Реферат: Жақ-бет аймағындағы нерв дерттері


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Медицина
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
16

Жоспар

 

Кіріспе............ 3

1 Үшкүл нерв жүйесінің невралгиясы......... 5

2 Үшкүл нервтің қабынуы (неврит).......... 11

3 Емі......... 12

4 Этиологиясы мен патогенезі......... 12

5 Мимикалық бұлшықеттердің салдануы......... 14

 

 

Кіріспе

 

Жақ-бет аймағында кездесетін нерв жүйесі дерттерін нейростоматологиялық дерттер деп, ал оны зерттейтін медицина ғылымының саласын нейростоматология деп атайды.

Нейростоматологиялық дерттер мен синдромдар өте көп болғанымен олардың белгілері: ауыру, вегетативті, жоғары нерв жүйелері жұмыстарының бұзылуы, тіндер қимылдарының бұзылуы. Бұлардың ішінде ауыру симптомы көп кездесетін және ең басты симптом болып есептеледі.

 

 

1 Үшкүл нерв жүйесінің невралгиясы

 

Бұл симптомкомплекс (белгілер жинағы) ішінде өте ауыр, азапты ауру. Клиникалық практикада қаталдығы, қауіптілігі, азаптылығы жөнінде үшкүл нервтің невралгиясына тең келетін белгі жоқ. Осымен қатар, бұл дерт организмдегі нервтер дертінің ішінде бірінші орын алады (Л. И. Луссен 1936).

Үшкүл нерв неврологиясының негізі афференттік, анималдық, вегетативтік нерв тіндерінің бұзылуынан болады. Оның бұзылған жерінен қозу (ирритация) диэнцифалды аймаққа (гипоталамус) және ми қабығындағы сезіну ядросына тарап, онда қозу ошағы пайда болады. Сыртқы ауыру туғызатын күштердің салдарынан ирригатация ошағы қозады және ол бұзылған нерв жүйесіне тарайды.

 

 

2 Үшкүл нервтің қабынуы (неврит)

 

Бұл дерттің себептері жарақаттану, нерв маңындағы тіндердің қабынуы, одонтогендік қабыну, көптеген инфекциялық дерттер, организмнің жалпы улануы және аллергиялық жағдайлар болып есептеледі.

 

 

3 Емі.

 

Үшкүл нервтің невритін емдеу тәсілдері оның этиологиясына байланысты болып, қабынуға қарсы ем бірінші орында тұрады. Сүйек сынығынан не басқа жарақаттанудан пайда болған невриттерді тексерген уақытта олар сүйек арасында қысылып қалғандығын анықтау қажет.

 

 

4 Этиологиясы мен патогенезі.

 

Топикалық диагностикасының қойылуына байланысты „бет нервісінің невриті" терминінен көрі бет нервісінің салдануы (парез, паралич) деген дүрыс. Өйткені нерв жүмысының бұзылуы тек қабынуға байланысты емес, басқа этиологиялық себептерден де болады.

Неврит нерв тіндерінің бүтінділігі сақталғанда және олардың зақымдануына байланысты. Нерв тіндерінің сақталуына байланысты невриттердің себебі инфекция (грипп, ангина), қатты тоңу (мұздау), қанмен қоректенуінің бұзылуы, гипертония, атеросклероз болуы мүмкін.

 

 

5 Мимикалық бұлшықеттердің салдануы

 

Стоматологтың тәжірибесінде бет нервісінің әртүрлі зақымдануы жиі кездеседі. Әсіресе оның жарақаттанып зақымдануы, бүтіндігінің бұзылмай зақымдануы жиі байқалады. Нәтижесінде мимикалық бұлшықтердің салдануы мен парезі түрінде қимыл бұзылыстары пайда болады.

Бет нервісінің біріншілік невриті (Белл салдануы) ангина, тұмау және т. б. аурулардың нәтижесінде пайда болады. Мұндай жағдайдың ақыры жақсы, 1—3 аптадан соң бұл құбылыс жоғалып кетеді. Нерв қызметінің бұзылуы ортаңғы қүұлақтың іріңді қабынуы, арахноидиттің салдарынан дамиды.