Курсовая работа: Тегін жүктеу


Цена: 3 Скачать
Предмет:
Психология
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
23

Жоспар

 

Кіріспе. 3

1.Өндірістік ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы.. 4

2.Ұжымдық қатынастар және оның психологиялық негіздері 5

3.Өндірістік ұжымын басқару және жетекшінің тұлғалық. 8

сипаттары.. 8

4.Өндірістік ұжымдағы талас-тартысты мәселелерді шешудің. 18

психологиялық ерекшеліктері 18

Қорытынды.. 23

Пайдаланылған әдебиеттер. 24

 

 

1.Өндірістік ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы

 

 

... Ұжым мүшелері арасында рухани, адамгершілік, психологиялық басқа да қасиеттерінің алмасуының арқасында әлеуметтік-психологиялық климат қалыптасады.

 

Ұжымның әлеуметтік-психологиялық климаты дегеніміз – ұжым мүшелерінің нақты психологиясының мазмұнын және бағытын, олардың құндылық бағдарлары мен өзара байланыстарын көрсететін әлеуметтік және рухани – экономикалық күй.

 

Өндірістік ұжымның әлеуметтік-психологиялық климатын құраушы екі түрлі факторлар тобын бөліп көрсетуге болады: 1) макро орта факторлары; 2) микро орта факторлары.

 

Бірінші топқа - әртүрлі меншік формалары кіретін өндірістік қатынастар жатады. Жоғары билік немесе экономикалық органдар шаруашылық басшылықты жүзеге асыра отырып, өндірістік ұжымдарды басқару міндетін атқарады. Нарықтық қатынастарға көшуге байланысты олар өздері қожалық етіп, сырттан араласу азайды, ал мемлекеттік емес еңбек ұжымдарында бұл тіпті болмауы керек.

 

Қазақстан және басқа да ТМД мемлекеттері бастан кешіріп отырған өтпелі кезең, өндірістік ұжымдарға қарама-қайшы Макро әсерлер әкелуде.

 

Өндіріске шет елдік капиталдың енуіне еңбеккерлердің бір бөлігі қарсы, кейбіреулері шет елдік инвесторға жұмыс істегісі келмейді.

 

Микро орта факторларының ішінен келесі топтарды айырады:  ...

 

 

 

4.Өндірістік ұжымдағы талас-тартысты мәселелерді шешудің психологиялық ерекшеліктері 

 

 

...  Егер қарсыласым менің сөзімді тыңдамай, айтқан ойыма мән бермейтін болса, онда мен нендей айла-тәсілдер қолданып, оның ой-пікірін ашық айтқызуыма болады? Қарсылас жақпен жалпы тіл тауып, онымен келісімге келетін болсам, мен алдағы кезде нендей нәтижелерге қол жеткізуім керек? деген жәйттердің мән-жайына баса көңіл аударуды талап етеді. Сонымен қарсыластардың өзара тілдесіп, бірін-бірі түсінуі үшін мынадай пікір алысу жәйттеріне ерекше мән бергені нәтижелі болмақ: қарсы жақтың, айтқан сөздері мен іс-әрекетінен оның көздеген мүддесін дұрыс қабылдап, түпкі ойының мәнін аңғарып білу; өзінің ниеті мен тілегін ашық айтып білдіруі арқылы менің жай-күйімді қалайша пайымдай алатындығына көзім жетіп, оның мінез-құлқының сырын аңғарғандай болдым; менің әңгімелесуім нәтижесінде қарсыласымның кісілік қасиетін анғартып, оның не себептен маған, менің жақтастарым жайында айтқан сын пікірлерін талдап, мұндай жәйттердің нендей жағдайларға байланысты айтылатын себептерін анықтауға мүмкіндік болды; қарсыластармен пікір алысқанда олардың бізге жасаран қоқан лоққыларын, алдамшы сөздерінің шынайы мәнін оның түрлі қимыл-қозғалысынан, бет құбылыстарымен, дауыс ырғарынан анық аңғаруыма мүмкіндік болды. Сөйтіп, қарсыласымның әр алуан айла-тәсілдері мен кемсітуші ой-пікірлерінен оның маған деген көзқарасынан қалайда үстемдік етіп, өзінің билік жүргізгісі келетінін аңғардым. Бірақ оның менің пікірімді құптап, екі жақтың істің мақсаты үшін келісімге келіп бірігіп тіршілік етуді қажет деп санамайтындығы көз жеткіздім. Бір сөзбен түйіндеп айтқанда, қарсыласым қалайда маған (біздерге) айтқанын істетіп, айдауына көндіруді талап ететін ниетте екеніне түсіндім.

 

Күнделікті өмірде адамдардың өзара түсінісіп, бірлесе отырып қызмет атқаруы үшін олар біріне-бірі сенім артып, жұмыла іс атқаруы — ұжымдағы жағымды психологиялық ахуал орнатуға тәуелді болып отыратындығы өмір тәжірибесінде дәлелденген жәйт. Осы тұрғыдан қалайда қарсыластардың өзара қарым-қатынасындағы ұнамсыз жәйттер кез келген істің алға басуы үшін аяққа тұсау саларлық кедергі екені кімге болса да жақсы атақ әпермейтіні мәлім. Өзара келісімге келіп жалпы тіл таба алмайтын адамдар бір ұжымда қызмет істегенмен межелі нәтижелерге қолы жетпейді. ...

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

  1. 1. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. - Алматы, 1995.
  2. 2. Құдиярова А. Қарым-қатынас психологиясы. - Алматы, 2006.
  3. 3. Әбеуова Ә. Әлеуметтік психология. Алматы, 2001.
  4. 4. Инженерлік енбектің социологиясы. Сыдықов У.Е. - Алматы,2005. ...