Доклад/Баяндама: Құқықтық қатынастар. Құқықтық нормаларды іске асыру


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Қылмысқа қатысушылық
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
16

1 Құқықтық қатынастар........ 2

2 Құқықтық нормаларды іске асыру........ 9

 

 

1 Құқықтық қатынастар

 

...Қоғамдық қатынастардың басым көпшілігі әлеуметтік нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Қоғамның мүдде-мақсаттары, саясат, мемлекеттік билік т.б. күрделі мәселелер құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылады. Өйткені бұл бағытта қоғамдық қатынастардың ең маңыздысы, ең күрделі түрлері топтасып мемлекет пен құқықтың ең жауапты қызметіне айналады.

 

Сонымен құқықтық қатынастар – адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым-қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл объективтік процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан, адамдардың және қоғамның мүдде-мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта отырып кейбір қарым-қатынастарға шектеу қойылды.

 

Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моралдық, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыс – қатынастар моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі.

 

Мысалы, отбасы қатынастарының көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады.

 

Сонымен, қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп, басқарып отырады.

 

Құқықтық қатынастар дегеніміз – мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас....

 

Адамдардың әрекеттілігіне бірнеше шектеулер қойылады:

 

– кәмелеттік жасқа толмаса адамдардың саяси құқығы болмауы, үйленуге (жанұя құруға), қылмыстық... жауапкершілікке тартуға, жұмысқа орналасуға, әскер қатарына шақыруға шектеулер бар. Оларды бұзуға тыйым салынған (шектеудің түрлері):

 

– адамдардың денсаулығының нашар болуы;

 

– туысқандық қандас болу;

 

– егерде азамат сотталған болса;

 

– діни нормаларға шектеу.

 

 

2 Құқықтық нормаларды іске асыру

 

 

Құқықтық, нормалар қоғамдағы сан алуан қатынастарды реттеп-басқару үшін өмірге келіп, өзгеріп, ескіріп, жаңарып, дамып жатады. Ол нормалар адамдардың, бірлестіктердің, одақтардың, ұжымдардың, ұйымдардың іс-әрекеттеріне, жұмысына дұрыс ықпал жасап, қоғамдағы құқықтың жақсы іске асуына, орындалуына зор әсер етеді. Олардың барлығының жұмысын нормаларға сәйкес қоғамдық мүдде мақсатты орындауға, адамдардың бостандығын, теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекет. Құқықтық нормалар іс жүзіне асырылмаса, оның әлеуметтік маңызы болмайды.

 

Құқықтық нормалардың орындалуы адамдардың тек заңды іс-әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен (заңда тыйым салынған істерді жасамау) байланысты. Құқықтық нормаларды іске асыруда субъектілер екі топқа бөлінеді: мемлекет, оның органдары және халық, олардың ұйымдары. Құқықтың іске асуы нормативтік актілерді қабылдаудан, бекітуден басталады. Мемлекеттің жоғарғы органдары (парламент, президент) заң қабылдайды; үкімет, министрлік-ведомстволар, сот және жергілікті басқарушы мемлекеттік органдар заңға тәуелді нормалар қабылдайды. Осы мемлекеттік органдардың бәрі де құқықтық нормаларды іске асыруға, орындауға зор үлестерін қосады.

 

Заңдарды, заңға тәуелді нормаларды қабылдау, бекіту үлкен істің басталуы ғана. Бұл істің негізгі міндеті – сол қабылданған нормативтік  актілерді іс жүзіне асыру, олардың мазмұнын шындыққа, ақиқатқа айналдыру. Өйткені бұл нормаларда қоғамның мүдде-мақсаты соған сәйкес мемлекеттің билік бұйрығы басым орын алады. Бұл процесс құқықтық нормаларды объективтік тұрғыдан іске асыру. Ал, қатынастағы субъектілердің құқығы мен міндеттерінің орындалуын – субъективтік тұрғыдан іске асыру деп түсіну керек.

 

Құқықтық нормаларды орындаудың нысандары әр түрлі болады.

 

Өйткені нысандардың өмірге келу себептері әртүрлі болады:

 

а) қоғамдағы қатынастардың мазмұны әртүрлі болуы;

 

б) нормативтік актілердің адамдарға әртүрлі әсер етуі;

 

в) норманың ерекше мазмұнының әсері;

 

г) құқықты іске асырудағы субъектілердің; құзыреті мен өкілеттігінің әр түрлі болуы;

 

д) субъектілердің құқықтық тәртібінің әр түрлі деңгейде болуы.

 

Құқықтық нормалардың негізгі мақсаты – қоғамдағы қатынастарды дұрыс, уақытында реттеп, басқарып іске асыру. Қоғамдағы барлық қарым-қатынастарға құқықтың ықпалы, әсері болуға тиіс, сол арқылы жақсы дәрежеде жалпы қоғамдық тәртіп, заңдылық қалыптасады. Егер құқықтық нормада бір іс-әрекетке тыйым салынса, ол норма іс жүзінде орындалса құқықтың мақсаты орындалды деуге болады. Егер құқықтық нормада бір іс-әрекетті жасауға нұсқау берілсе, ол орындалса құқық өз мақсатына жетті деуге болады.