Доклад/Баяндама: ХVІІІ ғасырдағы Цин патшалығы мен қазақтардың қарым-қатынасы


Цена: 1 Скачать
Предмет:
История Казахстана
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
17

Жоспары

1. Кіріспе.

Қазақ ұлты ерте заманда батыс алқапты мекендеген .... 

2.    Негізгі бөлім

 XVIII ғасырдың алғашқы жарымында қазақ даласы құлға айналым қауіпіне тап болды.

3.    Қортынды.

4.  Пайдаланылған әдебиеттер

 

ҚОРЫТЫНДЫ


          XVIII  ғасырдың  орта  шенінде  қазақтардың ,  анығырақ  айтқанда ,  ұлы  жүз  бен  орта  жүз  қазақтарының Цин  патшалығына  қарауы  тарихи  дамудың  тариғи  нәтижесі,  қазақ  халқының  өз  еркіне  байланысты  еді.  Қазақтардың  Цин  паишалығына  қарауындағы  бірден – бір  мақсаты  өздерінің  ата – мекені  Тянь-Шань  тауының  солтүстігіне  қайта  оралып,  Цин  үкіметіне  ел  болу  еді  деуге  болады.  Бірақ,  Цин  патшалығы  оларға  қарата  шекарадан  өткізбеу  сынды қате  саясат  қолданды.  Солай  да  Цин  патшалығының  Чиңжиандағы  ұйғыр , моңғұл  қатарлы  ұлттар мен  нухан  сияқты  тәуелді  елге  қолданған  саясаттарын  қазақтарға  қаратқан  саясаттарымен  азырақ  салыстырып  көрсек,  қазаққа  қолданған  саясатының  ерекшелігін  байқап  алуға  болады.
         Цин  үіметі  ұйғыр,  моңғұлдарға  қарата  бектік... тікелей  үстемдік  жүргізу  түзімін  орнатқан.  Ал  қоқандарға  қарата  шен  бермеу,  саудагерлерінен  шекара  бажысын  алу  сынды  саясат  қолданды.  Ал  қазақтардың  қоғамдық  құрылымын  өзгертпегенімен ,  ұлы  жүз  бен  орта  жүз  хандарының  ауысуын  бүкілдей  Цин  ордасы  бекітіп  отырды.  Қазақ  саудагерлерінен  бажы  алу  саясатын  қолданған  жоқ.  Бұл  назар  аударуға  әбден  татиды.  Цин  ордасы  Орта  Азиядағы  қазақтармен  бірге  бұраттарға ( қырғыздарға )  басқаша  көзбен  қарады.  Үй  Иан:  ( Шинжиаңның  оңтүстігі  мен  солтустігінің  екі  жағын  бұратаналар  қоршай  қоныстанған , ал  бізге  іргелес  қонып,  қорғаушы  болған  тек  қазақ пен  бұраттар  ғана  ”,-  деген  еді.  Жалпы  алғанда  Цин  үкіметінің  қазақтарға қаратқан  саясаты,  ұйғырларға  қаратқан  саясат  пен  қоқандарға  қаратқан  саясаттың  арасындағы  бір  түрлі  ерекше  саясат  болып  табылады.
         Ұлы  жүз  бен орта  жүз  қазақтары  Цин  патшалығына  қарағаннан  кейін ,  еңбекші  қазақ  халқының  ата  мекені  қайта  оралу  тілегі  күшейе түсті.  Сондықтан  олар  шар  Россияның  қат – қабат   кедергілерін  талқандап,  Цин  патшалығы  әскерлерінің  қуғындауына  қарамастан  ата  мекеніне  көшіп  келді.  Ең  соңында  Цин  үкіметінің  шындық  алдында  мойындамасқа  лажы  қалмады.  Қазақ  халқының  бұл  әрекеті  Цин  үкіметінің  қамқорлығымен  Отанға  қайта  оралып , Цин  хандығының  ерекше  орналастыруына  ие болған  торғауыттардың  әрекетімен  салыстырып  қарағанда  аса  қымбатты  еді.  
         XVIII  ғасырдағы  Цин  патшалығы  мен қазақтардың  саудасында,  Цин  үкіметі   ” екі  жақ  тең  пайда  табу ”  сынды  сауда  жолын  қолданғандықтан  әрі  сауда  барысында  көрілген  мәселелерді  үздіксіз  шешіп  отырғандықтан,  Цин  үкіметі  мен  қазақтардың  саудасы сәтті  дамыған.   Қазақтар  Цин  үкіметімен  сауда , барыс – келіс  қимылдарын  өрістету  арқылы  тоқыма  бұымдары  қатарлы  тұрмысқа  қажетті  бұйымдарға  қол  жеткізіп , экономикалық  тұрмыстарын  байыта  түскен.  Ал  Цин  үкіметі  қазақтармен  сауда  жасау  арқылы ,  әскерлерге  және  тың  игеруге  қажетті ат – көліктерді  шешім  етіп,  Шианжиаң  өндірген  күштерінің  дамуын  және  шаруашылығын  қалпына  келуін  тездетті.  Белгілі  дәрежеде  ішкі  өлкелердің  де  қажетін  қамтамасыз  етіп  отырды.  Қорытып  айтқанда ,  Цин  үкіметі  мен  қазақтардың  саудасы , экономика,  мәдениет  ауысуды  ілгерлетуге ,  қоғамдық  өндіргіш  күштерді  дамытуда  келелі  меңызға  ие.  Алайда  Цин  патшалығының  қазақтарға  ұстаған  негізгі  позитсиасы  иен  саясатының ,  сондай- ақ ,  батыс  солтүстік  шекараны  кілең  әскери  шарлау  мен  қорғау  саясатының   кетіріп  шығарған  зардабының  төтенше  ауыр  болғандығын  айта  кеткен  орынды.  Бұл  мәселе  туралы тоқталамыз.