Доклад/Баяндама: Вильхельм Вундт


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Психология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
4

Вильхельм Вундт


Вильгельм Вундт Оқушылық жылдары Вильгельм Вундт 1832 жылы 16 тамызда Неккарауға жақын Маннгейма деген жерде дүниеге келді. Отбасында төрт бала болды, олардың екеуі ерте жасында қайтыс болған. Вильгельм мен оның үлкен ағасы Людвиг қана қалады. Людвиг Гейдельбергте тұрды, оның тәрбиесімен анасының әпкесі айналысты. Сөйтіп келгенде, Вильгельм жанұясында жалғыз баланың рөлінде қалды. Вундтың әкесі пастор болған, олардың отбасы тату болып саналғанмен әкесі туралы балалық естеліктері онша жақсы болмады. Екі жыл бойы ол халықтық мектепте оқыды. Білім жағына байланысты Вундтың жанұясында нақты дәстүрлер бар болатын: оның арғы аталары іс жүзінде өз табыстары арқылы ғылымның барлық жақтарынан атағымен жер жарған. Бірақ ең кішкентай Вунд бұл керемет дәстүрді жалғастырмайтыны үйдегілеріне айдан анық көрінді. Ол бос уақытын кітап оқумен емес армандаумен өткізді, соның нәтижесінде бірінші сыныптың эмтиханынан өте алмады. Екінші сыныптан бастап, Вундтың білімі әкесінің көмекшісі – Фридрих Мюллерге тапсырыллды, оған Вильгельм барлық жанымен бауып басып қалды. Жас (священник) уағыздаушыны басқа приходқа ауыстырғанда, балаға алдағы айырылысу өте қиынға түсті. Вундт өзінің «Бастан кешкен және танылған» атты өмірбаянында: «Ол маған анам мен әкемнен де жақын болды. Мен оны сағынғаным соншалық ата-анам онымен мен гимназияға түсуге дейін қалған жылдың барысында да тұруға рұқсат етті». Демалыс күндерді санамағанда, Вильгельм барлық уақытын Фридрихтың үйінде өткізді, сөз жоқ оның педагогикалық қабілеті мол еді. Дегенмен кейінірек Вундттің еске алуына қарағанда оның ықпалының негативті жақтары да болды: программа мен дисциплинаның болмауы, ұстамсыз қиялдауы оны гимназиядағы оқу шарттарына әзірлемеді. Бала кезінде ол өзін жалғыз санады, атақты жазушы болуды армандады.