Мәнжазба / Реферат: Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Құқық
Тип работы:
Мәнжазба / Реферат
Количество страниц:
17

Жоспар

 

 

1 Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түсінігі 3

2 Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар  көздерінің түрлері 4

3 Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздерінің жүйесі 7

4 Нормативтік құқықтық актілердің уақыттағы, кеңістіктегі және қызметкерлер санаты бойынша күші 12

 

 

2 Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар  көздерінің түрлері 

 

...  Әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңдар жүйесінде заң шығарушы актілердің маңызы ерекше. ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңына сәйкес заң шығарушы актілерге мыналар жатады:

 

· ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар;

 

· констиуциялық заңдар; ҚР Президентінің конституциялық заң күшіне ие жарлықтары;

 

· Қазақстан Республикасының кодекстері; заңдар; ҚР Президентінің заң күшіне ие жарлықтары;

 

· Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары;

 

· ҚР Парламентінің нормативтік қаулылары;

 

· министрлердің нормативтік бұйрықтары; мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары; орталық мемлекеттік органдардың нормативтік бұйрықтары және қаулылары;

 

· мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері.

 

Төменгі деңгейде тұрған нормативтік актілердің ешбірі жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы болмауы тиіс.

 

ҚР Конституциялық Кеңесінің, ҚР Жоғарғы Сотының және ҚР Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары жоғарыдағы иерархиядан тыс тұрады.

 

Заңның өзге заңға сәйкес актілерге қарағанда жоғары күші болады.

 

Бұл заңдылық қағидасының мәнінен де байқалады. Заңдар еңбекті пайдалану саласындағы барлық маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді, жұмыс берушілер мен азаматтардың еңбек қабілеттігі мәселелері жөніндегі негізгі қағидалар мен нормаларды бекітеді, еңбек жағдайы, әлеуметтік қорғау, еңбекті қорғау сияқты маңызды мәселелерді анықтайды. Бұдан өзге қатынастардың барлығы заңға сәйкес актілермен реттеледі. ...

 

 

 

4 Нормативтік құқықтық актілердің уақыттағы, кеңістіктегі және қызметкерлер санаты бойынша күші

 

 

... Жекелеген жеңілдіктер шектеулі еңбек қабілеттігіне ие тұлғалар үшін көзделген. 1991 жылғы 21 маусымдағы «Қазақ КСР-де мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңында мүгедектердің әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтары анықталған. Осы заңға сәйкес, мүгедектер тұрмыстық қызмет көрсетуде басым құқықтарды иеленеді, азық-түлік және өнеркәсіптік товарларды алуда, үйде қызмет көрсетуде жеңілдіктер иеленеді және т.б.

 

Жекелеген қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандырудың жағдайлары тек ҚР «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңымен ғана емес, өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының күші барлық мемлекеттік қызметшілерге таралады.

 

Құқықтың қайнар көздерін қызметкерлер бойынша түрлерге бөлудің нақты мазмұны мынаған бағытталған: арнайы нормалар арқылы олар үшін зейнетақы тағайындаудың ерекше тәртібі; жеңілдіктер мен артықшылықтар; жоғарылатылған тәртіптік және материалдық жауапкершілік және т.б. ерекшеліктер белгіленеді. ...