Курсовая работа: Құқық нысаны М.К.Т.


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Құқық
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
25

Мазмұны

 

 

Кіріспе

 1. Құқықтың қайнар көздері

1.1 Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі, түрлері

1.2  Әдет және әдет құқығы

1.3    Заң прецеденті. Нормативтік келісім шарттар және заңды доктрина

2.  Нормативтік құқықтық актілердің жалпы сипаттамысы

2.1 Норамтивтік құқықтық актілер түсінігі

2.2. Нормативтік құқықтық актілердің түрлері

Қорытынды

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1. Құқықтың қайнар көздері

1.3 Заң прецеденті. Нормативтік келісім шарттар және заңды доктрина

 

 

...  Айта кететін жайт, «Шарт» термині азаматтық заңнамада әртүрлі мәнде қолданылады және оны келесідей көрсетуге болады: біріншіден, өзінен міндеттеме туындайтын заңдық факты; екіншіден, сол шарттық міндеттеменің өзі; үшіншіден, шарттық міндеттемені ресімдеген құжат.

 

Шарт — құқықтық қатынастың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтауына негіз болатын заңдық факт. Сондықтан да, шарт азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді туындататын негіздердің бірі болып саналады.

 

Азаматтық кодекстің 148-бабының 1-тармағына сәйкес мәмілелер бір жақты және екі немесе көп жақты (шарттар) болуы мүмкін. Сол себепті, шарт мәміле болып табылады және шартқа екі және көп жақты мәмілелер туралы, атап айтқанда, мәміленің нысаны және оны тіркеу туралы, мәмілені заңсыз деп тану туралы және тағы басқа ережелер қолданылады. «Бір жақты және көп жақты мәмілелер» ұғымын «бір жақты және өзара шарттар» ұғымынан ажырату керек. Бір жақты мәміле шартқа жатпайды, себебі мәмілені жасау үшін тараптардың келісімі керек емес, бір жақтың ерік білдіруі жеткілікті. Шарттың басқа мәмілелерден және басқа заңдық фактілерден айырмашылығы сол, шарт дегөніміз тараптардың келісімі. Сондықтан, Азаматтық кодекстің 148-бабының 3-тармағына сәйкес, шарт жасасу үшін екі таратың (екі жақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет [6, 90].

 

Шарттардың басым көпшілігі екі жақты мәміле болып табылады, себебі шарттан, әдетте, міндеттемелік құқық қатынастары туындайды, ал міндеттеме үшін мүдделері қарама қарсы екі тарап болуы керек: біреуінде талап ету құқығы (несие беруші), екіншісінде — сол құқыққа икемделген міндет (борышкер) болады.

 

Көп жақты шарттарға, әдетте, шарт туралы жалпы ережені қолдануға болады. Дегенмен, көп жақты шарттардың жоғарыда айтылған ерекшеліктеріне байланысты кейбір нормаларды қолдануға болмайды. Атап айтқанда, жария шарт туралы, үшінші жақтың пайдасына шарт туралы ережелерді көп жақты шартқа қолдануға бола қояр ма екен, шарт жасасу туралы нормаларды қолдануда да қандай да бір ерекшелік болуға тиіс.

 

«Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкін» деген ережені Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне кіргізу елеулі жаңалық болып табылады. Айта кететін жайт, бұл ереже бұрынғы заңнамада болмаған. Ол Тәуелсіз Мемелекеттер Достастығына мүше басқа елдердің Азаматтық кодекстерінде жоқ.

 

Азаматтық-құқықтық шарт, әдетте, міндеттемелік құқық қатынастарымен байланыстырады [7, 362]. Көбіне солай да. Бірақ, міндеттемелік құқық қатынастарының ауқымына зорға сиатын құқықтық қатынастар да бар. Мысалы, бірлескен қызмет туралы шарттан ортақ меншік объектісін бірлесіп иелену және  пайдалану жөнінде оның қатысушылары арасында қатынастар туындайды, ал олар міндеттемелік емес заттық салыстырмалы құқық қатынастары болып табылады (ортақ меншіктің қатысушылары мен барлық басқа адамдар арасында болатын заттық абсолюттікке қарағанда). ...

 

 

 

. Нормативтік құқықтық актілердің жалпы сипаттамасы

2.2. Нормативтік құқықтық актілердің түрлері

 

... Ең жоғары күш Қазақстан Республикасының Конституциясында бар, оны осы белгі бойынша Негізгі Заң деп атайды. Жай заңдарда, заңға тәуелді актілерде басқа заңдық күш те, Үкімет қаулыларында басқа және т.с.с. Бірақ бұл нормативтік құқықтық актілер толығымен немесе ішінара азды-көпті «міндетті» немесе азды-көпті «ықпалды» екендігін білдірмейді. Жоқ, бұл тек қана нормативтік құқықтық актлер жүйесін құрғанда, актілер иерархиясында «заңға тәуелділік», «сәйкестік» қағидаларын сақтау талабы ғана.

 

Нормативтік құқықтық актіні жай ғана құқықтық акт ретінде белгілеуге боламайтынын атап өту қажет. Мұнда тек қана заңдық тәжірбиеге өте маңызды астарлы айырмашылық бар. Бұл айырмашылық төмендегі мысалдан түсінікті. Құрамында құқықтық нормалары да (тәртіп ережелері)  бар,  сондай-ақ, мысалы егер ол оларды бұзғанда осы ережелердің нақты адресатына жауаптылық шараларын қолдану туралы нұсқауы да бар акт құқықтық болып табылады. Мысалы, мекеме жетекшісінің осы мекемеде белгіленген ішкі еңбек тәртібін бұзушыға (жұмысқа кешіккені, жұмысқа келмегені, еңбек тәртібінің басқа бұзушылықтары үшін) тәртіптік жазаны қолдану туралы бұйрығы құқықтық акт болып табылады [13, 192]. Бұл бұйрық құқықтық болып табылады, бірақ онда құқық нормалары болмайды. Бұл құқық құраушы ретінде емес, құқық қолданушы акт ретінде белгіленетін құқықтық актінің екінші түрі. Бұл құқықтық акт, бірақ нормативтік құқықтық акт емес. 

 

Құқық қайнар көзі ретінде нормативтік құқықтық акт ұғымы көптүрлі және сансыз – қоғамдағы әлеуметтік байланыстарды реттейтін, барлық көптеген, көптүрлі құқықтық нормаларды қамтиды. Құқық теоретиктеріне нормативтік құқықтық актілерді топтау үшін, бұл топтаудың нақты белгілерін табу үшін,  оны ғылыми және ең бастысы тәжірбиелік қолдануға ыңғайлы болу үшін көп еңбек етуге тура келді.

 

Сөйтіп: нормативтік құқықтық акт – құқық нормаларын белгілейтін, өзгертетін нмесе күшін жоятын мемлекеттік органдардың билікті нұсқауы. Ол Қазақстан Республикасында және еуропалық елдерде құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Нормативтік құқықтық актілер олардың заңдық күшіне негізделген қатаң жүйені құрайды.

 

Олар бойынша тікелей немесе олардың қосылуынан нормативтік құқықтық актілердің түрлерге бөлінетін ең басты, маңызды белгілерді анықтауға болады. Бұл келесі белгілер: нормативтік құқықтық актінің мазмұны, оны қабылдау процедурасы, актіні қабылдайтын орган, оның күші таралатын тұлғалар шеңбері,  актінің қолданылуымен қамтылатын кеңістік және уақыт, заңдық маңызы тоқтатылуы, ішкі құрылым, ұйымдастырушылық кезеңдер және басқа бірқатар белгілер.

 

Мазмұны, органы және қабылдау процедурасы бойынша ең біріншіден нормативтік құқықтық актінің заң сияқты түрі айқындалады.  ...

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 1. Казақстан Республикасының Констиутциясы. Алматы, 1998ж.

 

2. Жоламанов Қ.Ж. Мемлекет және құқық теориясы. –  Алматы: Білім, 2008. – 360 б.

 

3 Жоламанов Қ.Ж., Мухтарова А.Қ., Тәуекелев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. –  Алматы: бас. Қаз МЗУ, 2009. – 370 б.

 

4 Лазарев Н.Н. Общая теория государства и права. – М. : Юристь, 1999. – 560 с. ...