Курсовая работа: Мемлекет басқару нысанының түрлері


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Право
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
24

Жоспар


КІРІСПЕ    3
І МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ    4
1.1    Мемлекеттік басқарудың нысанының түсінігі    4
1.2    Мемлекеттік басқарудың нысаны    9
1.3 Мемлекеттік басқарудың атқаратын  қызметі    12
ІІ МЕМЛЕКЕТТІК  БАСҚАРУДЫҢ  ҚҰРЫЛЫМЫ, ЖЕТІЛДІРУ  ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ    15
2.1  Мемлекеттік басқарудың  қазіргі жүйесі мен  құрылымы    15
2.2 Мемлекеттік басқару жүйесін  жетілдіру жолдары    20
ҚОРЫТЫНДЫ    25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ    26

 

І МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ
1.1    Мемлекеттік басқарудың  нысанының түсінігі

 

Президент Нұрсұлтан  Назарбаевтың бастамасымен Ата Заңымызға енгізілген айтулы өзгерістер елімізде президенттік басқару формасының орнына жаңа, яғни «президенттік-парламенттік» деп атауға болатын жүйенің негізін қалап берді. Осылайша, жас мемлекетіміздің тарихында Қазақ-станның мемлекеттік құрылысының өзіндік жаңа биігі деуге болатын кезең басталды. Бұл-еліміздің жүйелі және сындарлы дамуының заңды нәтижесі.     
Мемлекеттік қызметтің жалпы түсінігі ретінде  мемлекеттік саясатты әзірлеуді, оны  орындау мен зерделеуді айтуға болады. Сондықтан ол мемлекеттік басқарумен қатар бір уақытта пайда болғандықтан, оларды бір-бірімен тығыз байланыста қарастырамыз.     
Біздің дәуірімізге  дейінгі төртінші ғасырдың тарихынан  мысал келтіріп өтейін. Сол кезде  үнді ойшылы әрі Каутилия әкімгері өмір сүрген. Ол өзінің «Артхашастра»  атты классикалық еңбегінде мемлекеттік  басқарумен байланысты экономика және саясат қағидаттарын баяндап берген. Бұл еңбекте басқарудың мақсатын мынадай қарапайым түсінікпен анықтап  береді.   
«Патша бақыты – өз халқының бақытты болуында, патша игілігі – өз халқының игілігінде. Патша өзіне ұнаған нәрсені ғана емес, халқына ұнағанды қажет санауы тиіс».    
Бірақ осындай  ойды дамытқан жалғыз ол ғана емес. Біздің дәуіріміздің он бірінші ғасырында  «Саясат-намэ» еңбегін жазған, Сұлтан Әліп Арслан Салық әулетінің бас  министрі Низам Әл-Мүлк өмір сүрген. Ол еңбекте Сұлтанның халық алдындағы  борышы құдайдың бұйрығы бойынша  былайша белгіленген: халық әрқашан  қауіпсіздікте өмір сүруі үшін сыбайлас жемқорлыққа, хаос пен тәртіпсіздікке жол берілмеуі керек.     

 

ІІ МЕМЛЕКЕТТІК  БАСҚАРУДЫҢ  ҚҰРЫЛЫМЫ, ЖЕТІЛДІРУ  ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
2.1  Мемлекеттік басқарудың  қазіргі жүйесі мен  құрылымы

 

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде  болып жатқан тарихи, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани өзгерістер барысында Еліміздің  саяси тарихына деген қызығушылық  күн санап арта түсуде. Әсіресе, тәуелсіз мемлекет болғалы Қазақстанның өткен  тарихи кезеңдегі мемлекеттік құрылысының  тарихына, мемлекеттік билік органдарының қалыптасуы мен дамуы барысына, олардың  қызметі мен өзара арақатынасы, билікті бөлісуі және КСРО Коммунистік  партиясы Орталық комитеті мен орталық  билік аппаратының нұсқауларын  жергілікті жағдайда жүзеге асырылу  ерекшеліктеріне, арақатынасына, яғни Қазақстандағы мемлекеттік билік  жүйесінің тарихына деген сұраныс  күн санап күшейіп келеді.
Қазақстанның  мемлекеттік құрылысы мен мемлекеттік  билік органдарының құқықтық тарихы Қазақстан тәуелсіздік алғанға  дейін негізінен заңгерлер тарапынан  зерттелген.
Бұл еңбегімде 1920-2007 жылдар аралығындағы Қазақстандағы  жоғарғы саяси билік пен мемлекеттік  биліктің барлық тармақтарын қоса «әкімшілік-мемлекеттік  басқару» ретінде қарастырамыз. Себебі, мәртебесі бойынша қоғамдық-саяси  ұйым болып табылатын Коммунистік  партияның қолына іс жүзінде бүкіл  мемлекеттік билік шоғырландырылды, мемлекеттік мекемелердің барлығына  бақылау жасады және басқару органдары  мен олардың аппаратын жасақтады. Яғни, Коммунистік партия мемлекеттік  биліктің тұтас бір жүйесіндегі  әр кезеңдердегі Конституциялар бойынша  «Жоғарғы билік» болып табылатын  Жалпықазақ сиезінен де, Жоғарғы Кеңестен де жоғары тұрды. Сондықтан да, біз  осындай күрделі мемлекеттік  құрылымды тұтастай алып, «мемлекеттік билік жүйесі» деп қарастыруды  жөн санап отырмыз.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.    Ашитов, Заирқан Омарұлы,  Ашитов, Бауыржан Заирқанұлы. Қазақстан  Республикасының құқық негіздері  : оқу құралы / рец. Б. Базарбайұлы.- Алматы: Жеті жарғы, 2003.- 296 б.
2.    Бұлғақова, Диляра Асхатқызы, Истаев, Арман Жумабайұлы. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы  оқу -әдістемелік құрал.- Алматы: 2004.- 228 б.
3.    Бұлғақова, Диляра Асхатовна.     Мемлекет және құқық теориясы : оқу құралы.- Алматы: 2004.- 106 б.