Курсовая работа: Дене тәрбиесі оқыту мәселелері


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Педагогика
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
25

Жоспар


 
Кіріспе    3
І тарау    4
1.1 Қазақ халқының ұлттық ойындарының зерттелуі    4
1.2 Этнограф М.Гуннердің қазақтың ұлттық ойындарына көзқарасы    6
1.3 Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту    9
2. Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін ұлттық ойындар арқылы дамыту жолдары    13
2.1 Баланың ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық ойындар    17
2.2 Cабақты  ұлттық ойындармен   ұштастыру    21
Қорытынды    24
Қолданылған әдебиеттер тізімі:    25

1.3 Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту


 
Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуғаынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.
Ойын- дегеніміз не?Ойын дегеніз- халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын қүралдың бірі.
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.
Сондықтан кез- келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек. Мысылы «Сауат ашу»  оқулығында  тақырып соңында тапсырмалар берілген. Осы тапсырмаларды ойын арқылы ойынарқылыөткізугеболады. «Ұйқасын тап», «Сиқырлы қоржын», «Өлең жолын құрастыр» т.б. ойындар.
Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да ролдік ,сюжеттік ойындарды қолдануға болады. Ролдік ойындар мектепке дейінгі балалармен өмірінде елеулі орын алады. Бұл  ойындар ұзақ та , қысқа да болу мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену, шындық ты көрсету болып табылады.Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еліктейді., ал «Мектеп» болып ойнағанда мұғаліммен оқытушының әрекетіне еліктейді. «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған  білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады.
«Ұлттық қазақ ойындары: «Қыз қуу», «Орамал тастау, «Асықтар», «Бәйге» ойындары. Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі. Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Мен өз тәжірибемде ойындарды көп қолданамын. Сабақ барысында да, күннің жартысында да жүргіземін.   Баланың тілін жетілдіру үшін оны әңгімеше тарта отырып, баланың  сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту қажет. Баланың тілін дамытуда ойын түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын айта отырып та байытуға балады. Мысалы : «Қуыршаққа қонаққа бару», «Мен кіммін», «Қуршақты киіндіреміз», «Шарбақты құрастыру»,  «Көлемі бойынша қой» деген  секілді ойын түрлерін қолдануға болады. Мен  кез келген ойын түрлерін  сабағымен тақырыбына сай таңдап аламын. Әсіресе дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, баланың шығаршашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ойындар сабақтың тақырыбына, мазмұнына сай таңдап аламын. Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты- бір нәрсе жайында сұралап, баланың оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.


2.2 Cабақты  ұлттық ойындармен   ұштастыру


 Ойын-мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. С. Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтылмаған . Ойын баланың түрлі қасиетерін дамытатынын, мұнда баланың қабілеті, тілі ойлауы, зейіні дамып байқалатынын  А.С. Макаренко өте жақсы көрсетті. Ойын – өзінше бір мектеп, сол арқылы балалардың мінез-құлқы, олардың өмірге бір –біріне көзқарасын қалыптастыратын қызмет формасы.
Ойын –теориялық жағынанда, практикалық жағынан да, мектепке дейінгі педагогика саласында күрделі мәселелердің  бірі .Бала ойын арқылы ақыл-ойын дамытып, күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған заттар мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайбды.
Ғалымдар С.А. Рубинштейн , Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев балалар ойындарына тән ерекшеліктерге ғылыми-теориялық талдау жасады. Е.Сағындықов бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесінде ұлттық ойындарды пайдалануды зерттеді.
Ұлттық мұраның бай қазынасының  бірі – халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс. Ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да мектепке дейінгі тәрбиеленушілерінің рухани өрісі кең өсіп-жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі.
Ұлттық ойындар-ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны күнделікті оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор екендігі сөзсіз. Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеден-ақ білген. Көшпелі өмір кешіп, мал баққан тайпалардың көзін ашқаннан көрген театры да, өнері де, көңіл көтерер қызығы да осы ұлт ойындары еді.
Қазақ халқының сонау, көне заманнан бергі негізгі кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан, мал өсіру, мал басын көбейтуді өндіріс процесінің негізгі мақсаты, сондықтан да «Халықтың бар байлығы малда болды». Бүкіл өмірі мал өсірумен өткен қазақ халқының этнографиялық даму ерекшеліктері, той-думан, қуанышы мен реніші де осы малмен байланысты болды. Соның негізгі бас кейіпкерлері осы төрт түліктен тұратын «Ақбайпақ», «Соқыр теке», «Ақсүйек», «Тоғызқұмалақ», «Асық ойнау» т.б ойындары дами бастады.
 Мамандар ұлттық ойынды 4 топқа бөлді:
1)табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар:асық, бестас, лек жалау, сиқырлы таяқ, бақай пісті жылмаң т.б
2)Жануарлар бейнесін елестетіп ойнайтын ойындар: соқыр теке, түйе түйе, ақ байпақ т.б
3) Мүлікті бұйымдарды қолданып ойнайтын ойындар: шалма, бөрік жасырмақ, тақия телпек, түйілген орамал, орамал тастау, белбеу тастау.
4) Құрал-жабдықсыз ойнайтын ойындар: айгөлек, ақсерек-көксерек, шымбике, тоқтымақ, шертпек, жасырынбақ т.б.