Реферат: Төменгі жақ сүйек сынықтарының жіктелуі


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Медицина
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
27

Жоспар

 

1 Төменгі жақ сүйек сынықтарының жіктелуі.......... 3

1.1    Төменгі жақ сүйегі сынығының клиникасы және диагнозы.......... 4

1.2 Сүйек сынықтарының ауытқуы.......... 7

1.3 Жақ-бет аймағы жарақаттанған науқастарға көмек көрсету.......... 11

1.4 Жақ сынақтарын уақытша бекіту тәсілдері.......... 13

1.5 Мамандандырылған хирургиялық көмек.......... 15

1.6 Жақ сүйектері сынықтарын емдеу тәсілдері.......... 17

1.7 Оразалиннің екіжақтық стандартты ілмегі бар пластмасса шендеуіші.......... 20

1.8 Васильевтің таспалы стандартты шендеуіші.......... 21

1.9 Тіс-қызыл иектік шендеуіштер.......... 21

1.10 Қызыл иектік шеңдеуіштер.......... 21

1.11 Сынықтарды хирургиялық әдістермен емдеу.......... 22

1.12 Сүйектік тігіс.......... 22

1.13 Сүйек остеонсинтезі.......... 24

1.14 В. И. Лукьяненко бойынша операция техникасы.......... 24

1.15. Ж. С. Сағатбаевтың өздігінен таралатын темір сыммен жасалатын остеосинтезі.......... 25

1.16 Гомопластикалық остеосинтез.......... 25

1.17 Рудько аппараты.......... 26

 

 

1 Төменгі жақ сүйек сынықтарының жіктелуі

 

 

Бейбітшілік уақытта (оқсыз зақымданғанда) төменгі жақ тұйық доға тәріздес болғандықтан, сырттан тиген күш сол тұйық шеңбер арқылы тарап оның белгілі бір жерлері сынады. Осындай кер әдеттегі сынатын немесе сүйектің осал жері не болмаса доғаның ең көп иілген бұрышы деп аталады. Олар орталық жік,  3[3 тіс ұялары, төменгі жақ бұрышы және төменгі жақ буын өсіндісі. (35-сурет).

 

35-сурет. Төменгі жақ сүйегі сынатын осал жерлерінің жобасы.

Орталық сызықта жақтың екі бөлігі қосылады. Ол жік өте қатты болғандықтан сынық оның оң немесе сол жағынан 1—2 мм ауытқиды. 3[3 тіс түбірі жуан   және ұзын, маңындағы жақ сүйегі жұқа, сондықтан көбіне осы жер сынады. Сынықтың төменгі жақ бұрышында  болу себебін екі түрлі теориялармен дәлелдейді: 1) Төменгі жақ доғасының ең үлкен иіні осы жерде орналасады. 2) Осы жерде өсу аймағы орналасқандықтан сүйекте кальций, фосфор қышқылдарының түздары аз ...

 

 

1.1   Төменгі жақ сүйегі сынығының клиникасы және диагнозы.

 

Төменгі жақ сүйегі доға тәріздес қозғалмалы тығыз сүйек. Екі симметриялы бөліктен тұрады. Сүйек тығыз тінінен құралып, аралығында аздаған кемік тіндері болады. Денесі жоғары қарай альвеолды өсіндіге ұласып, тіс ұясының қабырғаларын құрайды. Альвеолды өсіндінің қабығы сүйек қабығымен тығыз байланысып, қозғалмайды. Төменгі жақ сүйегінің ішінде қан тамыры және төменгі альвеолды нерв жүретін өзегі бар. Ми сауытымен бұл сүйек самай-төменгі жақ буыны арқылы байланысады.

Сынықтың қай жерде болуына және оның түріне байланысты аурулардың шағымдары әртүрлі болады. Барлық жағдайда да олар төменгі жақтың анық бір жерінде пайда болатын ауыру сезіміне шағым жасайды. Бұл жақ қозғалысында, тамақты тістегенде және шайнағанда ұлғая түседі. Кейде төменгі еріннің сезімталдығы жойылады (бұл нерв қан тамырларының қысылуына немесе үзілуіне байланысты). Тістеу бұзылып және ауыздан қан ағуы ықтимал. Осылармен қатар бас айналып, ауырып, құсқысы келеді, кейде құсуы мүмкін ...

 

 

1.2 Сүйек сынықтарының ауытқуы.

 

Төменгі жақ сүйегі сынығының негізгі клиникалық белгісі жарқыншақтардың ауытқуы болғандықтан, клиникада жиі кездесетін және орталық жіктен 3]3 тіс ұяларындағы төменгі жақ бұрыштарындағы сынықтарға назар аударамыз. Жоғарыда айтылғандай, жарқыншақтар негізінде салмағы және шайнау бұлшықеттерінің жиырылуы әсерінен ауытқиды. Сондықтан төменгі жақ сүйегіндегі шайнау бұлшықеттерін сипаттап өтейік.

Шайнау бұлшықеттерінің көтергіш (артқы) тобы: I. Шайнау еті - шықшыт сүйегі доғасының астыңғы қабаты мен жиегімен, шықшыт сүйегінен, жоғарғы жақ сүйегінің шықшыт өсіндісінен басталып төменгі жақтың үстіңгі қабатында (бұрышында) орналасқан шайнау төмпешіктеріне бекиді. Бұл ет екі жақты жиырылғанда төменгі жақты көтереді. Біржақты жиырылғанда төменгі жақты көтерумен қатар, оны сынық жағына қарай ауытқытады. 2. Самай еті -тармақты орналасып келесі үш қабаттан тұрады: беткей, орталық және терең. Самай фасциясының ішкі қабатының жігінен, самай сүйегінен, негізгі сүйектің үлкен қанатынан, самай беткейінен, төбе сүйектен, маңдай сүйектің қатпаршасынан, шықшыт сүйектің самай бетінен басталып төменгі жақ сүйегінің тәж тәріздес өсіндісіне бекінеді. Бұл ет жиырылғанда төменгі жақ жоғары көтеріледі ...

 

 

1.3 Жақ-бет аймағы жарақаттанған науқастарға көмек көрсету.

 

Жақ сүйегі сынған науқастардың еміне барынша тез арада олардың жоғалтқан пішіні мен қызметін қалпына келтіру жатады. Бұл мақсатқа жету үшін травматологияның келесі жалпы қағидаларын  орындау қажет: а) репозиция (сынықты өз орнына салу); б) фиксация (бекіту); в) ауру ағзаға тыныштық жасау немесе физиологиялық ем; г) асқынулардың алдын алу.

Көрсетілген көмектің көлемі, түрі жарақат алған жердегі жағдайға, медициналық пункттер мен мекемелердің дислокациясына (орналасқан жеріне) байланысты өзгеруі мүмкін.

Көмек көрсетудің бірнеше түрін ажыратады:

1) Алғашқы көмекті науқастарға жарақат алған жерде, санитарлық посттарда санитар, санинструкторлар болмаса озіне-өзі немесе біріне-бірі көмек көрсетеді ...

 

 

1.4 Жақ сынақтарын уақытша бекіту тәсілдері.

 

Төбе-иектік таңғыш салу. Науқасты тасымалдаған кезде сынықтардың жылжуына мүмкіндік бермейді. Бұл мақсатта торлы эластикалық дәкені пайдалануға болады. Стандартты траспорттық таңғыш сынықтардың мықты бекуін қамтамасыз етеді. Ол иек сақпаны ме тірек қалпақтан тұрады. Оның 3 жүп ілмегі болады, ол резина сақинаны бекітеді. Ілмек астында дәке салатын қалта болады. Сондықтан резина сақина ісінген жұмсақ тіндерге күш түсірмейді және жарақаттамайды. Қалпақ шүйде бұдырын жауып тұруы қажет. Сақпан жиегін жабу үшін қосымша мақталы дәке салады. Бұл ісінген жұмсақ тіндердің таңғышпен тікелей жанасуынан, иек маңындағы тері жабындыларының зақымдануынан қорғайды. Резина сақинаның санына байланысты, сақпан сыныққа күш түсіруі немесе түсірмеуі мүмкін. Төменгі жақ тіс қатарларынан тыс сынғанда және жоғарғы жақ сынғанда стандартты таңғышты 3 жұп резина сақина қолдану арқылы салады. Төменгі жақ тіс қатары деңгейінде сынса тек сынықты ұстату үшін салады. Біріккен сынықтарға шектен тыс күш түсірілсе одан әрі бітісіп асфиксияның даму қаупін туғызады. Сондықтан маман еместерге ұстатушы ретінде стандартты транспорттық таңба салу нұсқасы беріледі ...

 

 

1.5 Мамандандырылған хирургиялық көмек.

 

 

Мамандандырылған хирургиялық көмек емханаларда, травматологиялық пункттерде, аудандық және қалалық хирургиялық, травматологиялық бөлімдерде дәрігер хирургтар мен травматологтар арқылы жүзеге асырылады. Ең бірінпгі кезекте көмек шок, қан кету, жедел қан жоғалту, асфиксия белгілері бар науқастарға көрсетіледі. Мысалы, егер бет-жақ аймағының ірі қан тамырларынан қан кетуді тоқтату мүмкін болмаса, сыртқы ұйқы артериясын байлап таңады. Мамандандырылған хирургиялық көмек көрсету кезеңін 3 топқа бөледі. 1 — тек хирургиялық көмекті қажет ететіндер (жұмсақ тіндер жарақаты, I—II дәрежелі күйіктер, бет үсігі); 2 — арнайы көмекті қажет ететіндер (жүмсақ тіндер мен сүйек жарақаты, III—IV дәрежелі күйіктер, бет үсуі) көмек көрсетілгеннен кейін стоматологиялық стационар бөлімдерге жіберіледі. 3 — тасымалдауға келмейтін және дененің басқа аймағы, зақымдануы кезінде (әсіресе ми жарақаты) ...

 

 

1.6 Жақ сүйектері сынықтарын емдеу тәсілдері.

 

Жақ сынықтарының емдеу тәсілдері жергілікті және жалпы деп бөлінеді. Жергілікті емнің өзі уақытша (транспорттық) және тұрақты (емдік) емге бөлінеді. Тұрақты емнің ортопедиялық және хирургиялық түрлері бар.

Шеңдеуіштердің көмегімен көрсететін ортопедиялық ем үш топқа бөлінеді: тістік, тіс-қызыл иектік және қызыл иек үстілік.

Шендеуіштерге   қойылатын   талаптар:   1.   Шендеуіш сынықтарды мықтап ұстап түруы; 2. Құрылысы қарапайым болуы; 3. Қолда бар заттардан оңай дайындалуы; 4. Ағза қызметіне кедергі келтірмеуі керек.

Тістік шеңдеуіштер. Бұл шеңдеуіштердің ішінде кеңінен тараған алюминий сымынан жасалған Тигерштедтің, Васильевтіц таспалы стандарты шеңдеуіштері. Тістік шеңдеуіштер тек тістергс бекітіледі, сондықтан олар тістер жеткілікті болса ғана қолданылады. Бұл шеңдеуіштерді орыс әскерінің тіс дәрігері Тигерштедт С. С. (1915) қолдануды ұсынған. Оны дайындау үшін диаметрі 1,8—2,0 мм алюминий сымы, 0,5—0,6 мм қола-алюминий сымы және аспаптар жиынтығы (крампон қысқышы, анатомиялық пинцет, қан тоқтатқыш қысқаш, егеу) қажет. Шеңдеуішті дайындау ережелері: Шеңдеуіш тістердің мойын аумағында орналасып, әрбір тіске жанасып тіс қатарының доғасымен иіледі. Ол серпіліп қызыл иекті жарақаттамау керек. Шеңдеуішті әр тіске сыммен бір басынан бастап бекітеді, осыған байланысты тістерге түскен салмақ шеңдеуішке байланған тістерге біркелкі бөлінеді, оның күтімін жеңілдетеді. Оны крампон қысқашымен қысып ұстап саусақпен иеді. Бұл талап орындалмаса шеңдеуіштің иіліп дайын болған жері деформациялануы мүмкін ...

 

 

1.7 Оразалиннің екіжақтық стандартты ілмегі бар пластмасса шендеуіші.

 

 

ҚазММУ-дің дің хирургиялық стоматология клиникасында 1982 ж. Бастап төменгі қысымды полиэтиленнен жасалған стандарттты шендеуіш қолданылады. Бұл шендеуіштер майысқақ, жеңіл, сонымен қатар өте мықты және улы заттар бөліп шығармайды.

Шендеуіш доға тәріздес бір-бірінен 1,0 см ара қашықтықта орналасқан ілгектері бар. Оның ұштарында тіс аралығына кіріп тұратын иіндері бар. Шендеуіштің ұзындығы 11-13 см, салмағы 0,7-0,8 г. Шендеуіш тістерге полиамидті жіппен немесе лигатуралы сыммен бекітеді.  (39 сурет).

 

39-сурет. Ж.Б. Оразалиннің  пластмасса шендеуіші.

Сабын және щеткамен өңделіп залалсыздандырылған соң шендеуішті қайта қолдануға болады ...

 

 

1.8 Васильевтің таспалы стандартты шендеуіші.

 

1967 жылы қолдануға ұсынылған, оның жалпақтығы 2,3 мм, ұзындығы – 134 мм. Шендеуіштің стандартты ілмектері бар, сондықтан оны қолдану оңай және көп уақыт алмайды. Бірақ бұны барлық уақытта кіші және үлкен азу тістердің аумағында Шпейс қисығына сай орналастыруға мүмкіндік болмайды. Егер тіс түйісуі терең немесе тістер қысқа болса шендеуішті қолдану өте қиынға түседі, кей кездерде тіпті қолдануға болмайды. Бұл шендеуішті басқа ілмектері бар шендеуіштер қолданатын жағдайларда пайдаланады ...

 

 

1.9 Тіс-қызыл иектік шендеуіштер.

 

Альвеолды өсіндіге және тістерге тіреліп бекітіледі.

Вебер шендеуіші төменгі жақ сүйегінің сынық сызығы тіс қатары аумағымен өтіп сынық бөліктерінің әрқайсысында бірнеше мықты тістер болса ғана қолданылады. Шендеуіш альвеолды өсіндісінің тістері жоқ жеріне тіреліп, қызыл иектің шырышты қабатына жанасып тістерді жан-жағынан тығыздап ұстап тұрады. Тістердің шайнау беттерімен кескіш қырларын жаппай тұруына байланысты антагонист тістердің түйісуі бұзылмайды.  Бұл шендеуішті сынық бөліктері жылжымаған жағдайда сынық пайда болысымен салып, ем толық біткенше пайдалануға болады ...

 

 

1.10 Қызыл иектік шеңдеуіштер.

 

Бүлар альвеолды өсіндінің шырышты қабатына жанасып тіреліп тұрады. Қазіргі кезде толық тістерінен айырылған науқастардың төменгі жақ сүйегі сынған жағдайда Порт шеңдеуіші қолданылады. Бұл жоғарғы және төменгі жақтық екі базисті пластикадан тұрады, олар бүйір бетінде бір-бірімен орталық окклюзияда бір блокқа біріктірілген. Шеңдеуіштің алдыңғы бөлігінде тамақ қабылдайтын тесік жа-салған. Оны ауыз қуысына кіргізген соң төменгі жақ сүйегінің сынық бөліктерін төменгі базиске қысып, иектік сақпанның және қалпақтың көмегімен бекітіп қояды. Бүл шеңдеуіш әлсізденген, оперативті ем тәсілдерін жүргізуге болмайтын науқастарға қолдануға арналған ...

 

 

1.11 Сынықтарды хирургиялық әдістермен емдеу

 

Сынықтарды хирургиялық әдістермен емдеудің көрсеткіштері:

1. Тістері жоқ жақтардың сынықтары немесе тістер санының аздығы.

2. Дұрыс бітпеген сынықтар немесе жалған буын.

3. Жұмсақ тіндер сынықтардың ортасында тістеліп қалса.

4. Қан тамыр-нерв шоғырының зақымдана сынуы.

5. Тіс қатарынан тыс сынықтың жылжуы.

6. Көптеген сынықтар.

7. Көп жарқыншақты сынықтар ...

 

 

1.12 Сүйектік тігіс.

 

Төменгі жақ денесінің, бұрышының, бұтағының, буын өсіндісі негізінің сызықты және алшақ орналасқан сынықтары кезінде сүйектік тігіс салынады. Тігіс материалы ретінде болаттың арнайы магнитті, тотықпайтын түрінен жасалған, IX 1 8М9Т, ЭП—400, ЭК-1 нихром, виталиум, тантол, титан 0,6—0,8 мм және полиамидті жіптер мен диаметрі 0,7—1,0 мм литиланловсан, хромдалған кетгут кең қолданылады. Сүйектік тігіс салу вдістерін ауызішілік және ауыздан тыс деп бөлуге болады ...

 

 

1.13 Сүйек остеонсинтезі.

 

Бұл әдісті төменгі жақ ортасынан сынғанда қолданады. Мұнда бекітілген бұлшықеттердің тартуынан сүйекті тіккен кезде, остеопороз пайда болып, сымдар шығып кетеді. Сондықтан сынықты дәл қойып бекіту қажет. Ол үшін темір сым қолданылады. Оның көмегімен төменгі жақтың бұрышы және бұтақтың төменгі бөлігі сынған кезде жақ денесі аздап ақауланып және тіссіз сынғанда қолданады ...

 

 

1.14 В. И. Лукьяненко бойынша операция техникасы.

 

Жақтың төменгі қырының бойымен сынық аймағының ұзындығы 7—8 см тері тілінеді, сынық сызығы жалаңаштап ашады. Әр сынықтағы сүйектің сыртқы қабығын жұмсақ тіндермен қоса распатордың көмегімен ажыратады. Алдыңғы сынық — сүйектің сыртқы қабығынан 2,5—3,5 см, ал артқысы 1 —1,5 см жаңалаштанады. Сынық сызығынан 2,5—-3 см-дей алшақтап, жарықшақтың сыртқы төменгі қырының бойымен кортикалды қабатта бормен сүйектің кемігіне дейін тесіледі. Осыдан соң жарықшақтарды біріктіріп жасалған тесікке металл стержень енгізеді. Балғаның көмегімен сәл ғана соққы беріп алдыңғы жарықшақты сыныққа қарай бағыттайды. Ұшы сүйектен тыс жатқан стерженнің бос ұшы 0,5—0,7 см болуы тиіс. Стерженнің артығын тістеуікпен кесіп, өткір жиектерін тегістейді. Жарақатты антибиотиктермен өңдеп, қабат-қабатымен тігеді. Тігіс арасына 48 сағатқа резина салады. Стерженді операциядан 2 айдан соң алған жөн, жалпы стержень маңындағы тіндерге еш зақым келтірмейді, сондықтан сүйек  бітіскен соң 6—12 айдан кейін де алуға болады ...

 

 

1.15. Ж. С. Сағатбаевтың өздігінен таралатын темір сыммен жасалатын остеосинтезі.

 

Магнийдің тотығуға төзімділігі бұрыннан белгілі. Бірақ таза магний морт сынғыш келеді және тіндерге тез таралады.

1965 жылы Қазақтың клиникалық және эксперименталдық хирургия институтында негізі магний өздігінен таралатын құйма ұсынылады. Алынған құймадан сынықтарды бекіту үшін қолданылатын штифтер дайындалған. Сынықтың орналасуына байланысты ұшында бинттік жолақтары бар сымдар немесе тегіс штифтер қолданылады ...

 

 

1.16 Гомопластикалық остеосинтез.

 

 

 (Бажанов Н.Н., Қоспанғалиев М.О. 1977). Бөліктерді бекіту үшін ортан жіліктен алынған гомологиялық формалдинденген трансплантаттар қолданылады. Сыртқы кортикалды пластинканы және сүйек бөліктерінің төменгі жиегінің бойымен сынық сызығы арқылы белгілі ендікте аралайды. Бұл пластинканың ені 4,5 мм, жақтың төменгі қырының ені 2 см, аралық ұзындығы 2-3 см. Сынықтарды мұқият орнына қойып, осы жағдайда ұстап тұрады. Сынық сызығы арқылы сыртқы кортикалды пластинкадан және төменгі қырымен ультрадыбысты кесінді жүргізеді. Кесіндіге трансплантатты тығыз енгізеді. Трансплантаттардың ұшы, өз сүйегімен пісіріліп бекітіледі ...

 

 

1.17 Рудько аппараты.

 

Бұл аппаратты бекіту үшін сынық аумағында жақ сүйегінің төменгі қырын жалаңаштап, сынық бөліктерін тіс түйісуіне бағыттай отырып қалпына келтіріп, сүйек қысқаштарымен бекітіп, оларды бір-біріне ауыз қуысының сыртынан штангамен жалғап жараны қабаттап тігеді. Жұмсақ тіндерден шығып тұрған қысқашты йодоформды дәкемен таңып қояды. 10-12 күн өткен соң қысқаштар босап кетуі мүмкін, сондықтан олардың мықтылығын қадағалап тұру керек. Аппарат операциялан соң 30-35 күннен кейін алынады. Кей кезде аппаратты алғаннан кейін қысқаштар тұрған жердегі сүйекті кюретажды қасықпен қырып тазалау керек. Ревизиядан соң тері 1-2 жерінен тігіледі, оларды 6-7 тәуліктен соң алып тастайды.  (42-сурет)

 

 

42-сурет. Рудько аппараты.

 

С.И. Коганович, А.В Ярошевичтердің компрессиялық аппараты  сынық сызығына қысымды перпендикулярлы бағыттауға мүмкіндік тудырады, бұл жағдай төменгі жақ сүйегінің сынық бөліктерін барлық ем уақытында мықтап бекітуге мүмкіндік береді.

Биологиялық циакрин желімімен остеосинтез. Биологиялық желіммен оперативтік ем жүргізуге келесі көрсеткіштер жатады:

1. Төменгі жақ сүйегінің тік және қисық сынықтары тіс қатарының артынан сынғанда; ...