүмкін. Бірақ, мүндай нәтиже биотрофтармен ауырған өсімдіктерде де байқалады. Соңғы жағдайда фотосинтез қарқындылығы кейде біршама жоғарылайды, соңынан бәсендейді.

 

Бидай өсімдігімен жүргізілген бір тәжірибеде Erysiphe graminis пен індеттелген жапырақтың фотосинтез қарқындылығы, сау жапыраққа қарағанда, 10 есе төмендегенін байқады. Бұның себебі, фотосинтезге ықпал ететін басқа өзгерістермен қатар хлорофилл мөлшерінің азаюына байланысты деп ұйғарылды. Негізінен, облигатты паразиттердің әсерінен кейбір аурулардың нәтижесінде жапырақтың зақымдалған бөлігінің айналасында «жасыл аралшықтар» пайда болады да, жапырақтың басқа бөліктері түссізденеді. Сондай аралшықтарда фотосинтез қарқындылығы төмендейді. Бұл жағдай патогендік микроорганизмдерден бөлінетін кейбір жеделдеткіш заттардың (ауксин, кинин) әсеріне байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар, «жасыл аралшықтарда» зат алмасу өнімдері (көмірсулар, амин қышқылдар және белоктар) көбірек жиналады.

 

Өсімдіктердің патогенді микроорганизмдерге төзімділігі ұлпалардағы қосыңдылардың — белоктардың, ферменттердің мөлшеріне, арақатынастарына, ырықтығынша, т.б. тығыз байланысты. Көптеген зертгеушілер патогендерге төзімсіз өсімдіктерде індеттенген соң негізінен тат саңырауқұлақтарының әсерінен азотты қосындылардың мөлшері көбейетіндігін байқады. Сондай-ақ нуклеин қышқылдарының арақатынастарында да өзгерістер болатыңдығы анықталды: төзімсіз ұлпаларда іңдетгенуден кейін РНҚ мөлшері көбейіп, ДНҚ мөлшері өзгермейді.

 

Қоректену жолдары әртүрлі патогендердің індеттенген өсімдік ұлпаларындағы белоктардың синтезделу процесіне әсерлерін салыстырып зерттегенде түрліше нәтижелер алынды. Факультативті паразит Bothrytis cinera әсерінен төзімді сорттарда барлық процестер қарқынданады. Ал облигатты паразиттердің әсерінен төзімді өсімдіктерде белок синтезделу процесі қарқынды жүреді де, төзімсіздерде төмендейді.

 

Жалпы айтқаңда індетгеуші организмдердің әсерінен азотты қосындылар алмасуының өзгерулері өсімдіктердің төзімділік-төзімсіздік деңгейлеріне, патогендердің қоректену ерекшеліктеріне байланысты.

 

Патогеңді микроорганизмдердің өсімдіктердің басқа да физиологиялық, биохимиялық процестеріне әсерлері туралы мәліметтер баршылық. Мысалы, патогендердің әсерінен өсімдіктерде су алмасу процестерінің өзгеретіндігі байқалды. Транспирация қарқындылығы өсімдік ұлпаларының өткізгіштігінің жоғарылауына байланысты күшейеді.

 

Патогенді микроорганизмдердің өсімдіктердің зат алмасу процестеріне әсерін және өсімдіктердің қорғаныштық белгілерінің физиологиялық, биохимиялық негіздерін иммунитет құбылысынан толығырақ түсінуге болады. ...

 

 

 

3 Өсімдіктердің індетті (патогенді) ауруларға иммунитеті

 

... Аса сезімталдық және фитоалексиндер. Патогеңдер індетке төзімді өсімдіктердің денесіне енген жеріндегі клеткалар көп ұзамай-ақ жансызданып қалады. Өсімдіктің мұндай реакциясы аса сезімталдық деп аталады. Індетті ауруларға төзімсіз (берілгіш) өсімдіктердің патоген енген жеріндегі клеткалар тіршілігін жоймайды да, паразит ұлпаларға таралып кетеді.

 

Өсімдіктердің аса сезімтаддық реакциясы паразит өсімдік денесіне жанасқан бойда байқалады. Патогендер әсерінен тез залалданатын төзімсіз өсімдіктерде бұл құбылыс байқалмайды. Клеткалардың бірнешеуі өлген жағдайда аралшық пайда болып, оның айналасы перидерма кедергісімен қоршалып қалады. Сөйтіп патогеннің таралып кешеуіне жағдай жасалады. Картоп жапырағы фитофтороз ауруын туғызатын саңырауқұлақпен жанасқан соң 30 минуттен кейін сол жердегі клеткалардың жансызданғандығы байқалады. Осындай реакцияға байланысты паразиттің споралануы тоқтайды.

 

Осыған ұқсас, патогендердің жансызданған ұлпаларда опат болу себептерін зерттеу нәтижесіңде К.Мюллер және Г.Бергер (1940) қалыпты жағдайда кездеспейтін, ерекше заттардың болатыңцығын анықтады. Оларды фитоалексиндер деп атады.

 

Фитоалексиндерді паразиттердің қожасының (өсімдіктің) тірі клеткаларымен әрекеттесуінің нәтижесінде ғана пайда болатын антибиотиктер деп есептеуге болады. Олар өсімдік денесіне енген микроорганизмдердің дамуын тежеп, опат болуына ықпал жасайды. Негізінде, бұл заттар патоген мен өсімдік организмдерінің зат алмасу процестерінің әрекеттесуі нәтижесінде пайда болады, өсімдіктің тірі ұлпаларында синтезделеді. Өсімдіктерде патогендердің және олардың әрекеттестіктерінің алуан түрлілігіне байланысты фитоалексиндер де химиялық ерекшеліктері жағынан әртүрлі болып келеді. Бұршақ тұқымдастарда олар изофланоноидтар, алқалар тұқымдастарда — сесквитерпеноидты заттар, күрделі гүлділерде — полиацетилендер, т.б. күйлерінде кездеседі. Сонымен қатар іңдеттенген бірнеше фитоалексиндер пайда болады. Phytophthora infestans-пея іңдеттенген картоп түйнегінде — ришитин, любимин және фитуберин, тәтті картоп (батат) түйнегінде (Ceratocystis fimbriata-мея індеттенгенде) ипомеамерон және ипомеамаранол, қызыл беде жапырағында иперокарпон, т.б. пайда болады. Фитоалексиндер апопласт арқылы тасымалданады. Төменде химиялық құрылымдары белгілі болған фитоалексиндердің бірнешеуі келтіріледі:

 

 

 

1111