Курсовая работа: «Дәріхана» ақпараттық жүйесін құрастыру+Программа в Делфи (2015 ж)


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Программирование
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
34

Жоспар


Кіріспе    3
1 Теоретикалық бөлімі    5
1.1 Ақпараттық ресурстарды анықтайтын негізгі ұғымдары    5
1.2 Ақпараттық ресурстардың қызметі    8
1.4 Техникалық қамтамасыз етудің сипаттамасы    13
1.5 «Дәріхана» ақпараттық жүйесін құру жобасында қолданылған негізгі компоненттерді сипаттау    14
2 Жобалау бөлімі    18
2.1 Бағдарламалық қамтамасыздандыру    18
2.2 «Дәріхана» ақпараттық жүйе құру    21
3 Жобаның экономикалық тиімділігін негіздеу    26
3.1 Экономикалық тиімділігінің есептеу әдістемесін таңдау және негіздеу    26
3.2 Жобаның экономикалық тиімділік көрсеткішін есептеу    26
Қорытынды    29
Әдебиеттер тізімі    31
Қосымша    32

 

1 Теоретикалық бөлімі

1.1 Ақпараттық ресурстарды анықтайтын негізгі ұғымдары


Қазақстан Республикасында әрекет ететін “Ақпараттандыру туралы” Заңына сәйкес ақпараттық ресурстар – ақпараттық жүйелерде бар, тиісті бағдарламалық қамтамасыз етумен біріктірілген және ақпаратты пайдаланушылардың мүдделігін туғызатын электрондық жүйелендірілген ақпарат (ақпараттық деректер базалары) [1, 28б.].
Ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қорғау - ақпаратты алу, көшірмесін түсіру, тарату, бұрмалау, жою немесе оған тосқауыл қою жөніндегі іс-әрекетті қоса алғанда, ақпараттық ресустарға, ақпараттық жүйелерді заңсыз қол жеткізуді болғызбауға бағытталған құқықтық, экономикалық және ұйымдық-техникалық іс-шаралар кешені;
Ақпараттық процестер – ақпараттықтехнологияларды пайдалана отырып, ақпаратты жасау, жинау, өңдеу, жинақтау, сақтау, іздеу, беру, пайдалану және тарату процесстері;
Ақпараттық  қызметтер көрсету – пайдаланушыларға олардың сұратуы бойынша немесе тараптардың келісімі бойынша ақпараттық ресустарды, ақпараттық жүйелерді беру жөніндегі қызмет;
 Ақпараттық ресустарды, ақпараттық жүйелерді және ақпараттық қызметтер көрсетуді пайдаланушы – ақпараттық ресустар мен ақпараттық жүйелерді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен немесе тараптардың келісімі бойынша пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе ұйым;
Ақпараттық жүйелерді иеленуші – ақпараттық жүйелерге меншік құқығын және (немесе) өзге де құқықтарды иеленетін жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе ұйым;
Ақпараттық ресустарды иеленуші – ақпараттық ресустарға меншік құқығын және өзге де құқықтарды иеленетін жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе ұйым;
Жасырын мәліметтер – мемлекеттік құпияларды құрамайтын, Қазақстан Республикасының заңдарына немесе тараптардың келісіміне сәйкес қол жеткізу шектелген ақпарат:
Құжатталған ақпарат – материалдық жеткізушіде өзін бірдейлендіруге мүмкіндік беретін реквизиттермен қоса тіркелген ақпарат; 
Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары:
1 ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеу;
2 ақпараттық қызметтер көрсету қорыны қалыптастыру үшін жағдайлар қамтамасыз етуге;
3 Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңдарын әзірлеуге және жетілдіруге;
4 мемлекеттік ақпараттық ресустарды, ақпараттық жүйелерді, ақпараттық желілерді қалыптастыруға және дамытуға, Қазақстан Республикасының біртұтас ақпараттық кеңістігінде олардың сыйысымдылығын және өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге;
5 мемлекеттік ақпараттық ресустар мен ақпараттық жүйелерді тіркеуді жүзеге асыруға; 
6 электрондық құжат айналымы жүйесін дамыту, электрнодық құжатты және электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану үшін жағдайлар жасауға;
7 ақпараттандыру саласындағы бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты ақпараттық технологиялар дамуының әлемдік деңгейін ескере отырып қалыптастыруға және жүзеге асыруға ;
8 мемлекеттік ақпараттық ресустар мен ақпараттық жүйелерді қорғауды ұйымдастыруға бағытталған.
Ақпараттық ресустар мемлекеттік және мемлекеттік емес болуы мүмкін.
Мемлекеттік ақпараттық ресустарға мемлекеттік органдардың және мемлекеттік бюджет қаражат есебінен құрылартын (қолдау көрсетілетін), Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен есепке алынуға және қорғалуға тиіс ақпараттық ресустары жатады.
Мемлекеттік емес ақпараттық ресустарға жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық ресустары жатады.
Ақпараттық ресустарға меншік құқығы мен өзге де құқықтар.

 

1.3  Ақпараттық нарықтың тағайындалуы


Дәстүрлі ресурстар мен өнім түрлерін пайдаланған сияқты, адамдар келесілерді білуі керек: ақпараттық ресурс қайда болады, қанша тұрады, оларды кім біледі, кімге олар қажет, оларға қаншалықты енуге болады.
Ақпараттық өнім және қызмет көрсету нарығы (ақпараттық нарық) – коммерциялық негізде интеллектуалды еңбек өнімінің саудасы бойынша экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық қатынастар жүйесі.
Қазіргіге қарағанда ақпараттық қызмет көрсету үшін ақпараттың негізгі түрі мәліметтер базасы болып табылады. Олар ақпараттық қызметті ұсынушылар мен тұтынушыларды қызықтырады, олардың арасындағы байланыс, ақпараттың қызметі сату мен сатып алу тәртібімен шарттары.
Ақпараттық өніммен қызметтің ұсынушылары келесілер болып табылады:
- мәліметтер базасы құрылатын және сақталатын, үнемі жинақталып, алдағы ақпарат редакторланатын орталықтар;
- әр түрлі мәліметтер базасы негізінде ақпаратты белетін орталықтар;
- телекоммуниация және мәліметтер тарату қызметі;
- нақты іс-әрекет саласы бойынша ақпарат келіп түседі, оларды талдау, жалпыландыру, болжауды арнайы қызметтері, мысалы, консалтинг ұжымлар, банктер, биржалар;
- коммерциялық формалар;
- ақпараттық брокерлер.
Ақпараттық өнім мен қызметті пайдаланушылар міндеттерді шешетін әр түрлі заңды және жеке тұлғалар болуы мүмкін.
50 жылдардың ортасында тұрақты ақпараттық қызмет көрсету нарығы қалыптаса бастады. Ақпараттық қызметтің негізін қалаушылар: академик, кәсіптік және ғылыми-техникалық қоғам, мемлекеттік мекеме, оқу орындарының ақпараттық қызметтері болып табылады. Негізгі тұтынушылар ғылым мен техника саласындағы ғалымдар мен мамандар.
60-шы жылдардың басында ақпараттық қызмет көрсету нарығымен қатар ақпаратты электрондық өңдеу мен тасымалдау қызметі нарығы қалыптаса бастады. 

2 Жобалау бөлімі

2.1 Бағдарламалық қамтамасыздандыру


Delphi ортасы – визуалды бағдарламалау жүйесін көп қолданушылар арасында белгілі. Delphi – бұл Windows операциялық жүйесінде жұмыс істеуге арналған бағдарламаларды жетілдіру ортасы. Delphi ортасындағы бағдарламалар объектілі – бағдарланған бағдарламаларды қолдана отырып, визуалды жобалау жаңа технологиялар негізінде құрылады. Деректер базасымен жұмыс істеуге арналған қосымшалармен бірге көптеген қосымшаларды Delphi жүйесі жылдам және тиімді түрде құруға арналған, дамыған мүмкіндіктерге ие, сонымен қатар кең көлемді функциялар жиыны, қолданбалы есептерді шешуге арналған әдістер мен қасиеттерге ие [12, 21б.] .
Delphi RAD жүйесіне (Rapid Application Development -  қосымшаларды жылдам құру) жатады. Бұл жүйе қезіргі деректер базасын жүйелік басқарулардың барлық мүмкіндіктерге ие, мысалға Microsoft Access және Visual FoxPro. Ол кең көлемді инструменталды бағдарламалық жабдық арқылы қосымша құруға, деректер базасына визуалды түрде сұраныстарды дайындау және тікелей түрде SQL тілінде сұраныстарды құруға мүмкіндік туғызады.
Delphi арқылы локальды, алшақтағы деректер базасымен жұмыс істеуге, қосымшалар құруға болады. Ол деректер жүйесін құрайтын жаңа технологияларды, сонымен қатар көп деңгейлі «клиент-сервер» технологиясын қолдайды.
Delphi бағдарламалау тілі  объектілі  бағдарланған көрнекілі бағдарламаланатын тіл, ол оқиғалар бойынша басқарылады және жоба құрудың қазіргі замандағы құралдарына қойылатын талаптарға толығымен сәйкестендірілген. Delphi тілі құралдардың қуаттылығы, жұмыстың интерактивті режимі, реляционды деректер базасын басқаруға арналған қосымшаларды құру мүмкіндігі тәрізді сапалы қызметтер жүйесіне ие.
Деректер базасын басқару жүйесінің негізгі ерекшелігі – бұл мәліметтерді енгізу және сақтаудың ғана емес, сонымен бірге олардың құрылымын сипаттауға да арналған процедуралардың бар болуы. Сипаттаулары қамтылған мәліметтер сақталатын және ДББЖ басқаруында болатын файлдар «деректер банктері» деп, кейіннен «деректер базасы» деп аталатын болды. Қазіргі кезде деректер базасының, жоғарыда айтылып кеткен әртүрлі модельдері бар. Неғұрлым көп таралғаны реляциондық модель. Ол Paradox, FoxPro, Access, Interbase және т.б. тәрізді деректер базасын басқару жүйесіне негізделген. Қазіргі заманда негізгі - Object Pascal тілі болатын объектілі - бағдарланған Delphi бағдарламалау ортасы кең қолдануда. Ол деректер базасына арналған әртүрлі жоғарғы деңгейде қарапайым бағдарламалардан кәсібилерге дейін қосымшаларды жасауға мүмкіндік береді. Бұл тек бастауыш қолданушыларға ғана емес  бағдарламалау аймағындағы әртүрлі мамандарға өте пайдалы.

 

3 Жобаның экономикалық тиімділігін негіздеу 

3.1 Экономикалық тиімділігінің есептеу әдістемесін таңдау және негіздеу 


Экономикалық әсерлік – экономиикалық көрсеткіш, ақшамен есептегенде шығарылған өнім көлемінің шығаруға негізделген капиталды салымның көлеміне қатынасы түрінде есептелінген экономикалық көрсеткіш. Экономикалық әсерлілігі. Ұсынылған санының шығынынан өнімінің көлемінің аздығы әсерліліктің төмендеуін көрсетеді.
Қоғам өзінің сирек ресурсын әсерлі пайдалануға талпынады, яғни олардың шектелген ресурсынан өндірілген максимальді деңгейде қажетті тауарлар мен ұсыныстар алғысы келеді. Ал бұған қол жеткізу үшін, ол толық еңбекпен қамтамасыз ету, жағдай жасау және өндірістің толық көлемін қамтамасыз ету.
Есептеу мақсаты жоспардың экономикалық мақсатын анықтау және ақпараттық жүйені енгізуді анықтау болып табылады.
Есептеу процесінде жүйені құруға кеткен шығын бойынша мәлімет және ақпараттық жүйенің әсерлік өсуін көрсететін мәліметтер қарсы қойылады. Жүйе экономикалық тиімді болады, егер әсерлік көрсеткіші (капиталды салымның әсерлігінің есептік коэффициенті). Капитал салымдық әсерлігінің салалық нормаларына сәйкес келеді.
Ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған әсерлігінің негізгі көрсеткіштері: