Мәнжазба / Реферат: Индустриялдық-инновациялық бағдарлама


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Экономика
Тип работы:
Мәнжазба / Реферат
Количество страниц:
16

Жоспар

 

 

1 Алматы қаласының болашағы.. 3

2 Ғылыми-техникалық және инновациялық саясат. 8

3 Телекоммуникацияларды дамыту. 11

4 Қалдықтарды игеру. 11

5 Көлiктi дамыту. 12

6 Темiр жол көлiгi 14

7 Әуе көлiгi 15

8 Су көлiгiнде. 15

Қорытыңды.. 16

 

 

2 ­Ғылыми-техникалық және инновациялық саясат

 

... Зияткерлiк меншiктi пайдалану мен құқықтарын қорғау инновациялық қызметтi дамытудың маңызды факторы болып табылады. Құқықтық қатынас субъектiлерiнiң құқықтары мен мүдделерiнiң теңдестiру есебiнен зияткерлiк меншiктiң тиiмдi шаруашылық айналымы зияткерлiк меншiк жемiсiне сұраныс пен ұсыныс бiрлiгiн, ғылыми-техникалық зерттеулердi дамытуды, оларды өнеркәсiпте iске асыруды, бәсекеге қабiлеттi жаңа тауарлар мен қызмет көрсету өндiрiсi мен тұтынуды қамтамасыз ете алады.

 

Инновациялық дамудың базалық моделi негiзiнде iшкi (ө cipу) және сыртқы (трансферт) инновация көздерiнiң арасындағы қатынас жатыр. Инновацияларды өсiру стратегиясы iргелi және қолданбалы жеке зерттеулерге негiзделген өзiндiк технологияларын белсендi жетiлдiретiн алдыңғы қатардағы елдерге (АҚШ, ГФР, Англия, Жапония) тән. Технологиялардың трансфертi стратегиясы iргелi және қолданбалы жеке әзiрлемелерi жоқ және бұл мақсаттарға арналған ресурстары шектеулi елдерде де iске асырылады.

 

Сонымен, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары:

 

мемлекеттiң қатысуымен маманданған венчурлiк қорлар құру және венчурлiк капиталды ғылыми-техникалық және инновациялық салаға тарту;

 

инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау нысандары мен әдiстерiн әзiрлеу;

 

инновациялық қызметтiң мемлекеттiк, салааралық, салалық және өңiрлiк сипаттағы маманданған субъектiлерiн құру енетiн инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;

 

инновациялық сала үшiн кадрлар даярлау және қайта даярлау;

 

өнеркәсiптiң базалық салаларында жаңа технологиялық құрылым қалыптacтыру;

      технологиялардың өркениеттi рыногы үшiн жағдайлар жасау, яғни авторлық құқықты, патенттер мен сауда белгiлерiн қорғау саласындағы барлық халықаралық конвенцияларды тану арқылы шетел технологиясының трансфертiн ынталандыру;

 

отандық кәсiпорындардың үздiк әлемдiк тәжiрибеге сәйкес сапа стандарттарына өтуiн жандандыру;

 

халықаралық донор ұйымдардың, мүдделi қаржы-кредит және шаруашылық құрылымдарының гранттарын тарту болып табылу тиiс. ...

 

 

 

7 Әуе көлiгi

 

 

 

      Республиканың әуе кеңiстiгi арқылы бағыттардың трансазия жүйесi әуе трассаларының желiсi өтедi. Республика арқылы өтетiн транзиттiк ағындардың негiзгi бағыттары Еуропадан Оңтүстiк-Шығыс Азия елдерiне өтетiн ағын болып табылады. Қазақстанның әуе кеңiстiгiн пайдалануға деген сұраныс әуе қозғалысы басқарудың техникалық құралдарын, навигацияны және байланысты жетiлдiрудi қажет етедi.

 

 

8 Су көлiгiнде.

 

 

 

 Ақтау порты маңызды құрылымдық элемент болып табылады. Ол қазiргi заманғы жаңартылған мынадай инфрақұрылымға ие: темiр жолдар, авто жолдар, жер асты коммуникациялары, айлақтық және мобильдiк крандар және басқалары. Басқа жобаларды iске асыру кешенiнде Ақтау портын дамыту, оның iшiнде арнайы экономикалық аймақ - Қазақстан арқылы өтетiн транзиттi дамытудың перспективалы бағыттарының бiрi. ЖҮк ағыны өсуiнiң арқасында портты табысты дамыту, инвестициялар тартуда ынталандыру қызметiн атқарады. Теңiзде тасымалдауды дамыту үшiн "Қазтеңiзтрансфлот" теңiз кеме жолы ұлттық компаниясы (ҰТЖК) құрылды, сол арқылы Қазақстанда өзiнiң теңiз сауда флотын құрудың негізі қаланады.  ...