Доклад/Баяндама: Жақ-бет аймағы қабынуының асқынулары. Сепсис, медиастенит, бет веналарының және ми қабығы синустарының тромбофлебиті


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Медицина
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
10

Сепсис (грекше — шіру) — қанның залалдануы. Бұл патологиялық жағдай іріңді қабыну ошағынан микроорганизмдердің қанға үздіксіз немесе мезгіл-мезгіл түсіп түруынан пайда болады. Бұнда жергілікті өзгерістерге сәйкес емес жалпы ауыр бүзылыстар және әртүрлі ағзалар мен тіндерде жаңа іріңді ошақтар пайда болады.

Макроорганизмнің реактивтілігі өзгерген кезде патогенді микробтардың ену нәтижесінде сепсис дамитындығы анықталған. Кузин М. И. басқа авторлармен бірге былай деп есептейді: инфекцияның топтануы яғни генерализациялану үшін қабыну ошағында микробтардың саны белгілі бір деңгейден асып, қан тамырлар арқылы денеге тарауы керек.

 

<...>  Одонтогенді сепсистің емі жалпы қабылданған интенсивті комплексті емнің принципімен (жүйесімен) жүргізіледі. Науқас ауруханаға түскен уақытта қабыну ошағын мұқият тексеріп, іріңнің жиналып қалған жері бар ма, жасалынған тілік, салынған жолақтар өз мақсатын атқара ма, жоқ па соны анықтау керек. Себепші болған біріншілік ошақты жою керек. Содан кейін кең спектрлі антибиотиктер, сульфаниламидтер және нитрофуран қатарындағы препараттар тағайындалады. Иммунды жүйесі төмен-дегендіктен арнайы және арнайы емес (лабораториялық тексеру жүргізіп анықталады — комплимент титры, фагоцитоз) ем тағайындалады.

 

<...>  Медиастенитке тән белгі — дем алуының бұзылуы, демікпе пайда болады (минутына 45—50 рет). Тынысы беткей, демін ішіне тартуы қысқарады, ал шығаруы 2—3 есе узарады. Көкірек қуысында ауыру сезімі пайда болады, жұтынуы қиындайды, кейін мүлдеп жұтына алмайды, кейде жөтелгенде қақырық бөлінеді, ол бара-келе көбейеді (тәулігіне 1,5 литрге дейін). Медиастенитке тән белгі — ұдайы жөтелу. Ол әрине көкірек қуысындағы ауру сезімді күшейтеді.

 

<...> Егер бет венасьшың тромбофлебитімен науқас уақтылы қаралмаса немесе уақтылы дүрыс ем қолданбаса ми сауытының үңгірлі қуыстарына өтіп кетуі мүмкін. Қабыну өте тез дамуы мүмкін, бірнеше сағаттың ішінде инфильтратция тез ұлғайып, қабақтары ісініп хемоз, экзофтальм пайда болады. Экзофтальм екінші көзіне өтуі мүмкін. Көз алмасының қимылы шектеледі. Бұл тромбоз кезінде неше түрлі асқынулар кездеседі: менингит, көз қимылдату бұлшықетінің салдануы, көру нервісінің семуі, сол себепті көрудің төмендеуі, бет нервісінің салдануы және т. б.

Емі бет веналары тромбофлебитінің еміне сәйкес болады: антибиотиктерді — жалпы ұйқы артериясы арқылы жібереді.