Курсовая работа: Азаматтардың меншік құқығы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Құқық
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
26

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ. 3

І. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР. 5

1.1 Меншік құқығының жалпы анықтамасы, түсінігі, ұғымы  және мазмұны.. 5

1.2 Меншік құқығының нысандары мен түрлері 7

1.3Меншік құқығына және өзге заттық құқықтарға ие болу негіздері 8

ІІ. АЗАМАТТАРДЫҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ.. 17

2.1 Азаматтардың меншік құқығының ұғымы мен түрлері 17

2.2 Азаматтардың меншік құқығының субъектілері 18

2.3 Азаматтардың меншік құқығының объектілері 19

2.4 Азаматтардың меншік құқығының мазмұны мен жүзеге  асырылуы.. 22

ҚОРЫТЫНДЫ.. 25

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 27

 

 

І. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1.3Меншік құқығына және өзге заттық құқықтарға ие болу негіздері

 

... Жоғарыда айтып өткеніміздей, меншік құқығын алудың туынды негіздері мирасқорлыққа сүйенеді. Меншік құқығын алудың ең көп тараған туыңды негізі затты бөтен біреуге беру болып табылады. Осындай жағдайларда шарт бойьшша затты алушының меншік құқығы дөл қашан пайда болғанын анықтау маңызды. Иеліктен айрылған заттардын кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупі сатып алушыда меншік құқығы пайда болумен бір мезгілде соған көшетін болғандыктан, аталған мәселе іс жүзінде маңызды рөл атқарады (АК-тің 190-бабы).

 

Азаматгық кодекстің 238-бабы шарт бойынша мүлік алушының меншік құқығы, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, зат берілген кезден бастап пайда болатынын бекітеді. 

 

Егер мүлікті иеліктен айыру туралы шарт мемлекеттік тіркеуге немесе нотариалдық куәлаңдыруға жататын болса, алушының меншігі құқығы тіркелген немесе нотариат куәландырған кезден бастап, ал шартты нотариаттың куәлаңдыруы да, мемлекеттік тіркеу де қажет болған жағдайда ол тіркелген кезден бастап пайда болады.

 

Азаматтық кодекстің 238-бабының диспозитивтік норма екендігін заң мәтінінен байқаймыз, ондағы тұжырым меншік құқығы ауысар сәтте тараптардың келісімімен немесе арнаулы заңмен өзгертілуі мүмкін. Тараптар мынадай келісімге келе алады: меншік құқығы (шаруашылық жургізу құқығы, оралымды басқару құқығы) мүлік алушыда шарт жасалған сәттен басталады, заттың толык кұнын төлеу жеткізілгеннен кейін жүзеге асады және т.б.

 

Азаматтық кодекстің 239-бабына сейкес, заттардың алушыға тапсырылуы сол сияқты, егер заңда немесе шартта көзделмесе, алушыға жөнелту үшін көлік үйымына өткізу және иеліктен айрылған заттарды жеткізіп беру міндеттемесінсіз алушыға салып жіберу үшін почтаға еткізу берілу деп танылады. Егер затты иеліктен айыру туралы шартты жасасу кезінде-ақ ол алушының иелігінде болса, зат оған сол кезден бастап жіберілген деп танылатыны тұжырымдалған.

 

Затқа коносамент немесе өзге де әкімші қүжат беру заттарды беруге теңестіріледі (АК-тің 239-бабы 2-тармағы).

 

Меншік құқығына ие болу негіздерінің тізбесі Азаматтық кодекстің 235-бабында қарастырылған, бірақ ол бәрін бірдей қамтыды деп айтуға болмайды. Оған алдымен Азаматтық кодекстің 235-бабында көрсетілген тізбелер қатысты: атап айтқанда, мына төмендегілер жатады: тұтыну (тұрғын үй-құрылыс, саяжай, гаражнемесе өзге) кооперативінің мүшелері, жарна жинақтауға құқығы бар, пәтер, саяжай, гараж және кооператив осы адамдардың пайдалануьша берген өзге де үй-жай үшін өзінің үлестік жарнасын толық төлеген басқа адамдар аталған мүліктің меншік құқығына ие болады. Демек, бұл заттарды иелену үшін осы мүліктер үшін өзінің үлестік жарнасын төлесе жетіп жатыр. ...

 

 

 

ІІ. АЗАМАТТАРДЫҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ

 

2.1 Азаматтардың меншік құқығының ұғымы мен түрлері

 

 

... Жеке кәсіпкерлік — азаматтардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытгалған ынталы кызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкерлердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады (АК-тің 10-бабы).

 

Кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру түріне орай жеке кәсіпкерлік занды тұлға құрылуымен (АК-тің 14-бабы), сондай-ақ занды тұлға белгілерінің болмауына байланысты занды тұлғаны құрмай-ақ жүзеге асады (АК-тің 19-бабы және Қазақстан Республикасьшьщ "Жеке кәсіпкерлік туралы" Заңының 1-ба- бы).

 

Азаматтардың жеке меншігіндегі мүліктерді, егер заңда өзгеше көзделмесе, біріктіруге болады. Онда мүлік бір мезгілде бірнеше адамның иелігінде болып, олардың әркайсысының үлесі айқындалады не айқындалмай-ақ бола береді, оны былайша айтқанда, үлестік меншік және бірлескен меншік деп те атайды.

 

Азаматтардың меншігі экономикалық категория ретінде жеке меншіктенудің барлық түрлерін қамтңды. Азаматтық құқық азаматтық мүлікке меншік қатыстылығын, оны иеленуін, пайдалануын, және билік етуін реттейді және бұл мүлікті қорғауды жүзеге асырады. Осындай меншік қатынастарын реттейтін нормаларының жүйеге келтіретін жиынтығы азаматтардың меншік құқығын құрайды, бұл обьективтік мағынадагы меншік құқығы болып табылады. Меншік құқығы субъективті тұлгалық мағынада азамат құқығының заң нормалары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иеленуі, пайдалануы және билік етуі. ...

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

  • 1. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Төлеуғалиев Ғ.     Жалпы бөлім. 200-290-бет
  •  
  • 2. 

Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Батырбаев Н.М.  (Жалпы бөлім) Түркістан 2007   (119-125 б.

3. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Төлеуғалиев Ғ. 1-том    Алматы «Жеті жарғы» 2001ж. (213-219 б.)