Доклад/Баяндама: Каспий маңының мұнайлы газды провинциясы


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Мұнай
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
16

Мазмұны

Кіріспе. 3

Негізгі бөлім. 5

Тектоника. 5

Стратиграфия. 7

Қорытынды.. 16

Қолданылған әдебиеттер. 17

Тектоника

...  

Кембрийге дейінгі орыс платформасының Оңтүстік жиегі және Карпинское бұйратының құрылымды белдемінің аралығында, Каспийдің батыс жағалаулары мен шығыс жағалаудағы Бозашы дөңесінде Қолтық ойпаты арқылы Солтүстік-Үстірт синеклизімен жалғасатын, жекелеп алғанда Солтүстік-Бозашының тар ойыстары орналасқан. Орыс платформасының шекарасы, біздің көзқарасымыз бойынша, Шығыс бағытта мезозойға дейінгі жатыстағы Оңтүстік Ембі көтерілімімен жалғасатын, Прорва-Қаратон көтерілімі бойынша пермді карбонатты кертпештің даму белдемі бойынша өтеді. Бұл тектоникалық белдемнің солтүстік бөлігінде нақты түрде пермді тұздардың сыналанған сызықты белдемдерінен оңтүстікке қарай Тұран плитасына жататын Қолтық-Мыңсуалмас моноклині орналасқан.

 

Бозашы дөңесінен оңтүстікке және оңтүстік-батысында өте айқынды, 4-5 км-ге жуық құрылымдық бетінің түсуімен, терең батыңқы (пермотриастың үстіңгі беті бойынша — 4 км) тар Оңтүстік—Бозашы ойысы орналасқан.

 

Теңізге батыс бағыттағы ойыс, Түпқараған белдеміменен сияқты, біртіндеп жалғасады.

 

Каспий маңы алабының мұнай-газды әлеуеті тұзастылық кешендердің бірегей әрі ірі кен орындары (Теңіз, Қарашығанақ, Жаңажол, Әлібек және т.б.) ашылуынан кейін күрт өсті. Каспий маңы алабында тұзастылық, сондай-ақ түзүстілік қабаттарда тағы да жаңа өнеркәсіптік кенорындарының ашылуының келешегі зор екені күмәнсіз. Каспий маңы ойпаңының аймақтық құрылымы оның континенттік бөлігімен шектелмейді. Сейсмикалық зерттеулермен оның өзінің қоры бойынша Таяу Шығыс елдерінен қалыспайтын, Каспий маңы ойпаңын тұтастай бірегей мұнайлы-газды құрылым ретінде қарастыратын "көп" мұнайдың ашылуы күтілетін Каспий қайраңының шегімен жалғасатаны дәлелденген. Каспий теңізі қайраңының солтүстік бөлігі шегінде жүргізілген геофизикалық және іздеу жұмыстары — көмірсутекті шикізаттардың үлкен көлемін, қуатты өте перспективалы тұзастылык құрылымдарды анықтады.

 

Осылайша, Каспий маңы ойпаңы және Каспий теңізіне жататын айдын жақын арадағы және кейінгі перспективада негізгі роль тұзасылық палеозойлық кешенге жататын Қазақстанның мұнай-газ өндіру өнеркәсібінің басты шикізаты базасын айқындап береді. Сондай-ақ түзүстілік түзілімдер де геолог-мұнайшылардың назарынан тыс қалмақшы емес. Оның дәлелі ретінде 1998 жьщдың басында өнеркәсптік кен шығарылған ірі кен орыны Кенбайдың ашылуы болып табылады. Түзүстілік түзілулерде мұнай іздеу жұмыстарын жалғастыру мақсаттылыға туралы қату температурасы төмен майлы фракциялардың көп мөлшері барлығын, мұнайдың жоғары тауарлы сапасы айғақтайды. (НЭК, 1999). 

  Төрттік жүйе

Төрттік теңіздік және континетгік түзілімдер әр түрлі жастағы тау жыныстарыныңа жабуы болып есептеледі.

Голоцен. Қуаттылығы 10 метрге дейінгі теңіз құмдары, сазды және бақалшақтастар, Каспийдің жағалауыңдағы аудаңдарға таралған. Моллюскалар және геоморфологиялық қатынасы бойынша: қазіргі уақыттағы, жоғарға және орта, жаңа каспийлік, маңғышлақтық қабаттарға бөлінеді. Қалыңдығы 20 метрге дейінгі аллювиалды, көлді және кшөлтабанды құмдар, құмдақтар, саздақтар, ұйықтар Волга мен жыралар беткейлерінде кездеседі. Эол түзілімдері қуаттылығы 30 метрге дейінгі шағын құмдардың массивтерін түзеді.

Плейстоцен. Теңіздік, жағалаулық және контаненттік құмдар, құмдақтар, саздақтар, саздар, бақалшақтастар. Жоғарғы плейстоцен - хвалын горизонты (20 м.), ателдік свита (20 м.) және жоғары хазар (гиркан) қабаттары (10 м.) жатады. Ортаңғы плейстоценге төменгі хазар горизонты (10 м.) қатысты. Төменгі плейстоцен баку (40 м.) және түркян горизонтты (12 м.) тиісті.

Төрттік түзілімдерде шамалы тереңдікте газ кені барлығы анықталған.

 

Баку регио-жікқабаттың негіздері — малтастары мен құмтастары және хвалынды түзілімдердің негізіңдегі құңды будалар.

 

Неоген жүйесі

 

Неогенді жүйе плиоцен және миоцен түзілімдеріне бөлінеді.

 

Плиоцен. Өте ертедегі таужыныстарын, миоценнен таскөмірге дейін қабаттарды трансгресті жабады.

 

Апшерондық жікқабат — негізінен теңіздік, Шығыс Каспий маңы МГА — жағалаулық-дельталық және Каспий маңы синексизалардың ернеуінде — континеттік түзілімдермен қалыптасқан. Теңіздік түзілістер үш жікқабатшықтарға бөлінеді. Жоғарғы 20 метрден 150 метрге дейінгі құмтастармен, саздармен түзілген. Ортаңғы - құмдардан, құмайттардан және саздардан тұрады. Кардиид фаунасының жаппай пайда болуымен ерекшеленеді (35—240 м.). Төменгі — саздармен, құмдармен, әк тастармен, бақалшақтастармен жинақталған, 2-3-тен 90 метрге дейін. ...