Доклад/Баяндама: Құқықтық мәдениет


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Қылмысқа қатысушылық
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
11

1. Жалпы мәдениеттің түсінігі және түрлері......... 3

2. Құқықтық нигилизм, оның мазмұны........ 8

3. Қазақстан Республикасының мәдениеті, оны құқықтық реттеу....... 11

 

 

1 Жалпы мәдениеттің түсінігі және түрлері

 

 

Мәдениет – адамзат жасайтын және адамдардың рухани қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы. Қоғамның мәдениеті бірнеше түрге бөлінеді: саяси, экономикалық, әлеуметтік, парасаттылық, инабаттылық, экологиялық құқықтық, т.б. мәдениет жүйе салалары. Олар бір-бірімен тығыз байланыста қоғамның экономикалық саяси, әлеуметтік дамуына сәйкес дамиды. Сонымен қатар олар қоғамның әр саласындағы қарым-қатынастарды реттеп-басқарып отырады.

 

Мәдениет салаларының арақатынасы бірлестікте және дербестікте дамып қоғамның экономикасын, әлеуметтік жағдайын жақсартып, нығайтып отырады. Жақсы дамыған экономика, мәдениеттің жан-жақты нығауына мүмкіншілік жасайды. Мәдениеттің жақсы дамуына мемлекетпен бірге бірлестіктер, одақтар, ұжымдар зор үлес қосады. Жоғары деңгейі мәдениетке құқықтық мемлекет жол ашады.

 

Сонымен, қоғамның парасаттылық, инабаттылық тәрбиелік т.б. деңгейі мәдениеттің деңгейімен айқындалады. Ал мәдениеттің деңгейі қоғамның экономикасының, саяси-әлеуметтік деңгейіне байланысты.

 

Қоғамда бұл екі жақты байланыс бір елдің, бір мемлекеттің шеңберінде ғана болады. Мәдениеттің дамуына сыртқы қолайлы жағдай зор әсер етеді. Мысалы, дамыған елдердің мәдениеті артта қалған елдерге үлгі болып, олардың рухани байлығын, сана-сезімін көтеріп, мәдениетін дамытады...

 

2. Құқықтық нигилизм, оның мазмұны

 

 

Құқықтық мәдениетке қарама-қарсы бағыт – құқықтық нигилизм.

 

Нигилизм қоғамда қабылданған, бүкіл адамға пайдалы, жағымды мұраларды, ғылым заңдарын, мәдени және моральдық қағидалар мен нормаларын, қоғамдық өмірдің нысандарын т.б. жоққа шығарып мойындамау. Ресейде, Германияда, Испанияда т.б. европалық елдерде нигилизм XІX ғасырда қалыптасқан саяси реакцияшыл ағым. Болашақта құқықтық мемлекетте қоғамды әкімшілік органдар басқарады. Қазіргі заманда саясатшылар, заңгерлер, ғалымдар құқық пен мемлекет адам қоғамымен бірге өмір сүреді дейді.

 

Нигилизм әлеуметтік құбылыс, оның аз да болса дұрыс бағыты болады. Мысалы, Ресейдегі патшалық саяси-экономикалық режимге демократтардың қарсы күресі (XІX ғ.). Кеңестік дәуірде тоталитарлық саяси басқару жүйесіне еліміздегі қарсы күрес. Бұл саяси күрестердің стратегиясы дұрыс, тактикасы – күресті жүргізу нысаны реакцияшыл бағытта болды – террор, төңкеріс т.б. Бірақ бұл саяси ағымдарды нигилизмге толық жатқызуға болмайды.

 

Нигилизмнің өзіне тән белгі нышандары: субъективизм, волюнтаризм, үстемділік, асыра сілтеу, террор, төңкеріс, контрреволюциондық т.б.

 

Нигилизмдік саяси бағыттағы қозғалыстар әр елдерде әр түрлі нысанда үзіліссіз жүріп жатады. Постсоветтік республикаларда нигилизмнің түрлері, нысандары көбеюде. Олар әртүрлі саяси бағыттағы қозғалыстар, монархисттер, социалистер, большевиктер т.б...

 

 

3. Қазақстан Республикасының мәдениеті, оны құқықтық реттеу

 

 

Бұл күнде ұлт тағдыры барша халықты ойланта бастаған секілді. Осыған қарағанда саны аз ұлттардың өз ертеңіне қобалжи қарап, болашағымыз не болады, алда бізді не күтіп түр, деген ойлардың құшағына берілуі әбден заңды да. Ерте өмір сүрген талай халықтардың бұл күнде тарих таңының астында қалғанынан әркім-ақ хабардар. Сондықтан да қазіргі кезде ертеңін ойламайтын халық кемде-кем.

 

Тәуелсіз мемлекеттің тағдыры, оның ертеңі болашағы, қазақ ұлтының өркениетті әлемде тұрақты өз орнын иемденуге деген ынтасы жылдан-жылға күшейіп өткен кезеңде жақсы көрініс тапты.

 

Көп ұлтты тәуелсіз мемлекеттілікті нығайту – бүгінгі сара бағытымыз, ашық та айқын саясатымыз. Мұның өзі ұлтымыздың мүддесін қорғаудан ауытқу деген сөз емес. Көп ұлтты Қазақстан тарихи, ежелгі топырағында шаңырақ көтеріп отырған бірден-бір мемлекет болғандықтан, ол қазақтардың ұлттық, түбегейлі мүдделерін қорғауға, қастерлеуге міндетті. Осы қажеттіліктің өзі оны XX ғасырдың соңында дүниеге қайта оралтып, өмірге әкеп отырғаны белгілі.