Реферат: Қылмысқа қатысушылықтың түсінігі


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Қылмысқа қатысушылық
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
22

Жоспар

 

1 Қылмысқа қатысушылықтың түсінігі........ 3

2 Қылмысқа қатысушылықтың объективтік және субъективтік  белгілері........ 16

3 Қылмысқа қатысушылықтың субъективтік белгілері........ 18

Пайдаланылған деректер........ 22

 

 

1 Қылмысқа қатысушылықтың түсінігі

 

 

Соңғы жылдары елімізде қылмыстылықтың, оның ішінде ұйымдасқан түрде жасалатын қылмыстардың өсуі байқалады. Сот практикасы материалдарына сүйенсек, қазіргі кезде қоғамның даму бағытының өзгеруіне байланысты бұрын жасалынбаған, жаңа қылмыстар түрлері орын алуда. Ұйымдасқан түрде қылмыс жасаушылардың әрекеттері, әсіресе меншікке, экономикалық қатынастарға, қоғам қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарда жиі кездеседі. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек Қазақстан Республикасының   Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу Комитетінің статистикалық мәліметтері бойынша Республикада  1998 ж – 142100; 1999 ж – 139431; 2000 ж – 150790; 2001ж – 152168; 2002 ж – 135151; 2003ж – 118485; 2004ж – 143550 қылмыс тіркелген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мәліметтері бойынша, бүкіл Республика көлемінде соңғы 7 жылда 1998ж-18529; 1999ж-19798; 2000ж-20528; 2001ж-21129; 2002ж-18741; 2003ж-15790; 2004ж-13808 топ адамдардың жасаған қылмыстары тіркелген. Егер, осы топ адамдар қылмыстарының жалпы қылмыстылықтың ішіндегі үлес салмағын анықтасақ, онда 1998 жылы тіркелген қылмыстарда топ адамдардың қылмыс жасауы 13,0%; 1999 ж-14,1%; 2000 ж-13,6%; 2001 ж-13,8% 2002ж-13,8%; 2003ж-13,3%; 2004ж-9,6% алады.

 

 

2 Қылмысқа қатысушылықтың объективтік және субъективтік  белгілері

 

 

Қылмысқа қатысушылықтың объективтік белгілері ретінде жасалған қылмысқа кем дегенде екі адамның қатысуы, іс-әрекеттердің бірлескен түрде  орындалуы немесе бұл іс-әрекеттердің бір-бірімен себепті байланыста болуы алынады.

 

Қылмысқа қатысушылықтың негізгі белгілерінің бірі екі немесе одан көп адамдардың әрекет етуі болып табылады. Жасалған қылмысты әрекеттерді қылмысқа қатысушылыққа жатқызу үшін кем дегенде екі адамның арасында бірлесіп қылмыс жасау туралы ой болуы шарт. Ал үшінші, төртінші адамдар кәмелетке толмағандар, абайсыздықта қылмыс жасаушылар болғанымен, әдепкі екі адамның әрекеті қылмысқа қатысушылыққа дәл келуі керек. Демек, кем дегенде екі адам қылмыстық жауаптылық жасына жеткен, есі дұрыс және абайсыздықта емес, қасақаналықпен бірлесіп қылмыс жасау туралы ойда болуы керек.

 

Қылмысқа қатысушылардың арасында «бірлесу» белгісінің болуын зерттеу әдебиеттерінде әр көлемде қарастырады. Бірлесіп қатысу белгісінің сипатын анықтағанда, кінәлілердің қоғамға қауіпті іс-әрекетті өзара байланыста жасауын және қылмыстың зардабына да әр бір қатысушының байланысы болуын анықтауымыз керек. Қылмысқа қатысушылықтағы «бірлесу» белгісі қылмыс жасаудың бастапқы кезеңінен соңғы кезеңіне дейін түгел орын алады және бұл белгі мынандай элементтерден құралады: ...

 

 

3 Қылмысқа қатысушылықтың субъективтік белгілері

 

 

Қылмысқа қатысушылықтың субъективтік белгілері ретінде қатысушыларда қасақаналықтың, қылмыс жасауға деген ой бірлестігінің болуы және алдын ала келісімнен құралады.

 

Қылмысқа қатысушылықтың объективтік белгілері тәрізді бұл белгілерде қылмысты бірлесіп жасаудың бастапқы сатыларынан бастап қылмыс салдары туындағанға дейін орын алады.

 

Жоғарыда айтылғандай, қылмысқа қатысушылықтың кінә түрі туралы бұрынғы зерттеу әдебиеттерінде абайсыздықтағы қылмысқа қатысушылықтың болуына жол берілген. Бірақ кейінгі уақыттарда осы тақырыпты арнайы зерттеген ғалымдар қылмысқа қатысушылықтың тек қасақана түрде жасалғанда бір неше адамдардың бірлескен әрекеттерін құрап, жауапкершілікті жүктеуге болатынын дәлелдеді. Ал кінәнің абайсыздық түрімен де қылмысқа қатысушылықтың болу мүмкіндігін ұсынушылардың бағытын қылмысқа қатысудың акцессорлық теориясына жатқызды. Қылмысқа қатысушылықтың акцессорлығы дегеніміз, азғырушылық, көмектесушілік әрекеттердің қылмысты орындаушының әрекеттеріне тәуелді болуын білдіреді. Нәтижесінде орындаушы бар болса, онда қылмысқа қатысуда бар, ал орындаушы жоқ болса немесе ол қылмысты орындаудан бас тартса, онда қылмысқа қатысушылықта жоқ болып есептеледі. Мұнда абайсыздықта қылмыстық зардапқа әкелген әрекетпен басқа адамдардың да іс-әрекеттері қандай да бір байланыста болса, осы әрекеттен туындаған зардап басқалардың да кінәсіне жатады. Қылмысқа қатысушылықтағы кінәнің абайсыздық түрін Ұлыбритания, АҚШ, Франция мемлекеттерінің қылмыстық құқықтарынан кездестіруге болады.

 

Қылмысқа қатысушылықтағы қасақаналықтың интеллектуалдық белгілерін былай анықтауға болады:

 

а) жасалатын іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін білуі;

 

ә) ....

 

Пайдаланылған деректер

 

 

13.  Уголовный кодекс РСФСР 1922 года.

 

14.  А.Я. Вышинский. Вопросы теорий государства и права. – Москва: Госюриздат, 1949.

 

15. М.Д. Шаргородский. Некоторые вопросы общего учения о соучастии /Правоведение  № 1, 1960.

 

16. Советское уголовное право. /Под ред. Г.А. Кригера, Б.А.  Куринова, Ю.М. Ткачевского. –М., изд. Моск. ун-та, 1981.