Доклад/Баяндама: Қазақ халқының жоқшысы


Цена: 1 Скачать
Предмет:
История Казахстана
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
6

Сейтқали Меңдешов – жиырмасыншы жылдардағы ірі саяси тұлғалардың бірі. Көзінің тірісінде-ақ «тұңғыш қазақ президенті қазақ жерінің жоқшысы» атанған С. Меңдешевтің туған халқына сіңірген еңбегін ешкім жоққа шығара алмайды.
С. Меңдешевтің жиырмасыншы жылдардағы қоғамдық саяси өмірі туралы айтпастан бұрын оның Бөкей Ордасындағы ағартушылық қызметіне, 1916 жылғы ұлтөазаттық көтеріліс басшылық жасағанына, кейін кеңес өкіметін орнатудағы еңбегін тоқталып кеткеніміз жөн. 
Ол Бөкей ордасының Қамыссамар көлінің жағасындағы шағын ауылда 1882 жылы дүниеге келген. Оның өскен ауылының кәсіби балық аулау болатын. Өсе келе Сейітқали да осы кәсіппен шұғылданды. Тұрмыс пен тіршіліктің арқауы болған балық аулау байлығы Сейітқалиды өзен-көлдің сырына тереңірек үңілуге, оны молырақ білуге ынтызар етті. Бірақ тағдыр Сейітқалиды балықшылықтан аулаққа алып кетті. Бұған туған ауылы мен іргелес болып, орысша қазақша оқытатын мектептің болуы себеп еді. 
Сейітқали қазанда оқыған кезінде тек қана білім қумай, прогрессшіл бағыттағы оқытушылармен де танысып, байланыс жасап саяси жағынан да білімін толықтырып, дүниеге көзқарасын қалыптастыра бастайды. 
1905 ж бірінші орыс революциясы жас мұғалім Меңдешевке үлкен ісер етеді. Ол жергілікті жерде азын-аулақ сезімі бар адамдардың басын қосып, жасырын ұйымдар құрады. Саяси үгіт жұмыстарын жүргізеді.
1907-1908 жылдары революцияшыл мұғалім, дәрігерлер Ордада жасырын кәсіпшілік одағын ұйымдастырады. Оны ұйымдастырушылардың бірі Сейітқали Меңдешев болды. Жылдар өткен сайын Сейітқали саяси жұмыста шыңдала түсті. Оның бұл кездегі саяси көзқарасының қалыптасуына Петербургте болуы әсер етті. 
Ол 1913 жылы Петербургте болған бүкіл Ресейлік халық ағарту ісіне Бөкей Ордасынан делегат болып қатынасты. Бөкей Ордасы халықтар арасында халық ағарту ісінің жайы жөнінде баяндама жасады. Қазақ балаларының білімге құштар екенін, бірақ оған қазір жетпей отырғанын мәлімдейді. Бұл сапарында Петербургтың саяси ақуалымен кеңірек танысып қайтады. Сондықтан қазақ жеріндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске ол қалай-солай қарай алмай, Бөкей Ордасындағы ұлт-азаттық көтеріліске белсене қатысты. Бұған осы оқиға болар алдында Петербургке екінші рет барып қайтуы, онан тағы да үлкен саяси нәрмен оралуы себеп болды. 
Сейітқали Меңдешевтың Петербургке бұл жолғы сапары мына жағдайға байланысты болды. Астрахань губернаторының жер бөлу жөніндегі әділетсіздігіне Бөкей Ордасының бір топ қазақтары наразы еді. Осыған орай арыз бен сол кезеңнің беделді екі адамы – Нығметолла Ыбрагимов пен Ғұбайдолла Ахметовты Петербургке жіберуді ұйғарды. Ал, ол екеуі Петербургке Сейітқали Меңдешевтың жол бастап баруын және патша әкімшілігіне жолыққанда тілмәш болуын қалайды. Сейітқали олардың өтінішін қабыл алады.