Дополнительный материал: Жақ бет айм ағының қабыну дерттері


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Стоматология
Тип работы:
Дополнительный материал
Количество страниц:
36

Жоспар

 

1 Жақ бет айм ағының қабыну дерттері........... 3

1.1    Периодонтит........... 5

1.2 Жедел ағымды серозды периодонтит............. 6

1.3 Созылмалы периодонтит............... 7

1.4 Беттің одонтогенді теріасты гранулемасы.............. 10

1.5 Жедел ағымды жақ сүйек периоститі.......... 12

1.6 Жақ сүйектерінің жедел ағымды  одонтогенді остеомиелиті............. 20

1.7 Жақ сүйектері остеомиелитінің жеделдеу кезеңі.............. 28

 

 

 

1 Жақ бет айм ағының қабыну дерттері

 

Жақ-бет аймағының қабыну процестері хирургиялық емдеуді қажет етеін көп таралған ауруларға жатады. Олар басқа стоматологиялық ауруларға қарағанда жиі еңбекке қабілетін төмендетуге, науқасты ауруханаға жатқызуға себепкер болып, адам өміріне қауіп туғызады. Соңғы жылдары медициналық жетістіктеріне қарамастан бұл аурулардың ауыр түрлері жиі кездесіп жүр. Біздің клиникада осы аурулар 30-40% - ке, ММСИ клиникасында 6-8% - ке (Васильев В.А. Анастасов К, 1964), Киев клиникасында 15-25% (Бернедский Ю.И. 1970) т.б. кездеседі.

 

 

 

1.1   Периодонтит

 

Бұл тіс ұяшығы мен тіс түбірі арасындағы жұмсақ тіндерде жүретін қабыну аурулары.

Периодонтит инфекциялық және инфекциялық емес болуы мүмкін. Инфекциялық емес түріне жедел ағымды немесе созылмалы жарақаттан-жарақатық, тіс емдегенде қойылған дәрі-дәрмектен болған медикаментоздық периодонттер жатады.

Инфекцияның ену жолы мен патологиялық ошақтың орнына байланысты түбір ұшының және маргиналдық периодонтиттер болады.

Инфекция периодонтқа әртүрлі жолмен енеді. Жиі инфекция көзі өлген ұлпа тіндері болады. Яғни тамақты шайнағанда немесе асқынған тісжегіні емдеу кезінде түбір инесімен іріңді әрі қарай периодонтқа итеріп жіберуден микрофлора периодонтқа өтеді де периодонтит дамиды.

 

 

1.2 Жедел ағымды серозды периодонтит

 

Жедел ағымды периодонтиттің біріншілік кезеңі болып табылады. Науқас тісінің өздігінен қатты ауыратынына, тісті басқанда ауыру сезімі күшейіп, басқа тістерден биіктеген сезіміне шағымданады. Ауру сезімі таралмайтындықтан науқас ауырған тісін дәл көрсете алады. Ал шайнағанда ауыру сезімі күшейетін болса да, егер науқас тісін тістестіріп біраз уақыт тұрса ауырғаны жайлап басылады.

Объективті: жақасты немесе иекасты лимфа түйіндері өзгермеген, кейде сәл үлкейіп ауыру сезімі болуы мүмкін. Ауырған тіс маңындағы тіндер өзгермейді. Тісте жиі тісжегі қуысы, кейде пломба болады. Перкуссия тіке ауыру сезімін туғызады, ал бүйірден қағып тексергенде ауырмайды.

Патологиялық анатомиясы: түбір ұшы, периодонт қызарып қалыңдаған.  микроскопта гиперемия, ісінуі және сәл лейкоцитарлық инфильтрация көрінеді.

Емі – консервативті.

Жедел ағымды іріңді периодонтит ...

 

 

1.3 Созылмалы периодонтит

 

Әдетте, жедел ағымды периодонтиттер ұзақ уақыт және үздіксіз түбір өзегінің микрофлорасы инфекциясымен қозған жағдайда дамиды, кейде жедел ағымды периодонтиттен кейін дамуы мүмкін.

Клиникалық байқаулар бойынша, жедел ағымды периодонтитке қарағанда, созылмалы периодонтиттер жиі кездеседі, себебі жедел ағымды периодонтит деп диагноз қойылғандардың көпшілігі мұқият тексеріп қарағанда созылмалы периодонтиттің өршуі болып табылады.

Фиброзды созылмалы периодонтит созылмалы периодонтиттің жеңілдеу түрі. Өзінше дамиды, сирек гранулденген және гранулематозды периодонтиттердің кері дамуы нәтижесінде дамиды.

 

 

1.4 Беттің одонтогенді теріасты гранулемасы

 

Әдетте, созылмалы гранулденуші периодонтиттің өршуі, асқынуы болып табылады. Бұл қезде түбір маңындағы грануляциялық тін теріасты май қабатына таралады да осы жерде ұзақ уақыт бойы ауру сезімінсіз сақталады. Бұл аз мөлшерде ірің жиналып грануляция түзетін теріасты май қабатындағы баяу өтетін қабыну процесі. Кейбір ірің ошақтары өз бетінше ашылып, теріде қанды немесе қанды іріңді заттар бөлетін терең емес жыланкөздер түзіледі. Олардың кейбіреулері жабылады, бірақ көршілес жерден жаңа жыланкөз пайда болуы мүмкін.

Беттің одонтогенді теріасты гранулемасының даму кезеңін 2-ге бөлуге болады: 1) жасырын кезең — мұнда бет терісінде еш өзгеріс болмайды (процестің біріншілік сипаты) және 2) тері көріністері кезеңі, мұнда бет терісінде өзгерістер пайда болады. Осы кезеңдердің 4 клиникалық түрі бар (біріншілік, стационарлық, жылжымалы, іріңдеуші).

 

 

1.5 Жедел ағымды жақ сүйек периоститі

 

Жедел ағымды одонтогенді жақ сүйек периоститі деп альвеольды өсіндінің немесе жақ сүйегі сыртқы қабығының (көбінесе вестибулярлық, таңдай немесе тіл-жақ бетіндегі) жедел ағымды іріңдеп қабынуын айтады. Бұл өте жиі кездесетін ауру. КазММУ хирургиялық стоматология кафедрасының бақылауы бойынша, барлық амбулаториялық аурулардың 5,2% периоститпен емделеді (А. Н. Фокина, Ж. С. Сағатбаев, 1967), оның ішінде жастар мен орта жастағы адамдардың үлесі үлкен. Я. М. Биберманның бақылауы бойынша бұл аурудың 71% 16 мен 40 жастағы адамдарға тиесілі екен.

1. Жедел ағымды іріңдеген периостит — қайта қозған созылмалы периодонтиттің немесе жедел ағымды іріңді периодонтиттің асқынуы.

2. Сонымен бірге маргиналды периодонтитпен, іріңді пародонтит формаларынан да пайда болуы мүмкін.

 

<...>  Резекция   операциясының   артықшылығы — ұзақ уақытқа дейін тісті сақтап қалуға мүмкіншілік береді. (16-сурет)

 

16- сурет. Тіс түбірін кесу операциясының кезеңдері: а,б) түбірді кесу, тегістеу, в) амальгамамен пломбыдау; г) жараға тігіс салу.

 

Кемшілігі: 1) Тістің тұрғылықтығы нашарлайды; 2) Операция зақымды деп есептеледі; 3) Кейде кесілген қиындының көлемі кішігірім болса сүйек жеткілікті ашылмайды да, операцияның уақытын ұзартады.

Екінші операция тіс түбірінің ұшын кеспей гранулеманы алу. Бұл операцияның техникасы жоғарыда айтылған тіс түбірінің ұшын кесу операциясымен бірдей, айырмашылығы түбірдің ұшы кесілмейді.

 

 

1.6 Жақ сүйектерінің жедел ағымды  одонтогенді остеомиелиті.

 

„Остеомиелит" термині „сүйек миының қабынуы' дегенді білдіреді, XIX ғасырдың І-ші жартысында ұсынылды. Бірақ бұл қабынуда патологиялық процесс тек сүйек миымен шектелмей оның барлық құрамын, қоршаған жұмсақ тіндерін қамтиді. Сондықтан бүл атау ауруға толық сәйкес келмейді. Кейін бүл аурудың басқаша атауы ұсынылғанмен (сүйек флегмонасы, гаверсит, остеит, остит, паностит т. б.) осы „остеомиелит" атауы қалдырыл-ды.

Жақ сүйегінің барлық элементтерінің және оны қоршаған жұмсақ тіндердің, ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен пайда болатын инфекциялы-аллергиялық іріңдеп өлеттеніп қабынуы.

Этиологиясы. Жақ сүйектері остеомиелитінің қоздырғышы — ауыз қуысының тұрақты микрофлорасы: стафилококк, стрептококк, энтерококк, диплококк, Гр-таяқшалар т. б.

 

 

1.7 Жақ сүйектері остеомиелитінің жеделдеу кезеңі

 

Жеделдеу кезеңінде (1,5—2 апта) науқастың жалпы жағдайы жақсарады, ұйқысы түзеледі, тәбеті көтеріліп, дене қызуы басылады. Беттің домбығуы азайып, жұмсақ тіндердің инфильтрациясы шектеледі, операциялық жара грануляциялық тінмен толып, өлеттенген тіндерден тазарады. Оның ортасында бір немесе бірнеше жыланкөздер түзіледі. Бөлініп тұрған сұйық біртіндеп азайып, нашар иісі жойылады, экссудат қоюланады. Региональды лимфа түйіндері қатайып, қозғалмалы болып, ауыру сезімі азаяды, ауыз еркін ашылып, тек остеомиелит ошағы төменгі жақ бұтағында болғанда шектелуі мүмкін.

 

 

1.8 Жақ сүйектерінің созылмалы остеомиелиті

 

  

Жақ сүйектері остеомиелитінің созылмалы кезеңі ұзаққа созылуымен, секвестрдің бөлінуімен, регенеративті процестермен сипатталады. Сонымен қатар осы кезде ауыз қуысының сыртында және ішіндегі шырышты қабықта жыланкөздер пайда болады, науқастың жалпы жағдайы мен көңіл күйі жақсарады, дене қызуы мен қан көрсеткіштері қалпына келе бастайды.

Патологиялық анатомиясы. Жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінің созылмалы остеомиелитінің ағымы жақ сүйектері құрылысының    және    қанмен    қамтамасыз    етілу ерекшеліктеріне байланысты (Уваровтың төменгі жақ сүйегінің қанмен қамтамасыз етілу схемасын қолданған ыңғайлы). Төменгі жақта көп, ал жоғарғы жақта аз мөлшерде секвестр түзілуі осы схемамен түсіндіріледі.

 

<...> Созылмалы жайылмалы остеомиелиттіқ клиникасы. Бұл кемтарлыққа алып келетін ауру, әдетте ол жайылмалы жедел іріңді остеомиелиттен кейін дамиды.

Сырттай қарағанда, жақ сүйектерінің деформациясы және тыртықтар, жыланкөз жолдары қосылуынан пайда болған бет әлпетіндегі күшті деформацияны көруге болады. Жыланкөз тесігінің айналасынан саңырауқұлақ тәрізді грануляция шығып, олардан көп мөлшерде ірің ағып түрады. Жыланкөз айналасындағы тері қабаты сырылып кеткен (17-с у р е т).