Доклад/Баяндама: Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеу


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Қылмысқа қатысушылық
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
8

Қоғамдағы құқықтың ең күрделі негізін құрайтын нормативті-құқықтық актілер. Бұл жүйеге қоғамдағы қатынастарды реттеп-басқарып отыратын нормативтік актілердің басым көпшілігі кіреді. Құқықтың басқа негіздері (әдет-ғұрып, мораль, діни т.б. нормалар) жалпы мемлекеттік қатынастарды реттеп, басқара алмайды, тек нормативтік актілерге қосымша күш ретінде жұмыс атқарады.

 

Нормативтік актілер қоғамның, жеке адамдардың мүдде-мақсатын іске асыратын экономикалық, саяси, әлеуметтік; Ұлттық, халықаралық қатынастарды реттеп, басқарады.

 

Дүние жүзінің заң ғылымы құқықтың негіздерін құқықтық нормалардың мазмұнымен тығыз байланыста реттеп, дамытады. Адам қоғамының тарихи диалектикалық процесінде нормативтік актілер бірте-бірте, эволюциялық жолмен құқықтың ең күрделі, ең шешуші негізіне айналады. Көне дәуірде нормативтік актілер тек мемлекеттік қатынастарды реттеп, басқарып отырды. Қоғамның басқа салаларындағы қатынастарды әлеуметтік реттеп-басқарып отырды. Кейін нормативтік актілер сол салалардағы қатынастарды бірте-бірте өзі реттеп, басқаруға көшті. Қазіргі кезде әлемдегі барлық мемлекеттерде құқықтық нормалар қатынастарды реттеп, басқарудың басым түріне айналып отыр.

 

Өйткені қоғамда мемлекеттік билікті іске асыруда, демократияны дамытуда, құқықтық мемлекетті қалыптастыруда нормативтік актілер ең  шешуші рөл атқарады.

 

Нормативтік-құқықтық актілердің мазмұнының сипаттамасы:

 

1) Бұл актілерді мемлекеттің билік өкілеттігі бар органдары қабылдайды. Қабылдаудың заңды тәртібі болады. Оны орындау міндетті.

 

2) Бұл процесте мемлекеттің егемендігі іске асып отырады. Оның маңыздылығын қабылданған нормативтік актілерден көруге болады.

 

3) Нормативтік актілердің мазмұны құқықтық нормалармен сәйкес, дәлме-дәл болуға тиісті. Өйткені мемлекеттік органдар “акті” – деген атпен әртүрлі мағынада құжаттар шығарып жатады.

 

4) Нормативтік актілер заңды бөлу үшін міндетті түрде тиісті нысанында шығарылады. Онда барлық реквизиттері көрсетілуі қажет...

 

Сот төрелігінің қағидалары:

 

– адамдардың кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол қылмыскер емес деп есептеледі;

 

– бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;

 

– айыпталушы өзінің кінәздігін дәлелдеуге міндетті емес;

 

– адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыптаушының пайдасына қарастырылады.

 

– заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды.

 

– қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді (конституцияның 77–бабы).