Доклад/Баяндама: Құқық шығармашылығы


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Қылмысқа қатысушылық
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
11

1.   Құқық шығармашылығының түсінігі мен мазмұны....... 3

2. Нормативтік актілердің заңды күшінің уақыты, кеңістігі және адамдарды қамтуы.......  7

3. Қазақстан Республикасының құқық шығармашылық қызметі.......... 9

 

 

1.  Құқық шығармашылығының түсінігі мен мазмұны

 

 

Қоғамды басқаруда мемлекет пен құқық сан алуан нормативтік актілерді өмірге әкеліп, ескіргенін жаңартып, кемшіліктері болса толықтырып отырады. Бұл процесте заңға көп күрделі талаптар қойылады. Заң неғұрлым мазмұны жағынан өмір талаптарына сәйкес, халықтың ойы мен негізгі мүдделерін терең қамтыса, нысаны жағынан да әбден жетілсе соғұрлым ол тәуелсіз демократиялық мемлекет құру күресіне тиянақты үлесін молынан қосады, заңның беделі артады. Сол себепті заң жобасын жасауға оны жан-жақты талқылауға көпшілік халықтың, қоғам ұйымдарының белсене қатысуы біздің жалпы халықтық мемлекетімізде заңдылыққа айналды. Өте маңызды заң жобалары халықтың талқылауына түседі.

 

Заң қабылдайтын орган – Парламент көпшіліктің ұсыныстарына жіті көңіл бөледі, оның тұрақты комиссияларында мұқият тексеріліп, Парламентке арналған ұсыныстар алынады. Демократияның қағидалары осылайша заң қабылдау саласында іс жүзіне асады. Заң жобасы туралы пікір айтуда азаматтарға, олардың қоғамдық ұйымдарына шек қойылмайды. Мұндай ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдарда жан-жақты қаралады. Заң жобасын ұсынудың ерекше түрі бар, оны депутаттар тобы мен мемлекеттің үкіметі ғана жасай алады. Олардың ұсынған заң жобалары Парламенттің талқылауына түседі. Заңға тәуелді нормативтік актілерде осылай жанжақты талқылаудан өтіп барып қабылданады...

Норма шығармашылықтың кезеңдері:

1. Норманың жобасы туралы тиісті органға ұсыныс жасау. Ұсыныс жасайтын субъектілер әр мемлекеттің конституциясында көрсетіледі.

2. Тиісті ресми мемлекеттік орган қаулы қабылдап жоба жасауға тапсырма береді.

3. Жобаны талқылау. Оған мамандарды, заңгерлерді қатыстыру.

4. Жобаны парламентте талқылау (1–3 рет).

5. Нормативтік актіні қабылдау, бекіту.

6. Норманы жариялау....

 

 

2. Нормативтік актілердің заңды күшінің уақыты, кеңістігі және адамдарды қамтуы

 

 

Қоғамдағы сан қырлы қарым-қатынастарды реттеп басқаратын нормативтік актілерді заң жүйесі деп атайды. Бұл ресми заң күші бар құқықтық нормалардың қызметін үш түрге бөледі: нормативтік актілердің уақыты, нормативтік актілердің кеңістігі, нормативтік актілердің адамдарды қамтуы. Әр нормативтік актінің мазмұнында осы үш қызметтің қайсысы бар екенін білуге болады. Яғни норманың қанша уақытқа заңды күші болатын, қандай өлкелерге қолдануға болады, қандай мамандағы адамдарды қамтиды? Міне, осы сұрақтарға жауапты норманың өзі береді. Өйткені норманың өзінде іс-әрекеттің шеңбері, кеңістігі және қандай қызметтегі, мамандағы, жұмыстағы адамдарға тиісті шығарылды, толық көрсетіледі.

 

Нормативтік актілердің заңды күшінің басталуы мен аяқталуын, оның қоғамды толық қамти ма немесе бірнеше өлкелерге ғана қатысты ма және адамдардың қаншасын қамтуын халық жақсы білуі қажет. Оның маңызы өте зор. Сонымен, осы үш мәселеге жеке-жеке тоқталық:

 

Нормативтік актілердің заңды күшінің уақыты – бұл мәселені төрт топқа бөліп қарастырған жөн:

 

1) норманың заңды күшінің басталу уақыты;

 

2) аяқталу уақыты;

 

3) заңның кері күші;

 

4) жойылған норманың күші кейбір жағдайда сақталуы...

 

 

3. Қазақстан Республикасының құқық шығармашылық қызметі

 

 

Қазақстан Республикасының Конституциясында заң және заңға тәуелді актілерді шығарудың, қабылдаудың, бекітудің толық әдістемесі көрсетілген. Заң шығаруда ұсыныс құқығы – Парламент депутаттарында және Үкіметтің құзырында. Қазақстан Республикасының заң шығару процесінің ерекшеліктері бар. Бұл процесс әдетте заң шығару қызметінің сатылары және олардың бірізділігі арқылы дамып отырады. Бірінші. Заң шығару бастамасынан басталады. Заң шығару бастамашылығы құқығы субъекттісін Парламент қарауға міндетті. Заң жобасын және Парламенттің өзге актісінің жобасын ресми енгізуі заң шығару бастамашылығы болып табылады. Бұл құқық Парламенттің депутаттарына және Үкіметке Конституция бойынша берілген (61-бап.) Екінші. Мәжілістің комитеттері заң жобасын қабылдап қарайды, олар алдын-ала заң жобасын әзірлейді. Бұдан кейін заң жобасын Мәжіліс бюросының қарауына тапсырады. Бюро заң жобасы жұмысының қорытындысын тұрақты комитетте қарап, оны Мәжілістің пленарлық отырысының қарауына беру туралы шешім қабылдайды. Үшінші. Заң жобасы Мәжілістің пленарлық отырысының қарауына беріледі. Мұнда заң жобасы бірінші рет, әдетте екі рет, кейде одан да көп пысықталады (заңның бірінші, екінші, үшінші оқуы).