Мәнжазба / Реферат: Байқоңыр және байқоңыр ғарыш алаңы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Экология
Тип работы:
Мәнжазба / Реферат
Количество страниц:
14

Жоспар

 

 

 

Кіріспе. 3

1 Байқоңыр және  Байқоңыр  ғарыш алаңы.. 4

2 Байқоңырдың экологиялық мәселелері 7

Қорытынды.. 13

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 15

 

 

1 Байқоңыр және  Байқоңыр  ғарыш алаңы

 

 

...  Ұлы  конструктор  (зымыран  жасау  жөніндегі  әлемге  әйгілі  С.П  Королевтің)  басшылығымен  алғаш  рет  космос  кеңістігіне  ұшып  шыққан  ұшқыш- космонавт  Ю.А  Гагарин  1961  жылы  көкек  айының  12  күні   “ Восток”  атты  космос  кораблімен  жер  шарын  87  минут  ішінде  айналып  шықты.  Оның  биіктікке  көтерілген  мөлшері  270  шақырым  еді.  Бұл  геостанционарлық  орбита  болатын.  Планетааралық  зымырандарды  ұшыру  тек  қана  Байқоңыр  космодромында  сынақтан  өткізіледі.  Оның  алдында  1957  жыл  тамыздың  21  күні  космос  кеңістігіне  алғаш  рет  жер  серігі  ұшырылған  болатын.  Ол  ұзақ  уақыт  геостанционарлық   орбитада  ұшып  жүрді  де,  кейіннен  ұшу  үрдісін  тоқтатқан  соң,  әуеде  жанып  кетті.

 

Байқоңырда  одан  кейін  де  ғарыш  кеңістігін  игеруде  көптеген  жаңашыл  бастамалардың   старттық  орнына  айналды.  Байқоңырдан  Күннің,  Айдың,  Шолпанның  алғашқы  жасанды  серіктері, “Восток”,  “Восход”, “ Союз”,  “Прогресс”  ғарыш  кемелері, “ Салют”, “ Мир”   орбиталық   станциялары,  сондай-ақ ,  зерттеу-барлау  жұмысын  жүргізуге   арналған  “Космос”,  ғылыми-тәжірибелік   жұмыстар  жүргізуге  арналған  “Протон”,  “Зонд”,  “Прогноз”   байланыс  мақсаты  үшін  пайдаланылатын  және  метеорологиялық   бақылаулар  жүргізуге  арналған   “Молния”,  “Экран”, “ Горизонд”,  “Радуга”,  “Метеор”  тағы  басқа  жердің  жасанды  серіктері   ұшырылды.  Айды,  марсты  және  Шолпанды  зерттеуге  арналған  ғарыш  аппараттары  бар  РТ-лар  да  Байқоңырдан  аттандырылды.  1991  жылы  2  қазанда  тұңғыш  қазақ  ғарышкері  Т. Әубәкіров  “Союз  Т-13”  ғарыш  кемесімен   Байқоңырдан  ғарышқа  көтерілді.  Ресеймен  бірлескен  бағдарлама  бойынша  қазақ  ғарышкері  Т.А  Мұсабаев  ғарышта  2  рет  (1994,1998)  болды.  Байқоңыр  ғарыш  алаңын  салуға  әр  жылдары  түрлі  мамандықтағы  көптеген  қазақстандықтар  қатысты.  Олардың  арасында  Байқоңыр  ғарыш  алаңының  қызметкерлері  Қ.Тоқмұхамедов,  Б. Межіғұлов,  Т. Уәшев,  К. Әбілғазин,  полк. Ә. Исмаилов,  М. Құлымгереев,  Қ. Нұрмағамбетов,  С. Мұхаметқалиев,  Б. Ешімов,  Қ. Нұрмұқанов,  Р. Құлмырзаев,  М. Мұқанов  тағы  басқа  болды.  Қазақстан  азаматы,  ұшқыш-сынақшы,  майор  М.З Рафиков  алғашқы  ғарышкерлер  тобында  Ю.А Гагаринмен  бірге  дайындықтан  өтті. ...

 

 

 

2 Байқоңырдың экологиялық мәселелері

 

 

...  Олардың ішінде металл сынықтары, темірбетон қалдықтары болған. Бұл қалдықтарды пайдаланып құрылыс жұмыстарын жүргізуге болатыны анықталып отыр. Байқоңыр космодромының  экологиясын қатаң бақылауға алған мекемелердің бірі - Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстары мен табиғат қорғау  министрлігі.1996 жылдан бастап зымырандардың улы қалдықтары азайып, тек азғантай жерлерге түсетін болды. Айналаны қоршаған ортаға ұзақ мерзім әсер етпей, тез арада ыдырап кететіні байқалады, медициналық белгілерден аспайтыны белгілі болды.

 

Қаншама жуып-шайғанымен апаттың аты апат ғой. Зымыран-таситын зымырандар апатқа ұшырағанда, айналаны қоршаған ортаға үлкен зиян келтіретіні айтпаса да түсінікті. Өзімізге белгілі ғарыш кемелерінің негізгі отыны болып табылатын гептил (химиялық атауы- нитрозодиметиламин) – айрықша сасық иісті түссіз сұйық . Ол ауадағы оттегімен жылдам  реакцияға түседі де, суда шексіз еритін тотықтардың түр-түрі пайда болады. Айналаға тез тарайды, жер бетінде де, топыраққа сіңгенде де өз қасиеттерін жоймай ұзақ сақталады. Тірі организмдерге, өсімдіктерге жедел сіңіп кететін болғандықтан, қоршаған ортаға аса зиянды. Қауіптілігі жағынан бірінші дәрежелі улы заттардың қатарына жатады. Адам ағзасына ас жолы, тыныс мүшелері арқылы жылдам тарайды, денеге тиіп кетсе, тері арқылы да тез сіңеді. Сондықтан адамға қатері орасан. Ойламаған жерден есіріп кету, тыныс тарылу, бұлшық еттердің тартылуы, орталық жүйке жүйесіндегі және қан қысымындағы ауытқулар, бауыр мен бүйректің бұзылуы сияқты аурулар гептилмен уланудың клиникалық белгілері болып табылады. Сол сияқты гептил ұрықты жатырда жатқанда-ақ ауруға шалдықтырады, адамдардың ұрпақ әкелу қабілетін төмендетеді, қатерлі ісіктердің пайда болуына және жедел өсуіне әсерін тигізеді.

 

1999 жылы шілденің 5 күні болған РН Протон зымыран тасымалдаушының апатынан кейін Қазақстан Республикасы мемлекеті мен Ресей Федерациясы арасында 1999 жыл қарашаның 18 күні келісім шарт жасалынып, оған қол қойылады. Ол келісім шартта  кейінгі уақытта Байқоңыр космодромын қалай пайдаланудың жолдары көрсетілген. Зымыран апатының салдарын бірлесе отырып жою мәселелері жазылған. ... 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1. Космонавтика.Энциклопедия, Москва 1985 ;  В.А.Алексеев, А.А. Еременко, А.В.Ткачев.

2. Космическое содружество, Москва 1988 ; В. Чундеров , М.Мұқанов.

3. Экология негіздері, Алматы 2004; Ж.. Ж..  Жатқанбаев. ...