Реферат: Жақ-бет аймағындағы инфекциялық кабыну дерттері


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Медицина
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
29

Жоспар

 

Кіріспе........... 3

1 Актиномикоз........... 4

1.1 Патологиялық анатомиясы........... 4

1.2 Жіктелуі.......... 5

1.3 Асқынбаған актиномикоздың клиникасы........... 6

1.4 Ірің микробтарымен қоса асқынған актиномикоздың клиникасы............ 7

1.5 Ажырату диагнозы............. 7

1.6 Емдеу тәсілдері........... 8

2 Туберкулез.............. 10

2.1 Клиникасы............ 10

2.2 Кәдімгі жегі............ 10

2.3 Скрофулодерма............ 11

2.4 Мыңдаған жара туберкулезі............... 11

3 Мерез............. 12

4 Сібір жарасы............... 14

4.1 Сібір жарасының жергілікті патологиялық анатомиясы.............. 14

4.2 Клиникалық көрінісі............. 15

5 Нома немесе сулы рак............ 16

5.1 Этиопатогенезі............ 16

5.2 Патологаялық анатомиясы............. 17

5.3 Клиникалық көрінісі............. 17

6 Тілме (рожа) ............. 19

6.1 Патологиялық анатомиясы............... 20

6.2 Клиникалық көрінісі.............. 20

6.3 Емі............... 21

7 Шиқан.............. 22

7.1 Патологиялық анатомиясы................ 25

7.2 Клиникасы.............. 25

7.3 Ажырату диагнозы............... 27

 

 

Кіріспе

Жақ-бет аймағында кездесетін арнайы қоздырғыштар сәулелі саңырауқұлақ, туберкулез микобактериясы және бозғылт спиро-Хеталар (трепонема) арқылы пайда болатын дерттерді әдетте арнайы қабынулар деп атайды.

 

 

1 Актиномикоз

 

 

Актиномикоз — сәулелі саңырауқұлақ арқылы пайда болатын созылмалы арнайы қабыну.

Осы аурумен ауыратын адамдардың ішінде 60—80% бет-жақ аймағында кездеседі.

Актиномикоз дертін қоздырушы сәулелі саңырауқұлақты, 1877 жылы Лангенбек малдан, ал 1878 жылы Израил бірінші рет адамнан тауып, оны „адам сәулелі саңырауқұлағы" деп атады.

 

 

1.1 Патологиялық анатомиясы.

 

Инфекция кірген жерде арнайы гранулема пайда болады. Саңырауқулақ айналасында лимфоциттер мен полинуклеарлы клеткалар жиналады. Сырт жағындағы жұмсақ грануляциялық қабат плазмалық клеткалармен қатар, фибробластардан тұрады. Осы клеткалар ішінде үлкен көпядролы ксантома тек актиномикозға тән клетка болып есептеледі.

 

 

1.2 Жіктелуі

 

Актиномикозды Г. О. Сутеев (1951) 3 түр, К И. Бердигин 4 түрге бөледі.

Ал енді біз Т. Г. Робустованың жіктеуі дұрыс деп түсінеміз, өйткені ол барлық жағдайларды қамтиды; 1) Тері; 2) Теріасты; 3)

 

 

1.3 Асқынбаған актиномикоздың клиникасы.

 

<...> Бертін келе тері инфильтратқа байланысты қызғылт түске еніп жұқарып „жыланкөз" пайда болады. Жыланкөзден кішкентай ақшыл-сары түйінді сұйық ағады (23-сурет).

 

 

23-сурет. Актинамикоз

 Бұл түйіндер сәулелі друз деп аталады. Шамалы уақыттан кейін жыланкөз жабылып, орнында шұқырша қалады.

 

 

1.4 Ірің микробтарымен қоса асқынған актиномикоздың клиникасы.

 

Егер актиномикозға ірің микробтары қосылса, бет-жақ аймағында флегмона, абсцесс белгілері көрінеді. Яғни аурудың жалпы жағдайы нашарлап, дене қызуы 40°-қа дейін көтеріледі,

 

 

1.5 Ажырату диагнозы.

 

Т. Г. Робустованың айтуынша, стационардан тыс, тек 8% ауруға ғана актиномикоз деген диагноз дұрыс қойылады. Бұндай жағдайдың басты себебі, дәрігерлердің актиномикоз клиникасын нашар білуімен қатар, бұл науқас бір көрініспен ғана аяқталады деген болжамда болуында.

 

 

1.6 Емдеу тәсілдері.

 

1. Хирургиялық емдеу абсцестермен флегмоналарды ашу, тісті жүлу, ауыз қуысын тазарту (санациялау), ауруға шалдыққан лимфа түйіндерін алу, секвестрэктомия жасаумен шектелуі қажет.

2. Арнайы иммунитетті көтерумен қатар сәулелі саңырауқүлаққа қарсы

 

 

2 Туберкулез

 

Туберкулез микобактериясы немесе Кох туберкулез таяқшасы арқылы пайда болатын созылмалы арнайы қабыну. Қазіргі көптеген авторлар (А. А. Лимберг. П. Львов, Ю. И. Бернадский т. б.)

 

 

2.1 Клиникасы

 

Туберкулез бет-жақ аймағында үш түрлі болып кездеседі: 1. Люпоидты туберкулез немесе жегі; 2. Колликвативті туберкулез немесе скрофулодерма; 3. Мыңдаған жара (миллиярно-язвенный) туберкулезі.

 

 

2.2 Кәдімгі жегі.

 

Әдетте мұрын, бет, жоғарғы ерін терілерінде 7 0% дейін, ал ауыз қуысының кілегейлі қабығында 30%-ке дейін кездеседі. Ең әуелі мұрынның кілегейі қабығында орналасып содан соң теріге тарайды.

 

 

2.3 Скрофулодерма.

 

Теріасты май шелінде түйін пайда болады. Ол біртіндеп жұмсап, терімен байланысьш жараға айналады.

 

 

2.4 Мыңдаған жара туберкулезі.

 

Бұның бірінші элементі бірнеше ондаған кішкентай тары дәні секілді түйіндер ауыз қуысының кілегейлі қабығында пайда болып, олар тез арада бірімен-бірі қосылып жараға айналады. Жараның түбінде және айналасында көптеген әлі жараға айналмаған туберкулез түйіндері болады. Оларды Трель нүктесі деп атайды.

 

 

3 Мерез

 

Мерез бозғылт спирохетадан (трепанома) пайда болатын созылмалы арнайы аурулар қатарына жатады. Спирохета адам денесіне бұзылған ауыз қуысының клегей қабығы арқылы кіреді. Мерез жүре пайда болған және туа пайда болған деп екіге бөлінеді.

 

 

4 Сібір жарасы

 

Сібір жарасы — жануарлардан жұғатын, сирек кездесетін жедел ағымды инфекциялы дерттердің  тобына жататын ауру.

Этиологиясы. Сібір жаралы грамм оң таяқшалы бактерияның әсерінен пайда болатын ауру.

Патогенезі. Сібір жарасының қоздырғышы адам организмінің бет терісі, мұрын, ауыз қуыстарының шырышты қабықтары арқылы, ауру малдардың жүнінен, терісінен, етінен т. б. жұғады.

 

 

4.1 Сібір жарасының жергілікті патологиялық анатомиясы.

 

Қоздырғыш енген жерде сарысулы-қанды қабыну ошағы байқалады. Қабынған ошақ өлеттеніп, айналасындағы жүмсақ тіндер домбығып, жергілікті лимфаденит пайда болады.

 

 

4.2 Клиникалық көрінісі.

 

Бет-жақ аймағында, әдетте сібір жарасының жергілікті шектелген (терілік) түрі дамиды. Ауру жәй, жалпы көріністері байқалмай дамуы мүмкін, бірақ дене қызуы 38°-қа дейін көтеріледі. Ауру басталар алдында бет терісінде қышитын түйіншек пайда болады. Оның ортасында қанды бөртік, ал айналасында үлкен инфильтрат дамып, жұмсақ тіндері домбығып ісінеді. Бөртік өздігінен жарылып, инфильтраттың бетінде қатты қара түсті қабыршақ пайда болады.

 

 

5 Нома немесе сулы рак

 

Нома — жақ, ұрт, ауыз қуысын бет тіндерінің тез жайылатын ылғалды гангренасы, бұл инфекциялық ауру шіріп түсіп қалады.

 

 

5.1 Этиопатогенезі.

 

Этиологиясы осы күнге дейін белгісіз. Нома дамыған кезде өлеттенген тіндерден анаэробты микробтардың фузоспикилярлы түрлері, ауыз қуысында әдетте кездесетін анаэробты микробтардың түрлері бөлініп шығады.

 

 

5.2 Патологаялық анатомиясы.

 

Әдетте нома болғанда морфологиясында ерін, ұрт, ауыз қуысының шырышты қабықтары өлеттенеді. Өлеттенген ошақ тез арада жан-жағына тереңінен жайылып айқын шекарасыз ауыз қуысының шырышты қабығының беткей қабатына өтеді.

 

 

5.3 Клиникалық көрінісі.

 

Ауру ақырын, науқастың мазасы кетіп, дене қызуы 37°-қа дейін көтеріліп басталады, ал кей жағдайда жедел басталып дене қызуы 38—40°-қа дейін көтеріліп организмнің әр түрлі дәрежедегі жалпы улануы байқалады.

 

 

6 Тілме (рожа)

 

 

Тілме — терінің және шырышты қабықтардың жедел сарысулы немесе сарысулықанды қабынуымен сипатталанатын организмнің жалпы улануымен көрінетін инфекциялы дерт.

Этиологиясы. А тобындағы бетта — гемолитикалық стрептококк тілме қоздырғышы болып табылады.

 

 

6.1 Патологиялық анатомиясы.

 

Тілменің патологиялық анатомиясы терінің емізікше қабатының сарысулы немесе сарысулы-қанды қабынуымен және ретикулярлық қабатының домбығуымен сипатталады. Қан және лимфа тамырлары кеңейіп, құрамында көптеген микробтар бар экссудатпен толады.

 

 

6.2 Клиникалық көрінісі.

 

Бет аймағында көбінесе тілменің алғашқы қабынуы дамиды. Инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан 4—5 күнге созылады. Ауру жедел басталып, жалпы қабыну көріністерімен сипатталады. Кейбір жағдайларда ауру, дене қызуының субфибрилді температурасымен, бас ауруымен, әлсізденуімен және жалпы жағдайының нашарлауымен басталады.

 

 

6.3 Емі.

 

Тілменің эритематозды түрінде сульфаниламид, витаминдер, десенсибилизацияландыру, осылармен қатар науқасқа тыныштық және ультрасәулесімен емдеу тағайындалады. Оның басқа түрлерінде антибиотиктер және қабынуға қарсы комплексті ем жүргізеді. Флегмонозды немесе өлеттенген түрі дамыған жағдайда жоғарыда атап өткен емге қоса науқастың жасын, қосақталған ауруларын ескере отырып қосымша интенсивті (екпінді) терапиялық ем қолдануын қажет етеді.

 

 

7 Шиқан

 

Түк фолликуласының және оның айналасындағы тіндердің жедел түрде іріңдеп, өлеттене қабынуын шиқан дейді.

Бірнеше түк фолликуласы мен майлы бездерді қамтып тері және теріасты клетчатканың іріңдеп өлеттене қабынуын көршиқан дейді.

 

 

7.1 Патологиялық анатомиясы.

 

Шиқан дамығанда түк фолликула-сының, майлы бездің және олардың айналасындағы дәнекер тіндердің өлеттенуі байқалады. Өлеттенген тіндердің ортасында стафилококктар шоғырланып жиналады, айналасында макрофактар мен нейтрофилдерден тұратын жалпақ білік пайда болып, оның шеті ісініп, қан тамырлары кеңейіп,

 

 

7.2 Клиникасы.

 

Шиқан түк фолликуласының қабынуынан басталады. Түктің айналасы іріңдеп жан-жағы аздап қызарады. 1—2-ші күннің аяғында дермәда томпиған конус тәріздес қабыну инфильтраты дамиды. Оның үстіндегі тері күңгірт-қызыл түсті, ал айналасындағы тіндер домбығып ісінеді. Бұл кезде шиқан аумағында ауыру сезімі күшейе түсіп, кей жағдайларда үшкіл нерв бұтақтарының бойымен жайылып, науқасты қатты мазалайды.

 

 

7.3 Ажырату диагнозы.

 

Шиқан мен көршиқанның диагнозын анықтау әдетте қиындық тудырмайды, дегенмен кей кездерде төменде аталатын басқа дерттерден ажырату керек болады.

Беттің теріасты одонтогенді гранулемасы теріасты май шеліндегі созылмалы гранулденген периодонтиттің әсеріне байланысты әлсіз өтетін іріңді процесс. Бүл дерттің өзіне тән үш белгісі бар: ауру тіс, теріасты гранулема, тістен немесе тіс үяшығынан беттегі құрылымға созылған тығыз тартпа.