Курсовая работа: Технология және бейнелеу өнері


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Искусствоведение
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
32

Мазмұны:

 

 

 

І. Кіріспе. 

ІІ. Негізгі бөлім.

2.1 Ұлттық костюм тарихы.

2.2. Қазақ киімдерінің жіктелуі

2.3. Киім композициясының басты заңдылықтары

2.4            Матаның қасиеттері

2.5. Бұйымның тігу технологиясы

2.6 . Ылғалды - жылумен өңдеуге қойылатын техникалық шарттар

2.7. Еңбек сабақтарында оқушы жастарға эстетикалық  тәрбие беру

2. 8.Үлгі сабақтың тақырыбы: Ұлттық бас киім

ІІІ. Қорытынды.

     Қолданылған әдебиеттер

 

 

2.6. Ылғалды - жылумен өңдеуге қойылатын техникалық шарттар

 

         Еңбек қауіпсіздігі – жұмыскерлерге қауіпті және кешенді өндірістік факторлардың әсер етуін болдырмайтын еңбек шартының жағдайы. Кез-келген жұмысты бастамас бұрын жұмыстың қауіпсіздік ережесін, қауіпсіздік ережелерінің әдістерін білу қажет.

 

Техникалық қауіпсіздік дегеніміз -  техникалық білімге, еңбек өндірісінің шарттарын және олардың қауіпсіздік, қорғану көз қарасын оқытуды айтады. Аяқ машинасымен жұмыс істегендегі қауіпсіздік ережесі:

 

1. Аяқ машинасымен жұмыс істегенде аяқ пен қолдың дұрыс қойылуына айрықша көңіл бөлу керек.

 

2. Машинаның инесіне жіпті сабақтағанда аяқты баспаға қоюға болмайды.

 

3. Машинанің сынған жері болса, оны жөндеп жатқанда ременді қолымен ұстауға болмайды, себебі қолды жарқаттап алуы мүмкін.

 

4. Шашты ормалдың астына жасыру керек.

 

5. Тігін машинасының үстінде бөгде заттар жатуға болмайды.

 

6. Машинаның қозғалмалы және айналмалы бөліктеріне еңкеймеу және тақалмау керек.

 

Ине және түйреуішпен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздігі:

 

1. Ине және тиреуішті арнайы жастыққа немесе ине қадағышқа түйреу керек.

 

2. Тіккенде саусаққа оймақ кию керек.

 

3. Сынған инені лақтыруға болмайды, оларды арнайы жәшікке салу керек.

 

 Қайшымен жұмыс істеу.

 

1. Қайшы жұмыс істеп жатқанда жүзі қосылып тұруы керек.

 

2. Қайшыны берген кезде жабық жүзін өзіне қаратып беруі керек.

 

3. Қайшы белгілі бір орында тіреуде немесе жұмыс қорабында сақталуы тиіс.

 

4. Қайшы өткір болуы керек.

 

5. Қию кезінде қайшының қысқа жүзі астында болуы керек.

 

           Бұйымды өңдеу барысында ылғалды-жылумен өңдеу жұмыстарын өткіздім.

 

          Бұйым сапалы болу үшін ылғалды-жылулық өңдеу жұмысын ұқыпты түрде жүргізген дұрыс. Бұйымды тек дайын болған кезде емес, әрбір операцияны орындап болған сайын үтіктеп отырады. Үтіктеген кезде мынадай жағдайларды ескеру керек.

 

         Материал қымбат болған сайын мата да сезімтал бола түседі, сондықтан да барынша ұқыпты үтіктеген жөн.

 

         Үтіктеп өңдеудің температурасы матаның сапасына байланысты, аралас тоқылған матамен жұмыс істегенде барынша сезімтал талшыққа қойылатын талаптарды ескеру керек.

 

   Құрылымы күрделі трикотажды, мысалы, ши-ши трикотажды, үтіктегенде астына жұмсақ ұзынтүкті төсеніш немесе түкті мата төселеді. Мұндай кезде үтік ешқашан салмақ салусыз-ақ жеңіл сырғуы керек.

 

          Матаны мүмкіндігінше теріс жағынан үтіктеген дұрыс. Ал бет жағынан үтіктегенде арасына арнайы мата салынады.

 

         Матаны сатып аларда оның құрамына назар аударыңдар, өйткені үтіктеу температурасы соған байланысты болады. Мақта мен зығырды жоғары температурада үтіктей береді. Жүн мен жібекті орташа температурада үтіктейді. Химиялық талшықтар қыздыруға өте төзімсіз болады, сондықтан да олар болар-болмас жылылықта үтіктеледі.

 

         Пішер алдында матаның бүкпесін айыра үтіктегеңдер және матаны тұтас үтіктеп шығыңдар.(Теріс жағынан!)Үтіктеп болған соң отырып қалмау үшін мақта және жүн маталары ылғал шүберек арқылы үтіктеледі. Мақта маталарды үтіктер алдында ылғалдап алған жөн.

 

         Үтіктеп өңдеудің алдында міндетті түрде матаның қалдығын немесе бұрышын алдын ала үтіктеп көру керек екенін естеріңнен шығармаңдар. Сондай-ақ матаға ылғал қалай әсер ететініне назар аударыңдар.

 

         Жұмыстың әр кезеңін аяқтаған соң бөліктерді үтіктеп отыру керек, өйткені жақсы үтіктеп өңдеу-жұмыстың сапалы орындалуының кепілі. Мысалы, бүкпені тігіс жүргізудің алдында, ал тігісті қосымшасын әдіптеудің алдында үтіктеген дұрыс.

 

         Тігіс қосымшасы тігер алдында үтіктелген болса, онда айырып үтіктеу оңай әрі дәл жүргізіледі. Егер мата жұқа болса, онда оның бет жағына із түсіп қалмас үшін қосымшаның астына қағаз жолағы салынып үтіктеледі. Егер қосымша жиектері матаның бет жағында із қалдырса, оны қосымша астынан іш жағынан үтіктеу керек.

 

           Үтіктеп өңдеудің алдында түйтеуіштер мен көктеу жіптердің бәрі алынып тасталады, өйткені олар матада із қалдырады.

 

           Үтіктің табанын үнемі тазалап тұру қажет. Өте жұқа матамен жұмыс істеген кезде үтіктің табанында сырылып кеткен сызықтың болмауын қадағалаған жөн.

 

         Зығыр,мақта, жүн және кейбір аралас маталарды үтіктер алдында ылғалдап алады. Мұндай маталарды сулаған шүберек  арқылы немесе бу шығарғыш үтіктеп үтіктеу керек. Шүберек толықтай су емес, тек дымқыл болуы керек.

 

 Мақпал мен барқыт теріс жағынан салмақ салусыз үтіктеледі. Ең дұрысы ылғыл шүберек пен кәдімгі үтікті пайдаланған жөн. Бу шығарғыш үтікті қолданған кезде аса сақ болу керек! Үтіктің бу шығаратын тесіктері болғандықтан  салмақ түсіруі мен бу шығаруы біркелкі емес, сондықтан тесіктердің ізі матаның бет жағына түсіп қалмауын қадағалау қажет.Ұзын түкті сүлгіні, барқытты немесе мақпалдың түгін жоғары қаратып үтіктейді. Сондай-ақ бет жағы күрделі құрылымды маталарды жұмсақ жайманың бетіне қойып, салмақ салмай үтіктеген дұрыс.

 

   Жібекті, сәтенді, вискозаны құрғақ немесе аздаған бу жіберу арқылы үтіктейді. Мұндайда ешқашан ылғал шүберек пайдалануға болмайды, өйткені ізі қалмауы мүмкін.

 

  Шифон тек құрғақтай үтіктеледі, өйткені будың немесе судың әсерінен ол тырысып қалады.

 

          Ылғалды жылумен өңдеуді үтікпен орындағанда негізінен теріс жағынан, ал преспен оң жағынан жүргізіледі.

 

         Тігістің әдібін айырып немесе  қайырып үтіктегенде әдіптері әбден жату керек. ...

 

 

 

2.7.  Еңбек сабақтарында оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беру

 

 

 

...  Өндіріс жаңашылдарының құндылықтарды жасау жұмыстарында тек ғылыми-техникалық және экономикалық талаптарды білу емес, сол сияқты білім мен іскерлікті терең игеруінде. Мектеп мұғалімдері жоғарғы оқу орындарынан шығатыны белгілі. Осы жағдайда ағаш, темір материалдары негізінде оқушыларының эстетикалық тәрбиесін қалыптастыруды қазіргі кездегі нарықтылығы мен белсенділігін байсалдылықпен өлшеу ғана емес, сол сияқты мәдени қазыналардың негізінде бағалай білу керек. Қазіргі ой қоғамның ұлттық өнері дамуындағы үдемелі еңбек күштімен байланысса, ойдың жаңарту қабілеттері арта түсер еді. Мұндай жағдайда еңбектің де, еңбекшілердің де бағасы өзгереді. Көбінесе қоғамдық еңбек, негізгі мәдени қазыналы еңбекпен байланысса иеленушілерге де тартылды, әрі қызықты болады. Қазіргі заманда шығармашылық еңбекке, еңбек қазыналарына философтар, педагогтар, психологтар ерекше көңіл бөліп келеді. Қазақтың өз заманындағы ғұлама перзенті Шоқан Шыңғысұлы айтқандай: «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» - деген арманы орындалды. Сондықтан қазіргі кезде республикамыз экономикалық саяси егемендікке қол жеткізуі әр қоғам мүшесінің ұлттық сана-сезімінің жоғарылауын талап етеді.соның ішінде күн тәртібінде қойылатын мәселелердің бірі жалпы білім беретін мектептердегі технология сабағында мәдени саладағы ұлттық қолөнер бұйымдарын жасау жолдарындағы ерекшеліктерді 5-9 сынып оқушыларына жете таныту қажет. Олардың ішінде халық қазынасындағы қолданбалы қолөнер негізін игеруге тәрбиелеу т.б. Қазіргі таңда қазақ мектебінің алдында тұрған асу, алынбай жатқан қамал аз емес. Қай қырынан келіп, қай ұшынан ұстасаң да ұшан теңіз сұрақ алдыңнан шығады.

 

         Нарықтық экономикаға көшу деп аталатын өтпелі кезең қатаң бәсекелестікке негізделген іскерлер, кәсіпкерлердің заманы.

 

         Ендеше жастар үшін «жалаң» білім жеткіліксіз, яғни, сол алған білімін тіршілік көзіне айналдыруға тәрбиелеу, кәсіпкерлікке, іскерлікке үйрету, оқушыларға ағаш материалдары негізінде бұйымдарды көркемдеп өңдеу арқылы эстетикалық тәрбие беру, бұйымды өтімді, тартымды жасауға үйрету-бүгінгі күннің қажеттігі. Бұл жағдайда өз тіршілігін ұйымдастыра алатын адам ғана аман қалады. Әр отбасының, мектеп ұжымдарының нағыз ойланар тұрпы да, білек сыбанып қолға алар иісі де осы.

 

         Екіншіден, ұлттық тәрбиенің негіздері оқыту мазмұнымен астасып, сабақтасып жатуы шарт. Тек қай пәнде, қай қырынан келуді анықтап, балалардың жас ерекшеліктерін, жыныстық өзгешелігін үнемі ескеріп отыру қажет. Әр сабақтың тақырып аясында тәрбиелік мақсатын айқындап отыру, сабақ үстінде туындайтын әр ыңғайлы сәтін мүлт жібермей жеке бақылап, орнымен ықпал жасай білу-әр мұғалімнің күнделікті міндеті.

 

         Еліміздің тәуелсіздігі, экономикалық, саяси-әлеуметтік жағдайының өзгеруі, оны ары қарай дамытып көркейтетін болашақ азаматтарын тәрбиелейтін ұлт мектебі мақсаты – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып барлық бағытта тәрбиелеу, оқыту және әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде қарастырып, оның дамуына мүмкіндік жасау.

 

         Рухани сұраныс пен әлеуметтік және экономикалық өмірдің талаптарына сәйкес жалпы білім беретін ұлт мектебінің қоғамдық мемлекеттік қызметін айқындау барысында жас ұрпақты алдағы қоғамдық өмірге еркін араластыру үшін оларды өз салт-дәстүрді жаңартудың ұйытқысы болуға баулу көзделеді. ...

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

1. Мальцева Е.П., Материалтану, 2003ж.

2. “Мектептегі технология” журналы, №5-11 2007ж.

3. “Мектептегі технология” журналы, №1-12 2008ж.

4. “Технология”, 7 класс, “Атамұра”, Алматы, 2001ж.

5. “Технология” 8 класс, “Атамұра” Алматы, 2001ж.

6. “Технология” 9 класс, “Атамұра” Алматы, 2001ж. ...