Доклад/Баяндама: Топырақтың сіңіру қабілеті


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Биология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
5

... Топырақтың майда, бытыранды катиондар алмастыра алатын бөлігін топырақтың сіңіргіштік кешені дейді. Топырақтың бұл коллоидты бөлігі, органикалық қарашірінді  және минералдық (шаң, тозан), химиялық қосындыларданқұралады. Сондықтан, оны кешенді (жинақты) деп атайды.  Ал сіңіргіш деп коллоидті бөлшектердің сыртқы энергиясымен ерітіндіден иондарды сіңіре алатын қабілетін айтады. Топырақтың сіңіргіштігі әр мөлшері: топырақ неғұрлым балшықты, құмбалшықты және одан қарашіріндісі көп болса, сәл ғұрлым оның сіңіру қабілеті жоғары, ал қарашіріндісі аз құм топырақтың сіңіру қабілеті төмен болады. Топырақтың сіңіре алатын жалпы катиондар жиынтығы сіңіру сыйымы дейді. Оның мөлшерін кальций катионының милиэквивалентімен (мың рет кішірейтілген санмен) бейнелейді. Алмаспалы сіңірілген негіздері Са, Mg. Na. H. K және NH. Fe. AI. катиондары жатады. Құрамында сіңірілген металл катиондары (Na. Mg. Ca. Fe) бар топырақтарды негіздерге қанықбай, ал құрамында Н және АІ катиондары бар топырақтарды негіздерге  тапшы топырақтар дейді.

 

Сіңірілген катиондар топырақ қасиеттеріне тікелей әсер етеді. Кальций катионы қара топырақтарда жақсы су, ауа және қорек режимі қалыптастырады, берік түйіртпектілік, бейтарап  орта жасайды. Сіңіру кешенінде Н катионы басым күлгін топырақтар түйіртпексіз болады, оларға нашар су, ауа және қорек режимі (құбылым) мен қышқыл орта реакциясы болады. Ал сіңірілген натрий катионы басым (сортаң, кебір), топырақтың су, ауа және қорек режимі өте шашар, олар түйірпексіз болады, сондықтан су тисе соңғысы батпаққа айналады, кепсе тас балып қатады да, өндеуге жарамайды, топырақ ерітіндісінің ортасы өте сілтілі болады.

 

Топырақтың физика- химиялық немесе алмаспалы сіңіру қабілетінің зор маңызы бар. Сол арқылы топырақтарда өсімдіктердің қоректік заттарды (элемменттер) берік ұсталады. екіншіден, минералдық тыңайтқыштарды қолдану топырақтың алмаспалы қабілетіне негізделген. К. Гедройц топырақтың алмаспалы сіңіру (физика- химиялық) қабілетінен басқа механикалық, физикалық, химиялық жәнебиологиялық сіңіру қабілеттерін.

 

Механикалық сіңіру. қабілеті деп, топырақтың басқа қуыс денелер сияқты, өзінен өткен лай, құм, тағы басқа қатты заттарды өткізбей ұстап қалатындығын айтады. Бұл қабілеті топырақтың механикалық құрамына, түйіртпектілігіне байланысты. Балшық құмбалшық, түйіртпектілігін механикалық сіңіру қабілеті, құм, құмайт топырақтарға қарағанда, жоғары болады.

 

Физикалық сіңіру. қабілет немесе молекулалық адсорбция деп, топырақ бөлшектерінің сыртқы молекулалы күшпен газды және ерітінді заттарды сіңіріп, ұстап қалу қабілетін айтады. Мысалы, молекулалы су буларының жарғақты сулардың, ерітінді бояу және иісті заттардың сіңірілуі.

 

Химиялық сіңіру. топыраққа енген тұздар мен оның ерітіндісіндегі тұздардың өзара химиялық алмаспалы реакция түсіп, топырақта тұрақты ерімейтін қосындылар түзуінде. Химиялық сіңіру нәтижесінде топырақта түрлі қоспалар шоғырланады және олар сумен шайылмайды. Сондықтан топырақта өсімдіктер қорегіне керекті заттар катиондар мен аниондар сіңіріліп ұсталады.

 

Ұсталған тұздар топырақ ерітіндісінің ортасы өзгеруіне қарай қайтадан жылжымалы түріне айналады да, олар өсімдіктер қажетіне жаратады. Тез еритін заттар топырақтағы басқа қосындылармен реакцияға түсіп, ерімейтін қосылыстар түзеді. Олар химиялық жолмен сіңірілтін қосындыларға жатады.

 

Химиялық жолмен сіңірімейтін қосындыларға азот тұздары жатады. Олар топырақтағы барлық катиондармен әрекеттесіп, суға тез еритін жылжымалы тұздар құрайды да топырақтан шайылып кетуі мүмкін.

 

Биологиялық сіңіру. топырақта қоректік заттарды сіңіріп, шайылудан сақтап қалуда бұл сіңіру түрінін рөлі өте зор. Биологиялық, сіңіруі ғылыми тұрғыдан негіздеген- академик В. Вильямс. Бұл сіңіру топырақтардағы өсімдіктердің тамырлары мен кішіжандылардың тіршілігіне байланысты. Олар топырақтың жылжымалы қоректік заттарын сіңіріп, өз денелерін құрауға, ерімейтін, күрделі органикалық қосылыстардың құралуына жұмсайды. Мысалы, кішіжандылар денелеріндегі ақуыз құрамында бекіп қалады. Өсімдіктер азот тұздарын топырақтан алатын болса, бактериялар азотты ауадан тікелей ұстап, жұта алады. Оларды азот тұтушылар деп атайды. Өсімдіктер тек өздеріне қоректі элементтерге С, Н, О, К, Са. т.б. жатады. Өсімдіктер массасы құрағанда денелеріндегі қоректік заттар ыдырап, топыраққа қайтып оралады. ...