Реферат: Атмосфера пен литосфераның радиациялық ластануы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Экология
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
13

Жоспар

 

1 Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер    3
2 Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары    9
3 Атмосфералық ауаны ластанудан сақтау жəне қорғау жолдары    11
4 Топырақтың ластануы    12

1 Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер
 


Өндiрiстiң қарқындап дамуына жəне отын түрлерiн кең масштабта  жағуға  байланысты  атмосферадағы  бос  оттектiң  қоры азайып, ал көмiрқышқыл газының мөлшерi жоғарылауда. Нəтижесiнде  табиғаттағы  көмiртектiң  айналымы  бұзылды  деуге болады.  Академик  А.П.  Виноградов  зерттеулер  нəтижесiнде көмiрқышқыл  газының  концентрациясы  жыл  сайын 0,2% ғаұлғайып  отырғанын  анықтады.  Адамзат  қоғамында  адам  баласы  отты  ең  алғаш  рет  қолданған  күннен  бастап  осы  күнге дейiн түрлi жану процестерiнде 273 млрд. тонна оттегi жұмсаған болса, соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90% ға жуығы) соңғы  жарты  ғасырда  ғана  жұмсалған.  Көмiртек  айналымының бұзылуы  мен  атмосферада  көмiрқышқыл  газының  концентрациясының  жоғарылауы  Жердегi  барлық  химиялық  тепе-теңдiкке үлкен əсер етедi. 
Атмосфера табиғи жəне жасанды (антропогендiк) жолмен ластанады.
Табиғи ластану. Атмосферада үнемi белгiлi мөлшерде шаңболады. Шаң табиғатта жүретiн табиғи процестер нəтижесiнде түзiледi.

2 Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары 


 
Атмосфераның  ластануы  адам,  жануарлар  мен  өсiмдiктер үшiн əрқашан зиян. Түтiннiң құрамындағы газдар қолайсыз метеорологиялық жағдайларда қалың улы тұмандардың түзiлуiне əкеп  соғады. Тiптi кейбiр жағдайларда улы заттардың жинақталуы нəтижесiнде адамдардың аса қауiптi аурулары мен өлiмiне себеп болады. Мысалы, Лос-Анджелес қаласында, Калифорнияда, Британ аралдарында, сол сияқты ФРГ мен бiрқатар елдерде  зиянды  улы  заттардың  жоғары  концентрациясының атмосферада  жинақталуы  нəтижесiнде  смог  деп  аталатын қалың тұмандар байқалды. 
Лондонда  смогтар  ХIХ  ғасырдың  соңынан  бастап — ақ белгiлi болған. Əсiресе 1952 жəне 1956 жылдары болған смогтар елге үлкен зардаптарын тигiздi. 1952 жылдың  5-9 декабрь аралығында қаланың үстiн қаптаған тұман жауып тұрған. Тұманның  құрамындағы  зиянды  қосылыстардың (күкiрт  ангидридi,  азот  оксидтерi,  альдегидтер,  хлорлы  көмiрсутектер,  т.б.) мөлшерi  ауада  қалыптағы  нормадан 5-6 есе  көп  болып, 12 сағаттан  кейiн  көптеген  адамдарда  тыныс  алу  жолдарының аурулары,  бас  ауру,  бас  айналу,  жөтел  күшейген.  Созылмалы бронхит  ауруымен  ауыратын  адамдардың  көпшiлiгi  смогтың əсерiнен қазаға ұшыраған. Ұлыбритания астанасының үстiнде 1956 жылы январьда 96 сағат бойы жауып тұрған смог мыңдаған адамдардың ажалына себеп болған. 1968 жылы Лондонда "Ауа тазалығы туралы заң" қабылданғаннан соң атмосфераның ластануы бiршама азайған.