Курсовая работа: Ес туралы жалпы ұғым


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Психология
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
29

Мазмұны

 

КІРІСПЕ    3
1  ЕС ПРОЦЕСІН ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕУ    5
1.1Ес туралы жалпы түсінік. Ес процестері.    5
1.2 Естің психологиялық теориялары.    14
2 ЕС ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ  АДАМНЫҢ ЕСІН ЖАҚСАРТУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ МЕН ЖОЛДАРЫ.    19
2.1 Ес түрлері.    19
2.2 Адамның есін жақсартудың тәсілдері мен жолдары.    21
ҚОРЫТЫНДЫ    28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ    29

 

1  ЕС ПРОЦЕСІН ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕУ
1.1Ес туралы жалпы түсінік. Ес процестері.


Біздің әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет–қылығымыз санамызда біршама уақыт (ұзақ қысқа) сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатынын баршаға мәлім. Осыдан, өткен тәжірибемізден қалған іздерді жадымызда қалдырып, сақтап, кейін бұрын білгендерімізді жатып алмастан, оларды қайта танып, жаңғыртумен ақпарат топтауымыз ес деп аталады|1|
Сонымен ес–бір бірімен ұштасқан дара бөлшектерден құралған күрделі психикалық процесс. Ес адамға өте қажет жан құбылысы. Оның арқасында субъектісі жеке басының өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, соңғы пайдасына жаратады.
Жантану ғылымы, осыдан, өз алдына келесі мәселелерді шешу міндетін белгілейді: санадағы өткен тәжірибе іздері қаншама уақыт сақталуы мүмкін?; есте қалдырудың ұзақ не қысқа мерзімді болуы неліктен?; ес іздері қандай өзгерістерге түсуі мүмкін?; естің адам танымына ықпалы қандай?
Сұрақтарға жауап іздеуге психология өзінің алғашқы эксперименттерін осы ес проблемасын зерттеумен байланыстырды. Өткен ғасырдың 80– жылдары неміс психологы Ғ. Эббингауз ойлаумен байланысты болмаған таза ес заңдылықтарын ашты: мағынасыз әріп буындарын жаттай отырып, материалды есте қалдырудың негізгі шектерін белгіледі. Ал психиатр Э. Крепнина аталған тәсілді психикалық ауытқуы бар сырқаттардың есте қалдыру (жаттау) әрекетін тексеру үшін қолданды. Адам есінің бекуі және қайта жаңғырумен байланысты негізгі заңдар Г.Э. Мюллер еңбектерінде жария етілді|2|.

 

2 ЕС ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ  АДАМНЫҢ ЕСІН ЖАҚСАРТУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ МЕН ЖОЛДАРЫ.

2.1 Ес түрлері.


Есте қалдыру және қайта жаңғырту үшін жұмсалатын әрекеттердің сипатына орай естің әр түрі келесі негізгі үш өлшемге сәйкес кес болуы шарт: 1) әрекеттегі басымдау болған психикалық белсенділіктің сипаты бойынша ес–қозғалысты, сезімнің, бейнелі және сөз–логикалы болып бөлінеді; 2) іс-әрекет мақсатына орай ес–ырықты және ырықсыз болуы мүмкін; 3) дүниелік іс-әрекеттегі рөлі мен орнына тәуелді жатталып, сақталу мерзімінің мөлшеріне байланысты–қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және нақты қызметтік естер ажыратылады.    
Қозғалысты ес-әрқилы қимыл–қозғалыстар мен олардың бірлікті жүйесін есте қалдырып, сақтап және қайта жаңғырту. Кейбір адамдарда осы ес түрі басқаларынан гөрі басымдау келеді. Ондайлар, мысалы, музыкалы шығарманы, дауыспен қайталай алмаса да, бимен көрсетуге шебер. Ал екінші біреулердің қозғалысты есі тіпті шабан. Бұл ес түрінің әрқандай еңбектің дағдыларын қалыптастыруда, балалардың жүру, жазу әрекеттерінің қалыпқа түсуінде және т.б. маңызы өте үлкен. Қозғалысты ес болмағанда, біз қажетті әрекет пен қимылдарымызды әрдайым жаңадан үйреніп баруымызға тура келер еді. Жақсы дамыған қозғалысты ес адамның әрекет ептілігінен, еңбектегі ұқыптылығы мен “бармағанынан өнер таммағанынан” көрінеді.
Сезімдік ес. Әдетте, қажеттеріміз бен қызығуларымыздың, қоршаған ортамен қатынасымыздың қаншалықты тиімді не зиянды, ұнамды не жағымсыз орындалып жатқанын көңіл–күйімізбен танытамыз. Осыдан, көңіл –күй есі адам өмірі мен іс-әрекетінде өте үлкен маңызға ие. Басымыздан өтіп, есімізде сақталған сезімдер әрқашан бізді әрекетке ынталандырады немесе өткендегі жағымсыз әсерлерге тап келтірген оқиғалардан сақтандырады. Сізбен қатынасқан адамның көңілін аулау, оқыған кітабыңыздың кейіпкерімен қосылып, толғанысқа түсуіңіз осы сезімдік еске негізделген.