Курсовая работа: Сыртқы, ішкі аудит салыстыру сипаттамасы


Цена: 3 Скачать
Предмет:
Бухгалтерский учет
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
33

Жоспары

 

Кіріспе. 2

І - ТАРАУ. АУДИТ ТҮРЛЕРІНЕ СИПАТТАМА.. 4

1.1 Сыртқы аудит және оның ерекшелігі 4

1.2 Ішкі аудит және оның мақсаты.. 8

1.3 Ішкі және сыртқы аудиттің айырмашылықтары.. 16

І І – ТАРАУ АУДИТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ   18

2.1 Аудит ұғымы және оның даму кезеңдері 18

2.2 Аудиттің мәні, қажеттілігі және зерделеу аспектілері 22

ҚОРЫТЫНДЫ.. 26

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 29

 

 

І - ТАРАУ. АУДИТ ТҮРЛЕРІНЕ СИПАТТАМА

 

1.3 Ішкі және сыртқы аудиттің айырмашылықтары

 

 

...  Сыртқы аудит өз қызметінің барысында ішкі аудит тобы бар кәсіпорынға аудит қызметін көрсететін болса олар ішкі аудит жұмысына үлкен сеніммен қарайды да, өзінің тексеруі барысында ішкі аудит материалын қайта тексермейді. Сыртқы және ішю аудиттің объектісі, тексеру адістері бірдей болғанмен олардың мазмүны мен мақсат, міндеттерінде айырмашылық бар екені анық. Сол үшін арнайы кесте келтірілген.

 

Келтірілген кестеден ішкі аудиттің сыртқы аудиттен ерекшелігі, ол кәсіпорын құрынымына жататыңдығы, сонымен қатар кәсіпорын басшысының қол астында қызмет атқарады, тікелей басқаруында болады. Ішкі аудит кәсіпорынның бөлім-дерін тәуелсіз түрде тексереді, бірақ фирма, бірлестіктер тұрғысынан бақылауда болады. Сонда да болса ішкі аудиттің кәсіпорын үшін беделі, атқаратын рөлі өте жоғары. Себебі, олар оперативтік бақылау, тексеру жүргізуде көп қызмет көрсетеді.

 

Сондықтан да ішкі аудиттің ерекше атқаратын қызметі, ол күнделікгі кәсіпорынның негізгі құралының, материалдарының, тауарының, өндіріс барысьгның, дайын өнімнің бухгалтерлік есебін күнделікті бақылап отыруында. Қазіргі кезде ішкі аудит кәсіпорындағы күнделікті бухгалтерлік есеп жұмысын күнделікті бақылап, қадағалап тексеріп отыруы керек. Сондықтан да ішкі аудит тек қана күнделікті кәсіпорын шаруашылығына бақылау жасап қана коймай олар сол кәсіпорынның басқару, менеджемент мәселелерін зерттеп, кемшіліктерін көрсетіп, жұмысын жақсарту жолдарын көрсету мақсатымен кызмет көрсетеді.

 

        Ішкі және сыртқы аудит қызметінде  әдістері бірдей.Ерекшеліхтері аудит объектісі   мен мақсатына сәйкес әртүрлі болады. Тапсырушылар басшысымен   және   жұмыс жоспарымен    анықталады. Тапсырушыға,   кәсіпорын басшыларына. ...

 

 

 

І І – ТАРАУ АУДИТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ

 

2.1 Аудит ұғымы және оның даму кезеңдері

 

 

...  Осыған байланысты солтүстік америкалық аудиттің шығу тегі «ағылшындық» болып табылады және ХХ ғасырға дейін АҚШ-тың тәуелсіз аудиті ағылшындық үлгімен құрылып келді. Ол балансқа қатысты мәліметтерді егжей-тегжейлі зерттеуді ұйғарды. Роберт Х. Монттомери американдық аудиттің сол кезеңін «есепшоттық аудит» деп атаған, өйткені аудитордың жұмыс уақытының төрттен үш бөлігі есептеу және бухгалтерлік кітапты жасауға кетті. Аудит рәсімі (процедурасы) жылдам ұлғайған американдық бизнеске бейімделе бастағанда шектен тыс қаражатты талап ететін есептеу мен көшіруді тексеретін британдық стиль біртіндеп американдық «тестілік аудитке» өзгеріп, ауысады (трансформацияланады). Сонымен қатар аудиторлар тестілеу әдісінен басқа операцияларды тексеру мақсатында бизнес бойынша серіктестен фирманың қызметі туралы  мәлімет жинауды іс жүзіне асыруға кірісті. Инвесторлардың мүдделерін ескеру арқылы олар баланстың белсенділігі мен бәсеңдігін бағалауға, сондай-ақ пайда мен залал туралы есеп берулерде және есепшоттарда көрініс табатын шаруашылық операцияларының нәтижелеріне де көп назар аударатын болды.

 

  ХХ ғасырда бухгалтерлер мен аудиторлардың аса ірі трансұлттық ұйымдардың құрылуына әкеп соқтырған әлемдік экономика мен бизнестің ғаламдау (глобализация) тенденциясы біршама тереңдей түсті. Кәсіби аудиттің дамуы үшін Халықаралық есеп стандарттары бойынша Комитет (LASC – 1973ж. негізі қаланған), Жоғары бақылау органдарының халықаралық ұйымы (NHTOCAN – 1953 ж.), Халықаралық бухгалтерлер федерациясы (IFAC – 1977ж. құрылған), БҰҰ-да 1979 жылы құрылған Есеп пен есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша үкіметаралық сарапшылардың жұмысшы тобы (ISAR) сияқты халықаралық және аймақтық ұйымдар қызметіінң маңызы айрықша. Осы жаңашылдықтардың барлығы ендігі жерде аудиттің бухгалтерлік жазбалардың кеңселік нақтылығын тексерумен ғана шектелмей, салалары мен ауқымының біртіндеп кең өріс алуын көрсетеді. АҚШ және Ұлыбритания сияқты дамыған елдерде тәуелсіз аудиттің өзгеше жүйесі қалыптасқан. Оларды жетілдірудің қажеттілігі көптеген кридиторлар, инвесторлар және басқа да мүдделі пайдаланушылар тарапынан шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметі туралы сенімді қаржылық ақпаратқа сұраныстың өсуінен туындап отыр. ...

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1. Қазақстан Республикасының "Аудиторлық қызмет туралы". Заңы, 1998 ж., 20 қараша.

2. Адамс Р. Основы аудита: Под ред. Я.В. Соколова. - М.: Аудит, ЮНИТИ, 1995. -398 с.

3. Аңдреев В.Д. Практический аудит. М: Экономика, 1994г. ...