Курсовая работа: Азаматтық сот өндірісіндегі тараптар


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Құқық
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
46

Жоспар

 

Кіріспе    3
1. АЗАМАТТЫҚ СОТ ӨНДІРІСІНДЕГІ ТАРАПТАР.    5
1.1. Азаматтық сот өндірісіндегі тараптардың ұғымы.    5
1.2. Сот өндірісіндегі тараптардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі.    8
2. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚАТЫНАСЫНЫҢ СОТ – МІНДЕТТІ СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ.    11
2.1. Сот - Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынасының арнайы субъектісі.    11
2.2. Алқалы құрамдағы соттың мәселелерді шешу тәртібі.    18
3.АЗАМАТТЫҚ СОТ ӨНДІРІСІНДЕГІ ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ    21
3.2. Тараптардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері.    23
Қорытынды    42
Қолданылған әдебиеттер    46

 

2. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚАТЫНАСЫНЫҢ СОТ – МІНДЕТТІ СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ.
2.1. Сот - Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынасының арнайы субъектісі.    

 

Азаматтық іс жүргізу қатынастарын қарау барысында нақты азаматтық істер бойынша сот өндірісіне қатысушылардың барлығы азаматтық іс жүргізудің субъектілері деп танылады.
Соттар азаматтық іс жүргізудің арнайы субъектісі ретінде үлкен екі топқа бөлінеді. оның біріншісі азаматтық істі маңызы бойынша қарайтын бірінші инстанциядағы соттар болса, екінші топқа апелляциялық сатыдағы соттар, яғни заң күшіне енбеген шешімдерді қадағалау бақылау сатысындағы жоғары тұрған облыстық соттар.
Соттың іс жүргізу әрекеттері іс жүргізу қатынастарының динамикасына әсер ететін нақты юридикалық фактілер болып саналады. Оның көрсетулері азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынасының басқа қатысушылары үшін міндетті. Сондықтан соттың азаматтық істегі құқықтық жағдайы екі қасиетке ие, оның біріншісі – азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынасқа қатысушы, екіншісі – нақты азаматтық істі қарауда істегі барлық сұрақтарды шешуге өкілеттілік берілген орган.
Бұзылған құқықты қорғаудың сенімдік кепілі сот болып табылады. Яғни азаматтық іс жүргізудің арнайы субъектісі сот оның ішінде аудандық және қалалық соттардың судьяларының қызметі болады.
Бітіру жұмысының алынған тақырыбы маңызды әрі дер кезінде көтеріліп отырған мәселелер болып табылады. Себебі, сот жүйесінің аудандық буынының сот істерін шешу бойынша негізгі жүктемені көтеретіні белгілі. Қазіргі кезеңде жергілікті соттардың негізгі мәселелері тұтастай алғанда шешілді, ал материалдық-техникалық қамсыздандыру айтарлықтай жақсарды, десек те сот әділдігін атқарудың пәрменділігін арттыру, соттардың әлеуметтік беделі, судьялардың тәуелсіздігі, сот кәсібінің әдептілік аспектілері, сот ісін жүргізудегі ашықтық пен жариялық, сот билігіне қол жетімділікті қамтамасыз ету және судьялардың кәсіби дайындығына байланысты көптеген мәселелер әлі де өзекті күйде қалып отыр[7, 67бет].
Қазақстан Республикасының қазiргi заңнамасына сәйкес бiрiншi сатыдағы аудандық соттар iс бойынша iс жүргiзудi қозғаудан бастап, процестiң барлық сатыларында процестiң жеке мәселелерiн және негiзгi мәселе – iстi мәнi бойынша қарауға байланысты мәселелердi шешу бойынша процессуалдық iс-әрекеттердi жасайды. Аудандық сот аталған әрекеттердi жасай отырып, әр кезде сәйкес ведомоствалық бағыныстылықты дұрыстап, соттылықты шығаруы керек.
Аудандық сот процестiң жеке мәселелерiн неғұрлым дұрыс шешсе және ұйғарымдарын дұрыс шығарса, соғұрлым ол шығарылған шешiмдер заңды және негiздi болады.

 

4. ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАР ТҮСІНІГІ, ТҮРЛЕРІ.


4.1. Дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар және дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалар.


АІЖК бойынша талапкермен, жауапкермен бірге іске тараптар есебінде 3-тұлғалар қатысады. Іске үшінші тұлғалардың қатысуы іс бойынша шешім процессуалдық құқыққа ие емес тұлғалардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін. 3-тұлға ешқашан істі өздері қозғамайды және алғашқы талапкер мен жауапкер арасында туындайтын даулы материалдық құқықтық қатынастың формасын құрмайды[18,45бет].
Азамат А-ның қайтыс болғаннан кейін артынан үйі мен бақа мүліктері қалды. үйде А-ның өзі тұрған, оның бір бөлмесін кухнясымен феранданы қосып азамат Б-ға жазбаша шартпен жалға 1992 жылдан 1996 жылдың май айына дейін. Үйді босатуға қарсылық білдірген соң қайтыс болған марқұмның баласы А, азамат Б-ға талап қояды. Ал іске азаматша С-қатысқысы келеді, өйткені марқұм үйді бүкіл құрылысымен оған мұраға қалдырған.
Азамат Б өзінің үйінің ауласына машинасын қойған. Таңертең арнайы мусор шығаратын машина оның машинасын қағып кетіп есігі мен жанына үлкен нұқсан келтірген. Рульде шофер Ф-болған.
Жұмысшы Ғ-ны еңбек заңының 35 бабы 4п. Касіподақтың келісімінсіз санкция жіберген. Ғ-ны заңсыз жұмыстан босатып жіберген деп таныған сот оны бұрынғы жұмысына қайта алып отырып,оның бос жүрген күндеріне 15000 еңбек ақы өндірген. Іске Ғ-ны жұмыстан заңсыз шығарып , бұйрық шығарған кіспорынның директоры тартылды. Онығ кінәсынан кәсіпорынға 15000 теңге матреиалдық зиян келді.
өсиет бойынша мұрагер С, шофер Ф, екінші мысалдағы, ал үшіншіде дирекор Д үшінші тұлғалар есебінде іске қатысып солардың құқықтық жағдайын өз мойындарына алу керек.