Мәнжазба / Реферат: Өнімді жүзеге асырғаннан кеткен шығынға факторлық талдау жасау


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Финансы, Қаржы
Тип работы:
Мәнжазба / Реферат
Количество страниц:
17

Жоспар

 

               

 

І Кіріспе. 3

ІІ Негізгі бөлімі 5

1 Өнімнің өзіндік құнына жатпайтын және кезеңдегі  шығыстарды мойындайтын шығыстар. 5

2 Кәсіпорынның шығын түрлері 7

3 Экономикалық элементтері бойынша шығындар топтастыру. 11

(өндіріске жұмсалған шығындардың сметасы) 11

4 Калькуляциялық баптар бойынша шығындарды топтастыру. 12

5 Өнімнің өзіндік құнын анықтау,  оның түрлері мен құрылымы.. 14

ІІІ Қорытынды.. 17

Қолданылған әдебиеттер. 18

 

 

ІІ Негізгі бөлімі

 

 

 

3 Экономикалық элементтері бойынша шығындар топтастыру

 

(өндіріске жұмсалған шығындардың сметасы)

 

 

... Шығындарды экономикалық элементтері бойынша топтастыру, өнім өндіруге және өткізуге арналған шығындар сметасында көрсетіледі. Онда шығындар – экономикалық мағынасының бірлігі бойынша жинақталады. Мысалы, «Негізгі және қосымша жұмысақы» элементінде қайсысы болсын, санатқа жататын қызметкерлерге байланыссыз кәсіпорынның толық еңбекақы қоры көрсетіледі. Бұл мәселе тау–кен өнеркәсібіне өте маңызды, өнімнің өзіндік құнында еңбек шығындарының үлесі 50%–дан асады. Осы элемент бойынша тау–кен кәсіпорында өндірістегі жұмысшылар, қызметшілер мен инженерлердің жалпы табыстарын білуге болады. «Энергия» элементі – кәсіпорын, өндіріс және шаруашылыққа қажетті энергияның барлық түрлерін есепке алады.

 

Өндіріске жұмсалған кешенді шығындарды сметаға қосу үшін оларды жай элементтерге бөліп, тиісті топтарға қосады. Тауар өнімін шығаруға қатысты жоқ жұмыстармен байланысты шығындар да (басқа жаққа көрсеткен әр түрлі қызметтер, күрделі құрылыс жұмыстары немесе күрделі жөндеу, т.б.) өндіріске жұмсалған шығындар сметасында есепке алынады, бірақ тауар өнімнің өзіндік құнын есептегенде, оларды шыарып тастау керек.

 

Сметада басқа жақтан жеткізілген ресурстарға төленген шығындар көрсетіледі. Егер кәсіпорынның өзі ресурстың бір түрін өндіретін болса, мысалы сығылған ауаны, буды, энергияны, онда оларды шығаруға жұмсалған шығындар сметада тиісті элементтерге бөлініп қосылады.

 

Смета негізінде кәсіпорынның өндірістік–қаржы жоспар бөлімдерінің үйлесуі жүзеге асырылады: материалдық–техникалық жабдықтау, еңбек жоспары мен айналым қаражаттарға қажеттіліктер анықталады. Смета бойынша жалпы өнімнің өзіндік құны, аяқталмаған өндіріс қалдықтарының өзгеруі есептелінеді.

 

Шығындар сметасы мына элементтерден тұрады:

 

1)  шикізат, негізгі материалдар, сатып алынған жартылай дайын

 

(шала) өнімдер, жиынтықтаушы бұйымдар (қайтарылатын қалдықтарды шегергенде);

2)  қосалқы материалдар;

3)  сырттан алынған отын;

4)  сырттан алынған энергия;

5)  негізгі және қосымша жұмысақы;

6)  әлеуметтік сақтандыруға төлемдер;

7)  негізгі қорлардың амортизациясы;

8)  басқа да ақшалай шығындар.        

 

Шығындар сметасы бойынша, шығындардың нақты бағыты мен пайдалану орнын анықтауға болмайды. Осы мәселелерді калькуляция – баптар бойынша шығындарды жіктеу арқылы шешеді. ...

 

 

 

5 Өнімнің өзіндік құнын анықтау,  оның түрлері мен құрылымы

 

 

...  Сметалық калькуляция – жаңа өнімге жасалады. Нақты калькуляция, өнімді өндіруге және өткізуге пайдаланған нақты сомасын бейнелейді.

 

Тікелей шығындардың белгіленген нормалары мен жоспарлы кешенді баптар негізінде дайындаған өзіндік құнының есебін – нормалар әдісі немесе тікелей есеп әдісі дейді. Осы әдіс көп еңбекті қажетсінетіндігіне қарамастан, кәсіпорындарда өнімнің өзіндік құнын жоспарлау әдісінің негізгісі болып саналады.

 

Калькуляцияның таңдамалы әдісі – техника–экономикалық факторлар бойынша шығындарды есептеп, өнімнің ақша бірлігіне шаққан шығындардың деңгейін анықтайды.

 

Болашақ бизнес–жоспарларды әзірлегенде, өнімнің өзіндік құнының калькуляциясының параметрлік әдіспен де жасалу мүмкін. Осы әдіс – өнімнің өзіндік құны серпіні мен оның базалық сапалық сипаттарының өзгеруі арасындағы байланысты белгілейді.

 

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын жоспарлы кезеңдерді, шығындар мен өзіндік құнды жоспарлау әдістері мен түрлерін дербес таңдайды. Соңғы кезде кәсіпорындар өзіндік құнды анықтаудың екі нұсқасын пайдаланады: бірі – бухгалтерлік есеп мақсаттары үшін, екіншісі – салық салумақсаттары үшін.

 

Өнімнің жекелеген түрлерін өндіру мен өткізуге жұмсалған шығынды топтастыру мен есептеу тәсілдерінің басқалары: бөлшектік, бөлшектік–операциялық, тапсырыстық, өңдемелік әдістер, жиірек қолданылады.

 

Тау–кен кәсіпорындарында өндіріс шығындарын қалыптастыру орны, шығындарды есептеу толықтығы және олардың міндетіне байланысты өнімнің өзіндік құнының мына түрлеріне ажыратылады: учаскелік немесе цехтық, өндірістік (жалпы шахталық, каръерлік, кеніштік) және толық өзіндік құны.

 

Пайдалы қазбаның цехтық, учаскелік құны цехта немесе телімде кен өндіруге жұмсалған шығындардың мөлшерін анықтайды. Өнімнің өндірістік өзіндік құны, кәсіпорында шығарылатын өнімге жұмсалған барлық шығындарды қамтиды. Осы шығындардың мөлшері, кеніштің барлық цехтары мен телімдердің шығындарын, жалпы өндірістік, әкімшілік–басқару шығындарын есепке алады.

 

Түсті металургияның тау–кен кәсіпорындарында калькуляциялық баптары бойынша өнімнің өзіндік құны былай топтастырылады: ...

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

1. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Э. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы. Алматы: Экономика 2003.

2. А.Қ. Ерали, М.Ғ. Қабылбеков. Кәсіпорын экономикасы: Оқулық – Алматы: ҚазҰТУ, 2004. ...