Курсовая работа: Кәсіпкерлік фирманың түрлері және бәсеке


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Предпринимательство
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
37

Мазмұны

 

 

КІРІСПЕ. 3

1 КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК.. 5

1.1 Кәсіпкерліктің мәні, сипаты,түрлері,міндеттері мен қызметтері 5

1.2 Кәсіпкерліктің формалары, кәсіпорынның ішкі және сыртқы орталары.. 7

1.3 Фирманың бәсекелестік қабілеті 11

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК ФИРМАЛАР ЖӘНЕ БӘСЕКЕ. 13

2.1 Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік және бәсекелестікпен байланысты заңдары   13

2.2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік. 21

2.3 Қазақстан Республикасындағы франчайзинг формаларының даму жағдайы.. 25

3 Кәсіпкерлікті және  бәсекелестікті жетілдіру жолдары.. 30

3.1 Кәсіпкерлікті жетілдіру. 30

3.2 Бәсекелестікті жетілдіру. 31

ҚОРЫТЫНДЫ.. 36

ҚОЛДЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 38

 

 

1 КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК

 

 

 

1.1 Кәсіпкерліктің мәні, сипаты,түрлері,міндеттері мен қызметтері

 

 

...  Капитал немесе «инвестициялық ресурстар» - барлық өндірілген өндіріс құралдары, яғни инструменттер, машиналар, жабдықтар, фабрика – зауыттар, қойма, тарнспорт, құралдарының барлық түрлері және тауар өткізу торабы. Құрал жабдықтарды өндіру және қорландыру процесін инвестициялау дейді.

 

Тауарлар екіге бөлінеді: 1. Инвестициялық тауарлар, олар тұтыну тауарларын өндіруді қамтамасыз етеді; 2. тұтыну тауарлары қоғамның қажетін тікелей қанағаттандырады. Инвестициялық тауарға ақша капиталы кірмейді. Ақша ештеңе өндірмейді, яғни экономикалық ресурсқа жатпайды. Ақша – бұл финанс капиталы, яғни нақты капитал емес, жалған капитал.

 

Еңбек – бұл кең мағыналы термин. Экономистер оны адамдардың тауар өндіру және қызмет көрсетудегі күш ақыл-ой қабілеттіліін бейнелейді.

 

Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.

 

1 Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал, еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.

 

2 Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың іс бағытын айқындайды.

 

3 Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.

 

4 Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей-тегжейін айқын талдап, қортындысында ие болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.

 

Кәсіпкерлік істің қозғаушы күші – мол пайда табу. Өндіріс факторлары жеке кәсіпорындарға ақшалай табыс ретінде беріледі.

 

1 Материалдық ресурстар бергені үшін капиталға пайыз алады.

 

2 Жер, су бергеніне рента алады.

 

3 Жұмыс күшін жалдағаны үшін еңбек ақы алады.

 

4 Кәсіпкерлік табысты пайда деп атайды, ол зиян да болуы мүмкін.

 

Экономикалық ғылым сирек ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі ғылым екенін кәсіпкер жеке түсінуі керек. Экономикалық тиімділік – бұл «шығын-өнім» мәселесін қамтиды. Экономикалық тиімділіктің критериясы әрбір өнім бірлігіне шаққанда неғұрлым аз шығын жұмсау. Қорытып айтқанда қоғам барлық ресурстарды тиімді пайдаланып неғұрлым көп өнім өндіруге талаптанады. Ол үшін ресурстарды толық іске қосып толық қамтуға және өндіріс көлемін толық қамтамасыз ету қажет. «Толық қамтылу» деген пайдалануға жарамды барлық ресурстарды іске қосу, жұмысшылар жұмыссыз қалмауы керек; егіске жарамды жерлер, күрделі жабдықтар бос тұрмауы, яғни барлық жарамды ресурстарды іске қосу керек. Ресурстардың барлығы жұмыс істесе шығын көбейеді: жұмысшылар еңбек ақы алады, инвестициялық тауарлар сатылады т.б. яғни ел байиды, нарық тауарға толады, адамдардың әлеуметтік тұрмысы жақсарады. Қазақтың мақалы бар «шығын болмай, тығын болмайды» деген. Қоғамның өмір сүру негізін материалдық өндіріс, яғни адамдарға қажет байлықты өндіру құрайды.

 

Кәсіпкер өндірістің негізгі үш факторын іске қосып, өзі төртінші фактор болып ресурс иелеріне төлем төлеуді қамтамасыз етеді: жұмыс күшіне еңбек ақы; капиталға пайыз; жер иелеріне рента; кәсіпкерлерге кәсіпкерлік пайда.

 

Социализм мен капитализмнің экономикалық айырмашылығы: біріншісінде жұмыс күшінің өндірген қосымша құны бүкіл қоғам мүддесіне жұмсалады, ал екіншісінде – қосымша құн үшке бөлінеді: пайызға, рентаға және кәсіпкерлік пайдаға.

 

Жаңа қоғамның негізін тұрақты, тиімді құру үшін кәсіпкерлер табын даярлау керек. Кәсіпкерлік қабілеті қаражаты бар тапты құру үшін, бірінші, білім керек, екінші, өкімет экономикалық саясатын түбегейлі қайта қарауы қажет. Елдің болашақ тағдырын білікті кәсіпкерлер шешеді және олар өз елінің гүлденуіне аянбай жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын табатын, іскер азаматтар болуы керек.  ...

 

 

 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК ФИРМАЛАР ЖӘНЕ БӘСЕКЕ

 

2.1 Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік және бәсекелестікпен байланысты заңдары

 

 

... Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің жүктері келісімдерге сәйкес Батыс Еуропа елдеріне тасымалданады, ал осы елдерден Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне белгілі ақыда тасымалданады.

 

Қазақстан территориясы арқылы төрт трансконтиненталды темір жол магистральдары өтеді: Трансазия (Қытай – Қазақстан – Түркия), Еуроазия (Қытай – Қазақстан – Ресей – Еуропа), Орта Азия және Ақтау теңіз порты арқылы Батыс магистралы. Еуропа – Скандинавия – Иран (Парсы шығанағы) арасында жүктердің тасымалдау уақытын қысқартуды қамтамасыз ететін «Солтүстік – Оңтүстік» жоба қаралуда.

 

Осы аталған магистральдарды жандандыруға және қайта жаңартуға, барлық магистральдар бойынша қосымша жұмыс орындарын құруға, осы магистральдар жоғары табыспен қамтамасыз етуге жол ашады. Мемлекеттік кәсіпкерлік өтпелі экономикада макроэкономикалық процесстерді реттеумен тығыз бірлікте болады.

 

Нарықтық экономикада макроэкономикалық процесстерді реттеу тікелей және жанама әдістер көмегімен жүргізіледі.

 

Өтпелі экономикада мемлекеттік реттеудің объектілері ең алдымен экономиканы тұрақтандыру саясаты немесе циклге қарсы саясат, ақша айналымына, инфляцияға, мемлекеттік бюджет балансын бақылау, халықты жұмыспен қамту саясаты, монополияға қарсы саясат, яғни нарықтық бәсеке жағдайына бақылау, халықты әлеуметтік қорғау саясаты болып табылады.

 

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, тікелей әдістер кіші мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттерді шешу үшін мемлекеттік экономикалық бағдарламаларды жасау мен іске асыру арқылы жүзеге асыралады.

 

Осындай бағдарламалардың мысалы соғыстан кейінгі Оңтүстік Корея экономикасын қалпына келтіру бойынша төтенше бағдарламалары, ал Жапонияда «Автомобиль жолдарының құрылысы бойынша төтенше шаралар туралы» заң қабылдануы болады. Жапонияда мемлеттің оннан астам институттары нарықтың даму бағдарламаларын және жоспарларын құрады. Қазіргі жағдайда мемлекеттің кез келген реттеу шаралар негізінде ақша айналымы болады. Өтпелі экономика үшін ақша айналымы мемлекет бақылауынан шықпауы тиіс. Бұл мемлекеттің макроэкономикалық деңгейіндегі ең маңызды реттеу функциясы. Осы жағдай «экономикалық құдіретті» тудырған Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань елдерінде жиналған тәжірибемен бекітіледі

 

Осы елдерде ең қиын жылдары (1970-80ж) өнеркәсіпті реформалау және құрылымдық қайта құру кезеңінде ақша айналымы, инфляция, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы әрқашан мемлекеттің бақылауында болды және бұл олардың қирату салдарынан жұмсартуға және тіпті болдырмауға жол ашты.

 

Қазақстан Республикасы нарыққа өтудің басында (1990ж) басқа старттық жағдайда болды. Республика экономикасы Кеңес Одағының халық шаруашылығы кешенімен тығыз біріккен болды. Өндірістің құлдырау жағдайында ақшалай табыстардың өсуі тауар массасымен қамтамасыз етілмеді. 1990ж халықтың жинақтағы қалдықтары 13млрд. сом құрады, ал қанағаттандырылмай қалған сұраныс 17млрд. сом немесе жылдық тауар айналымы мен ақылы қызметтердің  76%-нан көбін құрады. Жабық инфляция ашық инфляцияға ұласты және қаржы жүйесі бақылаудан шықты. ...

 

 

 

ҚОЛДЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

1       «Аль-Пари» журналы 2009-1 (686.)

2       Ахметов К.Ғ. «Менеджмент негіздері», Ақтөбе 2005.- 430б.

3       В.С.Автономов, Э.Голдстин «Экономика для школьников» Москва, 2009.-675б.

4       Әубәкіров Я.Ә. «Экономикалық теория негіздері» Алматы-2008.- 560б.

5       К.Б. Бердалиев «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», Алматы «Экономика», 2009ж.  ...