Мәнжазба / Реферат: Макроэкономикалық көрсеткіштер


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Экономика
Тип работы:
Мәнжазба / Реферат
Количество страниц:
13

ЖОСПАР

 

 

Кiрiспе. 2

1.    Макроэкономикалық көрсеткiштер. 3

2.  Жалпы ұлттық өнім, қор және ағын. 7

Қорытынды.. 12

Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi: 13

 

 

1.     Макроэкономикалық көрсеткiштер

 

 

...   Тұрғын үй-құрылыс инвестициясы – бұл тұратын жаңа үйлер мен жалға беретiн үйлердi салудағы шығындар.

 

  Инвестиция қоры – бұл фирманың қордағы тауарларының бағасының өсiмi (егер қорлар қысқартылса, инвестиция қоры өлшемi терiс мәнге ие болады).

 

  Мемлекеттiк шығындар – өкiмет тарапынан сатып алынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердiң жалпы құны. Бұл топқа әскери жабдықтау, тас жолдар құрылысы және мемлекеттiк қызметкерлердiң еңбек-ақысы жатады. Мұнда трансферттi төлемдер, яғни әлеуметтiк сақтандыруға арналған төлемдер және басқа да ақылар кiрмейдi. Бұл төлемдер қайтарылмайтын болғандықтан, олар ЖҰӨ құрамына енгiзiлмейдi. Соңғы топ – бұл басқа елдермен сауда жасаудың нәтижелерiн көрсететiн таза экспорт.

 

Таза экспорт тауарлар мен көрсетiлген қызметтердiң экспорт және импорт құны көлемiнiң айырмашылығына тең. Тепе-теңдiк жағдайында, сыртқы сауда шеңберiнде қарастырғанда экспорт пен импорт көлемi тең болады, таза экспорт нөлге тең. Мұндай жағдайда ЖҰӨ iшкi шығындар жиынтығына тең болады:

 

ЖҰӨ =С + I + G

 

Бiрақ егерде экспорт импорттан көп болса, онда әлемдiк нарыққа “нетто-экспортшы” ретiнде қатысады, сонда ЖҰӨ iшкi шығын көлемiн жоғарылатады Сол сияқты, егер де импорт экспортқа қарағанда көп болса, онда бiз әлемдiк нарыққа “нетто-импортершы” ретiнде қатысады, сонда таза экспорт терiс мән болып табылады және шығын көлемi өндiрiс көлемiнен жоғары болады. ...

 

 

 

2.  Жалпы ұлттық өнім, қор және ағын.

 

 

... ЖҰӨ дефляторы да және тұтыну баға индексі де анықталған тауар жиынының ағындағы бағасы базистік жылдағы сол тауарларды бағасымен салыстырылғаны көрсетіледі. ТБИ өзгермейтін тұтыну қаржыны қолданылыды, ал ЖҰӨ дефляторы өзгермелі тұтыну қаржыны бағаларға деген әр түрлі көзқарастар әсері не әкелетінін келесі мысалдан көреміз. Мысалы Алматыда болған қатты суық әсерінен барлық алма бағасы қатты көтеріледі. Дегенмен, алма ЖҰӨ құрамына кіргенімен, бағаны жоғарылауы ЖҰӨ дефляторында көрсетілмейді. ТБИ өзгермейтін тауар жиынтығы негізінде есептелсе, оған алма кіреді, сонда алма бағасынан көтерілуі тұтыну бағасының индексі көрсетілуіне алып келеді. Өзгермейтін тауар жиынын есептейтін индекс «Ласпейрс индексі», ал өзгеретін тауар жиынын «Поаше индексі» көрсетеді.

 

Бұл индекстер өмір құнын өлшеу үшін арналған, яғни белгілі бір өмір деңгейін ұстап тұру үшін қажетті шығындар. Әр түрлі тауарлар бағасы әр түрлі өлшемге өзгергенде Ласпейрес индексі өмір құнының өсуін Поаше индексіне қарағанда нақтырақ көрсетеді. Ласпейрес индексі белгілі бір тауар жиыны есептеу үшін қолданылады, мұнда қымбат тұратын тауарларды арзан тұратын тауарлармен алмастыру мүмкіндігі ескерілмейді. Поаше индексінде тауардың бір бірін алмастыруы есепке  алынады. Бірақ мұнда әл ауқаттың төмендеу деңгейі көрсетілмейді. Тұтыну бағасының индексі, яғни мұнда тұтынушы үшін алма бағасы өсімі жоғарылайды. Бұл жерде өзгермейтін тауар жиыны қолданылады және алманы апельсинмен алмастыру мүмкіндігі есепке алынбайды. ЖҰӨ дефляторы  бұл Паоше индексі, мұнда керсінше , тұтынушы үшін бағаның жоғарылауы толығымен көрсетілмейді. Осы жерде ЖҰӨ дефляторы өсім құнын көрсетіп тұрған жоқ, дегенмен алма құнының жоғарылауы тұтынушы жағдайына жағымсыз әсер тигізді. ...

 

 

 

 Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi:

 

 

1. Назарбаев Н. Қазақстан 2030: Ел Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауы.- Алматы: Бiлiм, 2007.

2. Мамыров Н. Макроэкономика. Алматы. 2008ж.

3. Крымова В. Экономикалық теория. Алматы. 2010ж. ...