Доклад/Баяндама: Араб Шығысы мен мұсылман елдеріндегі саяси


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Право
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
8

Араб Шығысы мен мұсылман елдеріндегі саяси- құқықтық  ойлар

 Мұсылман құқығы рулық-тайпалық құрылыстын ыдырау және Араб халифатында VII—X ғасырларда феодалдық қоғамның қалыптасу кезеңінде пайда  болды. 
Мұсылман құқығы — шариғат VII ғасырдан бастап –ақ көрші елдерге кеңінен таралды. Негізінен жаулап алу жорықтары арқылы таралған мұсылман құқығы кейіннен Орта Азия, Завкав¬казье, Шығыс, Батыс және Солтүстік Африка, Оңтүстік-Батыс, Оңтүстік-Шығыс және Батыс Азияда кеңінен қолданыла бастады. Мұсылман құкығы жүйесінде құран басты орын алады. Мұсылмандар үшін қасиетті болып саналатын бұл діни кітап барлық оқиғаларды түсіндіреді, адамның өмірге келуі мен өлуінс дейінгі барлық жағдайға талдау жасайды және түсінік береді.
Мұсылмандық құқықтың дінмен байланысы өзінің түбегейлі тұжырымдамасы мен теориялық қайнар көзі негізінде басқа құқықтық нормалардан өзгешелігімен айрықшаланады. Мұндағы құқықтық діни-этикалық нормалар мазмұны жағынан әр-түрлі болғанымен, бір-бірімен сабақтас және бір-бірін толықтыра отырып, біртүтас құқыктық жүйе құрайды. Мұсылман кұқығы заң ғылымының жеке саласы емес, ол ислам ілімінің бір ғана саласы. Мұнда ислам дінінін қағидалары — шариғат — адамдардың мүддесі үшін жүзеге асуы тиіс міндетті идея ретінде көрсетілген. Шариғатты орындамаған жағдайда адам заң бұзушы болып табылады.