Мәнжазба / Реферат: Оқушылардын оқу мотивациялық


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Педагогика
Тип работы:
Мәнжазба / Реферат
Количество страниц:
12

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ. 2

1.   Оқушы балалардың  мінез-құлықы мен танымдық ерекшеліктерінің қалыптасуы. 4

2. Оқушылардың оқу мативациясын оқу барысында қалыптасуының ерекшелігі. 7

ҚОРЫТЫНДЫ.. 11

Пайдаланған әдебиеттер. 12

 

 

1.     Оқушы балалардың  мінез-құлықы мен танымдық ерекшеліктерінің қалыптасуы.

 

 

... Жалпы алты-жеті жастағы балаларға  еске сақтау процесінде өз-өзін қадағалау тән болып келеді. Осы жастағы балалардың көбі көру арқылы  қадағалау процесін жеткілікті  дәрежеде  жүзеге асырады. Өз-өзін  қадағалау – оқу процесінің  құрамдас  бөлігі болып табылады. Сондықтан да педагог мнемикалық  әрекет  процесінің  осы қабілетті дамыту арқылы баланың  есін ғана дамытып қоймай , сонымен қатар оның мінез-құлқының ырықты болуын қалыптастырады.

 

Оқушылардың ойлауы және сөйлеуі.Баланың ойлауы оның білімдерімен байланысты болады. Мектепке дейінгі  балада  білімдердің  қалыптасуы жайлы Н.И.Поддьковпен қызықты мәліметтер анықтаған. Бұнда бір-біріне  қарама- қайшы келетін екі  тенденция анықталған.

 

Біріншісі- ойлау әрекеті  процесінде  баланың қоршаған орта жайлы білімдері  нығая түседі. Осы тұрақты  білімдер баланың  танымдық аймағының ядросын құрады. [7.89]

 

Екіншісі -  ойлау әрекеті процесінде болжам ретінде  болатын анық емес  білімдер  де  қалыптасады. Осы дамып келе жатқан білімдер де қалыптасады. Осы тенденциялардың әректтесуі нәтижесінде анық емес білімдер азайып, анықталған білімдерге  айналады. Сондықтан да балада анықталған білімдер жүйесін ғана  қалыптастырумен шектелмей, анық емес білімдер  жүйесін нығайтып отыру керек.

 

Тапсырмаларды шешкенде, заттар арасында байланыстарды қалыптастыру кезінде  алты-жеті жастағы балалар ересек адам қолданатын ойлау әрекеттерін қолданады. Олар : көру-әрекеттік , көру – образдық , сөйлеу –

 

логикалық  ойлау түрлері .

 

Заттық  әректтен байланысты және  онымен әрекет жасауға  бағыттылған, заттармен шынайы  әрекет  жасау кезінде  жүзеге  асатын көру- әрекетін  ойлау  балада  ерте  кезде   қалыптасатын алғашқы  ойлау түрі  болып табылады. Бірақ алты-жеті жастағы балалар  өзі  шешуге  тәжірибесі  жектелген  тапсырмада ғана ойлаудың  осы түрін қолданады. [9.86]

 

Бала тапсырманы  шешуде  заттардың өзін  емес олардың  образдарын  қолданатын жағдайда ол образдық  ойлау түрімен пайдаланады. Кіші мектеп жастағы балалардың образдық  ойлауның мазмұнын анық  образдармен шектеліп  қоймай көру- сызбамен  ойлаудың жоғарғы  дәрежесіне  ауысады. Бұл арқылы  заттарды бөлек  қасиеттердің  емес, олардың   арасындағы  байланыстар  анықталады. Бала үшін  көру- сызбаның ойлау  түрін меңгеру өте  маңызды  болып келеді.  Өйткені бұл оған затардың сыртқы  байланыстарын анықтауға көмектеседі.

 

Балада танымдық  қызығушылықтардың дамуына баламен тәрбиеші арасындағы жағамды  эмоцианалдық қарым-қатынас өз  үлесін  тигізеді. Өйткені бұл балада  өзін-өзі  бағалауын  жоғарлатуға, өзінің  қабілеттерін тануға  мүмкіндік береді. Ал бұл өз алдына қоршаған ортаға қызығушылықты арттырады. ...

 

 

2. Оқушылардың оқу мативациясын оқу барысында қалыптасуының ерекшелігі.

 

 

...  А.С.Макаренко тәрбие беруде қос жақты әрекет ету әдістемесін ұсынған және педагогтың оқушының мотивациясына әсер етудің екі жолын көрсеткен: тікелей және ұжым арқылы Макаренко тәрбиеленушіге әсер етудің көптеген стилін қолданған, мысалы: диалогтік, қатынастық, ұжымдық. Ұжым арқылы мотивацияны қалыптастыру үшін мұғалімге тәрбиеленушінің маңызды жақтарын анықтау өте маңызды. Референтті топ – оқушы өзінің істеген қылығын бағалау.

 

Егер оқушыға жанұясы референтті топ болып табылса, онда жанұясы арқылы әсер ету керек; егер спорттық команда болса, онда жаттықтырушы арқылы әсер ету керек; Егер оқушы кітап кейіпкерлеріне немесе кинофильмдерге еліктесе, онда оған пайдалы кітап оқуға, телебағдарламалар, фильмдер көруді ұсынуға болады. Өзінің дамуында ұжымдық дәрежеге жеткен референтті топқа кейде тәрбиеленушіге әсер ету үшін автократикалық стиль қажет болып жатады (уақыттың жетіспеушілігі т.б.) Мысалы, жолдан өту кезінде қауып қатерді айту, батып бара жатқан адамға көмек шақыру т.б. Барлық жағдайда мүмкін болса ұжыммен бірге мәселені шешіп оны қолдану қажет. Мәселе шешу барысында ең жас, тәжірибесі аз топ мүшесі сөйлеу қажет. Егер ол бірінші сөйлемесе онда ұялғандықтан ол алдындағы адаммен келісуі мүмкін. Мотивациялық әсер етудің маңыздысы мұғалімнің оқушыға тікелей әсер етуі. Егер қарым-қатынас дұрыс болмай, ұрысқа дейін жетіп жатса не істеу керек? Егер оқушы мектептен шыққысы келмесе, ал мұғалім жұмыстан шыққысы келмесе онда татуласу қажет. Бұл жерде Д.Карнегидің және Л.Б.Фиионовтың «қарым-қатынастық әсер ету» әдістемесі көмекке келеді. [9.205]

 

1 кезең – келісімді іздеу. Келіспеушілік қалай туындайтыны туралы қарсыласпен сөйлеу.

 

2 кезең – ортақ қызығушылықты әңгімелеу.

 

3 кезең – бір-бірімен ашық сөйлесу.

 

4 кезең – ортақ критика

 

5 кезең – тығыз қарым-қатынас, сыйластық, адалдық.    ...

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

1. Каменская В.Г. Психологическая  защита и мотивация. СПб.,1999

2. Никольская А.А. Возрастная и педагогическая  сихология.Феникс:2001.

3. Каменская Е.Н.  Психология развития и возрастная психология. Ф:2006.

4. Немов Р.С. Психология М.2003  ...