Реферат: Windows жүйесіндегі Excel бағдарламасы


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Информационные системы и технологии
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
22

Жоспар

 

1. Windows жүйесіндегі Excel бағдарламасы..........3

2. Excel бағдарламасын іске қосу..........3

3. Формулаларды енгізу..........10

4. Диаграммаларды жасау..........14

5. Excel бағдарламасының электрондық кестесіндегі мәліметтер базасы..........20

 

 

1. Windows жүйесіндегі Excel бағдарламасы

 

Mіcrosoft Excel электрондық  кестесі. “Электрондық  кесте” деген термин кесте түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеу  деген  ұғымды  білдіреді.  Кестелерді  өңдеу  мыналардан тұрады:

•  Функциялар  мен  формулаларды  пайдалана  отырып  әр түрлі есептеулерді жүргізу

•  Түрлі-түрлі  факторлардың  мәліметтерге  тигізетін  әсерін зерттеу

•  Оптимизация

 

2. Excel бағдарламасын іске қосу

 

...EXCEL бағдарламасының жұмыс кітабы

•  Жұмыс  кітабы  құжаты  бірнеше  парақтардан  тұрады.

Жұмыс кітабына мысал ретінде кадрлар, салықтар, бұйрықтар жинақталған ұйымдық құжаттар жиынтығын айтуға болады.

•  Парақтар жұмыс кітабындағы жеке құжат.

•  Қолданылатын парақтардың саны Қызмет - Параметерлер - Жаңа парақтағы кітаптар арқылы, ал Файл - Құрастыру, арқылы жаңа жұмыс кітабы жасалады.

•  Парақтың  атын  өзгерту – Формат - Парақ  атауын  өзгерту деген бұйрықтармен жаңа ат қою арқылы іске асады.

•  Парақтардың  орнын  өзгерту -  маркер  арқылы  парақтың атын қоршап, оны жаңа орынға көшіру арқылы орындалады.

•  Парақ - бұл деректерді кіргізу алаңы деуге болады. Ал әр парақта А, В, Z, АА, АZ, ВА, ВВ, ІU, ІV (барлығы 256 бағана) 1, 2, 3-тен  басталатын (барлығы 65536) жол  бар.  Барлық ұяшықтар  жеке  торларға  бөлінген.  Торларды  Қызмет – Параметрлер - Түр-Торды басып ең соңында ОК арқылы алып тастауға болады...

...

•  Жеке  белгілерді  тақтаға  шығару — ол үшін  Түр - Саймандар тақтасы - қалыпқа келтіру - бағыттауды таңдау керек.

Категория  бағанасындағы  қажетті  белгілерді  басып,  оны тақтадағы  бос  орынға  алып  келу  керек.  Немесе  белгіні  бетке шығырып, сол арада жабу қажет. Кез-келген белгімен танысу үшін тышқанды басып, түсініктемені оқу керек.

•  Жеке қажет емес белгілерді тақтадан алып тастау үшін, Түр- Саймандар тақтасын басып, қажетсіз белгінің шекарасын белгілеп, экраннан тыс бос орынға тасымалдау керек. Немесе белгіні параққа шығарып, сол арада жабу қажет.

...Егер  бірінші  символ-әріп  немесе “” (апостроф)  болса,  онда  ұяға  мәтін  енгізіледі.  Егер  де  бірінші символ цифр немесе “=” болса, онда ол ұяға формула немесе сан  енгізілетінін  білдіреді.  Енгізілген  мәліметтер  ұя  ішінде немесе  формула  қатарында  бейнеленеді  және  оларды  енгізу Enter  пернесін  немесе  бағыттауыш  пернелердің  бірін  басқан кезде аяқталады.

Мәтінді енгізу

Мәтін  кез-келген  символдар  тізбегі,  егер  мәтін  цифрдан басталатын болса, онда оны “”таңбасымен бастау қажет. Егер мәтін ені ұяның енінен  артық болса, онда экрандағы элемент солардың  ішінен  көрініп  тұрады.  Ал,  егер  оң  жақтағы  ұяға басқа  мәлімет  енгізілсе,  онда  оның  алдындағы  көрінген мәлімет тек өз ұясында ғана бейнеленіп қиылып қалады...

 

 

3. Формулаларды енгізу

 

Excel  бағдарламасындағы  ұяшықтарда  арифметикалық амалдарды орындау үшін:

•  Нәтиже  шығатын  ұяшықты  көрсетіп,  алғашқы  күйдегі белгісін  теру  керек.  Формула  сақталғаннан  кейін ENTER пернесіне басу немесе формула қатарын басу қажет.

•  Қажетті ұяшықтың адресін термей-ақ оны басуға болады.

Ол  ұяшықтарға  қосу,  алу,  көбейту,  бөлу,  азайту, үлкен  тең, кіші тең, тең емес амалдары теріледі.

•  Қиын  көп  қабатты  формулалар  бір  қатарда  теріледі.

Сондықтан орындау ретін көрсету үшін дөңгелек жақша қажет.

•  Мастер функция анықтамасына кіру үшін математикалық категорияны, функцияны таңдап анықтама бұйрығын орындау керек.

Көшірме алу кезінде түп нұсқа түріндегі мәлімет өз орнында  қалады,  ал  басқа  орында  оның  көшірмесі  қосымша  пайда болады.  Көшірме  алу  операциясы  жылжыту  тәрізді  орындалады, тек бұл жолы Ctrl пернесін басулы күйінде ұстап тұру қажет.

Плюстпен  толтыру  әрекеті  арқылы  да  көшірме  алуға болады. Курсорды тордың оң жақ төменгі шетіне алып барса, ол “плюс ” таңбасына  айналады,  оны  толтыру  маркері  деп атайды.  Толтыру  әрекетін  оңға  қарай  және  төменгі  бағытта жүргізеді.  Толтыру  жылжыту  сияқты  орындалады,  бірақ  бүл сәтте  курсор  ұяның  немесе  блоктың  оң  жақ  төменгі  шетінде тұруы тиіс. Толтыру кезінде бастапқы ұядағы немесе блоктағы мәлімет  тышқанды  басып  тұрып  оны  жылжыту  арқылы бірнеше рет қайталана алады. Бұл тәсіл, әсіресе формулаларды көшіруге өте ыңғайлы.

Ұяларды өшіру, тазалау

...•  Кестеге бос қатар қосу үшін, маркердің алдындағы қою қатарын таңдау қажет. Осыдан кейін қатар саны шұғыл түрде өзгереді.

•  Маркер  алдындағы  кестеге  бос  бағана  қосу үшін,  қою бағана бұйрығын орындау қажет. Осы сәтте бағана белгілері де өзгереді.

•  Бағыттауыш алдына бірнеше бос қатар қосу үшін қажетті қатарды белгілеп, қою қатар шартын орындау керек.

•  Жылдам мерзімді рет-ретімен орналыстыру үшін (нөмір реті,  кестеге  аргумент  мағынасы),  ұяшықта  алғашқы  күнді теру, мәселен дүйсенбі немесе дүйсенбі-қыркүйек немесе 1. 02. 02. т. с. с. Ол үшін маркерді ұстап ұяшықтың оң жақ төменгі бұрышы және қасында тұрған қатар немесе бағанаға орналастыру керек. ( тышқанды басып тұрып, жылжыту қажет).

...•  Нүктені жаңа орынға ауыстыру үшін, белгіленген нүкте аумаған ұстап, орнын ауыстыру керек.

•  Макросты орындауда саймандар қатарында нүктені құру үшін, Түр-саймандар қатары-бұйрық- макрос-бағытталған нүкте бүйрығын орындау керек.

•  Ұнаған нүктені алып, бос орынға ауыстыру үшін, тақтадағы нүктені басып, оған арналған макросты орындау керек.

•  Тақтадағы нүктенің суретін өзгерту үшін, Түр-саймандар тақтасы, қою амалын орындау қажет. Тышқанның оң жағымен тақтаның  нүкте  белгісін  өзгертіп,  өзгерту  бұйрығынан  кейін ОК және жабуды басу керек.

 

 

4. Диаграммаларды жасау

 

...Мұнда ЕхсеІ бағдарламасында Диаграмма шеберінің <5-тен 1-қадам>  деген  сұхбат  терезесін  шығады.  Осы  терезеде диаграмманы  тұрғызатын  мәліметтер  орналасқан  ұялар  белгіленеді.  Егер  белгіленетін  блокты,  терезе  жауып  тұрса,  оны басқа  орынға  жылжытуға  болады.  Тышқанмен 13:16 блогын белгілеп алып, Диаграмма шеберінің Келесі сөзін таңдау керек.

2- қадам

Келесі сұхбат терезесінде Excel бағдарламасы тұрғыза алатын  диаграмма  түрлерінің  ішінен  қажетті  біреуін  таңдап  алу керек. Гистограмма диаграмма түрін тышқанды басу арқылы таңдап алып, Келесіге көшу қажет.

3 -қадам ...

...Диаграмма жақтауының ортасындағы маркер оның ұзындығы мен  енін  өзгертуге  мүмкіндік  береді.  Ал  оның  бұрышындағы маркерді жылжыту арқылы диаграмманың ұзындығы мен енін бірдей өзгертуге болады.

Диаграмманың түрін өзгерту

Диаграмма шебері арқылы түрді таңдап алынғаннан кейін, Excel  бағдарламасы  ішкі  түрлерін  өзгертуге  мүмкіндіктер жасайды.  Диаграмманы  түзету үшін,  оны  тышқанды  екі  рет басу  арқылы  белгілеп  алу  қажет.  Диаграмма  айналасында штрих талған жақтаулар пайда болады. Осыдан кейін диаграмма саймандар тақтасы көмегімен диаграмманың түрін өзгертуге болады:...

...Тақырыптарды енгізу

Тақырыптарды  енгізу үшін,  диаграмманың  аумағын  форматтаудың  контекстік  менюін  шақырып  немесе  негізгі  меню жолынан  Вставка-  Вставить  названия-  Присоеденить  текст командасын орындау қажет.

Тақырыпты мәтіндік өріске бірден енгізу арқылы немесе ол жазылған ұяны таңдап алу арқылы жазуға болады.

1. Атын енгізу үшін-присоеденить текст командасын таңдау керек

2. Формулалар ...

...•  Диаграмманы  өшіру үшін,  оны  көрсетіп,  маркерді алғаннан кейін DEL пернесіне басу керек.

•  Құжаттарды  сақтау  және  файлды  құпия  түрде  жасау үшін,  Файл-  қалай  сақтау-параметрі  бұйрығын  орындап, файлды  ашу үшін  парольді  теріп (15 символға  дейін),  ОК-ға басып, файлды сақтау керек.

•  Құжаттағы парольді алып тастау үшін оны ашып, парольді  теріп,  Файл-қалай  сақтау-параметрі  бұйрығын  орындау қажет. BACK немесе DEL пернелері  арқылы  терезедегі  жұлдызшаны  өшіруге  болады.  Осыдан  кейін  құжатты  кез-келген оқи алады...

 

 

5. Excel бағдарламасының электрондық кестесіндегі мәліметтер базасы

 

...Данные – Сортировка командалары мәліметтер базасын сұрыптап,  белгілі  бір  ретке  келтіріп  оларды  қайта  орналастырады. Ол үшін Мәліметтер базасының бір аумағын ерекшелеп немесе сол аумаққа кестелік бағыттауышты орналастырып, Данные – Сортировка  командаларын  орындау  керек.  Сонда аралықты  сұрыптау  сұхбат  терезесі  мониторға  шығады.  Сол терезедегі  сұрыптау  деген  жолдағы  сұрыптауға  негіз  болатын өріс атауын таңдап алу қажет. Осыған қоса оның қасындағы сұрыпталудың  өріс  мәндерінің  өсуі  бойынша,  не  кемуі бойынша деген екі мүмкіндігінің бірін ерекшелеп, соңында ОК-ға  басу  керек.  Осы  әрекеттерден  кейін  мәліметтер  реттеледі, ал символдық өрістер алфавит бойынша реттеледі.