Реферат: ҚР қарыз капиталы нарығының қалыптасуы


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Қаржы, Банковское дело, Финансы, Финансы и кредит, Қаржы
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
20

Мазмұны

 

Кіріспе. 3

1. Банк секторының: ақша, валюта, депозит және несие нарықтарының қызмет ету ерекшеліктері 5

2.  Бағалы қағаздар нарығы – қаржы нарығының құрамдас бөлігі 9

3. Қазақстанда сақтандыру жүйесінің қалыптасуы.. 12

4. Зейнетақы нарығының қызмет етуі 14

5. Қарыз капиталы, өсімақы және несие. 16

Қорытынды.. 19

Қолданылған әдебиеттер тізімі 20

 

 

2.  Бағалы қағаздар нарығы – қаржы нарығының құрамдас бөлігі

 

 

... Жалпы теориялық тұрғыдан алғанда, бағалы қағаздар нарығын бірқатар үлгілерге жіктейді. Көбінесе келесідей үлгілері кездеседі:

 

-                   банктік үлгі;

 

-                   банктік емес үлгі;

 

-                   аралас үлгі.

 

Банктік үлгі –БҚН механизмі арқылы қаржылық ресурстарды қайта тарату бойынша негізгі оператор банк болып табылатын үлгі. Мұнда бантер экономиканы инвестициялау мен бюджет дефицитін жабуды мойнына алады.

 

Банктік емес үлгі – БҚН механизмі арқылы қаржылық ресурстарды қайта тарату бойынша негізгі оператор банктік емес мекемелер болып табылатын үлгі. Мұнда БҚН неғұрлым демократиялы және онда үлес салмақ жеке инвестицияларға жатады. Бұл – банк ақшаларына қарағанда неғұрлым «арзан» ақшалар.

 

Аралас үлгі – делдалдар ретінде банктер де, банктік емес компаниялар да болады.

 

Бағалы қағаздар нарығы сауда-саттық және өсімқорлық операциялардың іс-тәжірибесімен байланысты пайда болды. Олар алғашқы бағалы қағаздар - вексельдер мен коносаменттердің пайда болуына себепкер болды. Ал олар одан әрі мемлекеттің эмиссиялық қызметі мен акционерлік қоғамдардың пайда болуымен байланысты дамыды. Капиталдың бағалы қағаздарға кең ауқымды инвестициялануы XIX ғасырдың ортасында басталды. Бұл уақыт аралағында бағалы қағаздардың нарығы айтарлықтай дамыған болатын. Оның қатысушы топтары да анықталып үлгерді. Оның алғашқы қатысушылары - банк иелері мен жеке трейдерлер ретінде алға шыққан жеке тұлғалар, содан кейінгісі заңды тұлғалар. Бүгінгі таңда бір мезгілде эмитент және трейдер болып табылатын бағалы қағаздар нарығының қатысушыларын бірнеше негізгі топқа бөлуге болады: ...

 

 

 

4. Зейнетақы нарығының қызмет етуі

 

 

... Зейнетақы реформасының негізі етіп чилилік үлгі қабылданды. Чилидегі зейнетақы жүйесі таратып тұратын механизмді ұстамайды және қызметкердің жеке шотына қаражатты толықтай жинақтауға және жарналарды капиталдандырып отыруға негізделген. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне енуші әрбір адам дербес шот алып, онда оның зейнетақы жарналары аккумуляцияланып, оның мөлшері анықталып белгіленеді. Бұл қаражаттар жеке зейнетақы қорларында жиналып, салымшылар зейнетақы жасына жеткенше олар зейнет төлемдерінің көздеріне айналады. Чилилік жүйе негізінен басқа қазақстандық үлгі өзіндік ерекшелігін және басқа елдердің тәжірибесін бейімдеп қабылдады, сол себепті әлемдік тәжірибедегі ең табыстылардың бірі болып саналады.

 

Қазақстан дербес зейнетақы аударымдары негізінде зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы жүйесіне 1998 жылы жоспарлы түрде өткен ТМД территориясындағы бірінші ел.

 

Зейнетақы реформасын жүргізудің негізгі мақсаты зейнетақы жарналарының дербестендірілген есебі арқылы экономикалық өсуді ескеріп, зейнетақымен еңбек салымын лайықтай отырып, қаржылық тұрақты және әділ жүйені оңынан тұрғызу.

 

Сонымен қатар, жинақташы зейнетақы жүйесі бірқатар мәселелерді шешуге арқау болды:

 

әлеуметтік кернеулікті жеңілдету, зейнетақы төлеу ауыртпалығынан бюджетті ақырындап босату, азаматтарда көп және ашық табыс табу құштарлығының көрінуіне септігін тигізу.

 

Зейнетақы реформасының нәтижесінде болшақ зейнетақылар сақталып арта түсетін болды, ал экономика тағы бір институционалдық инвестор – зейнетақы қорларын алмақ.

 

Қазақстанда Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық (ЗТМО) қүрылды. ЗТМО-дан зейнетақы алудың күқығына мына санаттағы азаматтар ие болады:

 

-                   1998 жылдың 1 қаңтарына дейін зейнетақы алғандар;

 

-                   әскери қызметкерлер, ішкі істер органдарының,  ҚР Әділет министрлігінің  қылмыстық атқару комитетінің қаржылық полиция органдарының қызметкерлері және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақыны алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін ҚР заңымен белгіленгенережеге сай әскери атағы бар мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері;

 

-                   1949 жылдың 29 тамызынан 1963 жылдың 5 шілдесіне дейін ең аз дегенде 10 жыл радиациялық қаупі жоғары және төтенше аймақтарда тұорған азаматтар: жалпы еңбек өтілі 25 жылды құрайтын ерлер 50 жасында, жалпы еңбек өтілі 20 жылды құрайтын әйелдер 45 жасында зейнетке шығып, ЗТМО-да зейнетақы алады;

 

-                   5 және одан да көп балалы әрі оларды 8 жасына дейін тәрбиелеген әйелдердің 1998 жылдың 1 шілдесінен бастап жыл сайын 6 айға аталған зейнетақы жасын біртіндеп арттырумен (алайда бұл тек 3 жылдан артық болмауы тиіс) жасына қарай зейнетақы алуына құқығы бар.

 

ЗТМО мемлекеттік кәсіпорын формасында құрылды. Бұл органның негізгі функцияларына мыналар жатады: ...

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. 1. Арыстанов А., «Корпоративные облигации как инструмент долгосрочного финансирования», Рынок ценных бумаг Казахстана, 2011, №12
  2. 2. Дүйсенбаев К.Ш., «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау»,      Алматы – 2011
  3. 3. Жуйриков К.К., «Роль и значение финансового капитала в рыночной экономике», Банки Казахстана, 2004, №9
  4. 4. Ковалев В.В., «Финансовый анализ», Москва – 2008
  5. 5. Ковалева А.М., «Финансы фирмы», Москва – 2012 ...