Доклад/Баяндама: Табиғат, экономика, мемлекет және құқық


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Қылмысқа қатысушылық
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
6

<...> Басты міндеті – халық шаруашылығын шикізатпен, энергиямен қамтамасыз ету, еңбекшілердің демалу жағдайларын табиғат заңдарымен ұштастыру. Адамның, қоғамның табиғатпен қатынасы әр қоғамдық формацияда әртүрлі. Өндірістік күштер мен меншіктің барлық түрі бірігіп табиғатпен қорғау жұмысын сапалы жүргізуге міндетті.

Казіргі кезеңде Қазақстан Республикасының алдында аса күрделі геосаяси, өркениеттік, экономикалық, әлеуметтік, этникалық және мәдени проблемалар тұр. Қазақстанның экологиялық қиын жағдайы, онымен байланысты ұлттық өркендеудің әлеуметтік саяси және мәдени мәселелері жөнінде айтылар сөз көп. Солардың қай-қайсысын болмасын сәтті шешу халықтың экологиялық санасының өсуіне, ұлттық мәдениеттің жоғары деңгейінде болуына тығыз байланысты.

Өткен жылдар Қазақстан тарихы беттерінде, қиыншылығы мен қайшылығы мол өзіндік қол таңбасын қалдырды. 1949–1991 жылдары арасындағы – радиоактивті ластаушылардың негізгі көзі – сынақ үшін жасалынған ядролық жарылыстар. XX ғасырдың ұлы экологиялық апаты болып табылатын – Арал аймағының трагедиясы. Қазақстанның орасан зор кеңістігіндегі тұрақты қоныс тепкен ауыр өнеркәсіптің өндіруші және өңдеуші кәсіпорындары, әскери өндіріс кешенінің әлемді тітіреткен аса қуаты да қаһарлы объектілері.