Доклад/Баяндама: Мұнай мен газды өндіру техникасы мен технологиясы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Газ
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
17

Жоспар

 

 

 

1. Ұңғымаларды,   сағалық және ұңғыма ішілік жабдықтарды пайдаланудың ұсынылатын  тәсілдерін таңдау негіздемесі. Ұңғымаларды пайдалану  көрсеткіштерінің сипаттамасы   3

Болаттың  беріктік тобы.. 4

2. Ұңғымаларды пайдалану барысында туындайтын қиындықтардың алдын алу мен күресу бойынша шаралар. 7

3. Ұңғыма  өнімін  кәсіптік дайындау және жинау жүйесіне қойылатын талаптар мен  ұсыныстар. 9

4. ППД жүйесіне, сумен толтыруға арналған су сапасына қойылатын талаптар және ұсыныстар. 15

 

 

3. Ұңғыма  өнімін  кәсіптік дайындау және жинау жүйесіне қойылатын талаптар мен  ұсыныстар 

 

... ІІ Құрғату суы

 

ІУ. Тауар мұнайы

 

1. автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғысы; 2. бірінші саты  сепараторы; 3. сорғы; 4. екінші саты сепараторы; 5. эмульсияны жылыту пештері; 6. салмақаалмастыру  контакторы; 7. аралық сыйымдылық; 8. газды дайындау блогы; 9. тауар резервуары; 10. апатты  тастау  сыйымдылығы.

 

Негізгі технологиялық жабдық.

 

Мұнай дайындаудың  жобаланатын  сұлбасының  қуаты мен  мұнай ұңғымаларының  бастапқы өнімдерінің  физика-химиялық  сипаттамасы есебінен  мұнайды  дайындаудың технологиялық  қондырғысыны құрамына  келесі  негізгі технологиялық  жабдықтар  кіруі мүмкін:

 

-       мұнай ұңғымаларының  өнімін  есептеуді өлшеу қондырғысы – 1 д. (қолданыста бар);

 

-       газ сұйықтықты  сепаратор (қолданыста бар);

 

-       шикізат резервуарлары -  сұлбаның  өндірістік қуатынан шыға отырып (қолданыста бар);

 

-       шикі мұнайды  қыздыру пеші (қолданыста бар);

 

-       салмақалмастыру контакторы – 2 д. (1 д.- резерв) орнатылатын аппараттар саны  сұлбаның өнімділігі есебімен және бірлік модульмен таңдалады,  қайта орнатылатындар (1 д. Құны – 105 мың АҚШ дол.);

 

-       аралық тұндыру сыйымдылығы (қолданыста бар);

 

-        тауар паркі (қолданыста бар);

 

-       Құрғату суының резервуары (қолданыста бар);

 

Пайдаланылатын технологиялық жабдық типі, оның габарит мөлшері мен техникалық сипаттамалары  мұнай дайындау Қондырғыларын  жоспарлаудың техникалық тапсырмаларына сәйкес нақтыланады.

 

Қосымша технологиялық жабдық.

 

-       Электржабдық;

 

-       Технологиялық процессті  бақылау мен басқару  жүйесінің аспаптары мен жабдықтары;

 

-       Құбырлар мен арматура;

 

-       Металл құрылмалар;

 

-       Сорғы жабдықтары;

 

-       Деэмульгаторларды  дайындау мен мөлшерлеу жүйесінің жабдықтары;

 

-       өнімді тиеу  жүйесінің жабдықтары.

 

Мұнай газын кәдеге  жарату  оның максималды өндіруде 2003 жылы  10,6 млн м3, газды  жеке және өндірістік қажеттіліктерге шығындау, 2003 жылы 73,3 мың т.мұнайды өндіру, дайындау және тасымалдау үшін   жоспарланады.

 

Мұнайды  жинау, тасымалдау және  дайындау жүйесін пайдалануды  қиындататын негізгі факторлар  мұнайда қатты парафиндердің, күкірттің және  басқа компоненттердің  болуы, технологиялық жабдықтардың коррозиясы,  мұнай газы мен басқаларды кәдеге жарату  болып табылады.

 

Шаралар кешені:

 

- АСПО шөгінділерінің алдын алу үшін  және мұнайды жинау, тасымалдау және дайындау  жүйесіндегі  құбырлар коррозиясының жылдамдығын азайту  үшін.

 

- энергия шығынынсыз  өңдеудің пайдалы әсерін  елеулі арттыратын  мұнай тасымалданатын сорғы-компрессорлы құбырларда (СКҚ) және құбырларда  мұнайға  тұрақты магнит өрістерінің  әсері  бойынша  жаңа әдістерді  қолдану;

 

-  коррозия мен парафин-тұзшөгінділерінің ингибиторларын  қолдану;

 

- коррозияға қарсы лак-сыр және дәстүрлі емес  материалдарды қолдану;

 

- мұнай газын  кәдеге жарату үшін;

 

-  қат қуатын азайтуда ұңғыманы  газлифттік пайдалануды қолдану;

 

- суықты немесе жылуды алуға және  жоғары көмірсутектерді  айыру жолымен  табиғи газды тазартуға  арналған  «Құйынды құбыр» (ҚҚ)  технологиясын қолдану. Құйынды құбырлар  жеке де,  жылуалмастырушы-рекуператорлы және сепараторлы технологиялық жүйеде  де  қолданылады.

 

 

 

4. ППД жүйесіне, сумен толтыруға арналған су сапасына қойылатын талаптар және ұсыныстар 

 

 

 

... Суды тазарту  кезінде  бөлінген мұнай,  газдан айыруға  түседі және  құрғату сыйымдылығына   жіберіледі.

 

Тұндырғыштардан және құмұстағыштардан шлам  сорғымен  гидроциклонға  сорылады.  Құрамында құм бар   төгінді  гидроциклоннан   ұйық  алаңына жіберіледі, ал су – құрғату сыйымдылығына жіберіледі, ол жерден  сорғымен  тұндыру арқылы  тазалау үшін  сорылады.

 

Коррозиялық белсенділігін  азайту үшін  ағын су сорғы алдында  коррозия ингибиторымен  өңделеді.

 

Жабдықты  коррозияға қарсы  қорғау  бойынша ұсыныстар

 

Металлдың  коррозиялық  бұзылуының жылдамдығы  мұнайды өндіру барысында  сулануының күрт өзгеруімен байланысты.

 

Мұнай-су жүйесінде ингибиторларды  қолдану тиімділігі   мұнайды тұрақты өзгеріп отыратын  сулану  жағдайында   жоғары қорғау  әсерін қамтамасыз ету қажеттілігімен  байланысты.

 

 Қандайда бір  сулануға ие  мұнай эмульсиясы мен  бөлінетін қат суы  ингибирлеуге жатады.

 

Мұнайды жинау мен  дайындау жүйесін  коррозиядан  қорғау үшін  коррозия ингибиторларын  қолдану қажет.

 

Ингибиторларды беру   тұрақты мөлшерлеу жолымен  жүзеге асырылуы тиіс:

 

 

 

 

  1. айыру алдында  желіге  10-25 г/м3  мөлшерлемесімен ингибитор
  2.  алдын ала төгу  тұндырғышынан кейін ағын  су желісіне  15-20 г/м3  мөлшерлемесімен ингибитор.

 

Ингибиторды қорғалатын  жүйеге  тұрақты мөлшерлеу   БР-2,5, БР-10  мөлшерлеу қондырғыларын немесе  сыйымдылықты НД типіндегі  сорғыны қолданумен  жүзеге асырылады.

 

Суағарларды  коррозиядан  қорғау үшін  ингибитор  айына 1 рет  30% ерітінді түрінде КНС  мөлшерленеді.

 

Беру уақыты  мен мөлшерлеу   тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтармен анықталады.

 

Ұңғымалардың  жер асты жабдықтарын  коррозиядан қорғау  үшін  30% ерітінді түріндегі  ингибитор   тоқсанына 1 рет   ЦА-320 агрегатымен  ұңғымаларға  жоғары арынды   суағарлармен  бөлу тарақшасында  беріледі.   Бір реттік өңдеу үшін ингибитор санын  есептеу  айдалатын сұйықтықтың  көлеміне байланысты  жүргізіледі.  ...