Доклад/Баяндама: Гендерлік саясат


Цена: 1 Скачать
Предмет:
География
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
2

Ағылшын тілінен аударғанда гендер «тек» деген мағынаны ( ағыл.gender – тек, грамматикалық ұғым: мысалы орыс тіліндегі женский род, мужской род, средний род) білдіреді. Американдық сөздікте оның тағы бір мағынасын табуға болады, мұнда гендер термині қай топқа, тапқа санатқа жататындығын көрсететін қатынас көрінісі.  Басқаша айтқанда, гендер бір нысан мен бұрыннан белгілі басқа заттың қатынасын білдіреді. 
Яғни, гендер тап ішіндегі бір нысанға не индивидке сол тап ішіндегі ұстанымды, сондай-ақ қалыптасқан таптардың басқаларға қатысты ұстанымын белгілейді және бекітеді. Гендер дегеніміз- әлеуметтік  қатынас (биологиялық жыныс емес); немесе әрбір жеке тұлғаның арнайы әлеуметтік қатынастар терминіндегі көзқарасы. 
Егер кең мағынада гендер туралы айтар болсақ, бұл терминге күрделі жүйе енеді, бұл мағынада аталған термин әйелдер мен ерлер мінез-құлқының әр түрлі смпаттамасының, өмір сүру стилі мен ойлауын, нормалары мен өмірлік мақсаттарын және т.б. бейнесінің тұтас жүйесін ашып көрсететін жыныстың әлеуметтік мәдени құрылымын білдіреді. Соған сәйкес, гендер әлеуметтендіру өнімі, сонымен бірге биологиялық жыныс дегеніміз – даму нәтижесі. Жыныстың әлеуметтік мәдени құрылымы ретінде бұл термин  әйелдер (феминистік) зерттеулерінде қолданыла бастады. Гендер тұжырымдамасының негізгі идеясы айырмашылықтарды жойып, теңдікті қалыптастыруға бағытталмайды, ол өз жынысының «төбесі мен қабырғасы» шеңберінде жеке тұлғаның дамуын шектейтін кедергілерді жоюға бағытталған.