Реферат: Жақ-бет аймағының абсцестері мен флегмоналары. Бет және мойын лимфадениті


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Медицина
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
26

Жоспар

 

1 Жақ-бет аймағының абсцестері мен флегмоналары.......... 3

2 Жоғарғы жақ сүйегі маңында кездесетін абсцестер мен флегмоналар.......... 5

3 Төменгі жақ сүйегі маңында кездесетін абсцестер мен флегмоналар.......... 9

4 Бет және мойын лимфадениті......... 20

4.1 Жедел лимфадениттер..........22

4.2 Созылмалы лимфаденит.......... 23

4.3 Лимфангоиттер.......... 25

1 Жақ-бет аймағының абсцестері мен флегмоналары

 

Жақ-бет аймағының жұмсақ тіндерінің іріңді процестері, жақ-сүйек остеомиелитімен бірге үйлесіп не болмаса өз бетімен пайда болуы ықтимал.

Инфекцияның таралуы — лимфа, вена тамырларымен немесе іріңді заттың жақ сүйектен жұмсақ тіндерге жарып шығуынан пайда болады. Май қабатының іріңді қабынуы (шіруі) абсцесс не флегмона түрінде өтеді. Бет-жақ аймағы тері, теріасты, ет аралығы май қабатына өте бай. Ал, дербес май қабаты лимфа бездерімен және қан, лимфа тамырларына толып, солар арқылы бір-біріне ұласып жатады.

Абсцесс — бұл тері немесе теріасты май қабатының шектелген іріңді қабынуы.

Абсцестің жергілікті белгілері: анық шектелген, ауыратын тығыз инфильтрат (ісік), оның бетіндегі тері қабаты не шырышты қабық керілген, қан кернеп қызарған, аздап жылтырайды. Инфильтраттың ортасы босап және флюктуация (сүйық заттың толқынды қозғалысы) байқалады. Қабынудың жалпы белгілері, абсцестің орналасқан жері мен мөлшеріне байланысты болады. Сонымен қатар дене қызуы, бас ауруы, қалтырауы, лейкоцитоздың болуы және ЭТЖ өсуі мүмкін.

Флегмона — теріасты, бұлшықеттер және фасциялар арасындағы (шелдің) клетчаткалардың жайылмалы іріңдеп қабынуы.

Бұл жағдайда ауыратын (тығыз), анық шектелмеген, домбыққан тіндер ішінде орналасқан инфильтрат байқалады.

Беткей орналасқан флегмоналарда, ауру басталысымен ауыратын тығыз инфильтраттың тері қабаты мен шырышты қабығы қан кернеп қызарып, тіндер домбығады. Терісі „жылтырап" керілген, бет шұңқырлары тегістелген, терісі қатпарға жиырылмайды. Тереңдеу орналасқан флегмоналарда, бастапқыда тері қабатында өзгеріс аз болады. Тек коллатеральды домбығу мен ауыратын тығыз инфильтрат байқалады. 2—3 күн өткен соң тіндердің іріңді іруінен инфильтраттың тығыздығы төмендейді де, ортасында флюктуация пайда болады, терісі қызарып, кейде көкшіл тартып тұруы мүмкін. Аумақтық лимфа түйіндері үлкейіп, қолмен басқанда ауырады.

Іріңді „көздің" орналасуына байланысты жергілікті өзгерістер — жақтың қарысуы (контрактура), шайнау қызметінің бұзылуы, жұтына алмаушылық не ауыр жұтыну, сөйлеу және тыныс алу қызметінің бұзылуы, дауыстың қырылдауы сияқты белгілермен білінеді. Сілекейдің бөлінуі көбейіп, ол қою және ауыз қуысы түбі (асты) флегмонасында — тілдің көлемі тез үлкейіп, жоғары көтеріліп тұрады.

3 Төменгі жақ сүйегі маңында кездесетін абсцестер мен флегмоналар

 

Анатомиялық топографиясы: алдында — төменгі жақ сүйегінің иек бөлімі, шет қапталдарында оң және сол қос қарынша бұлшықетінің алдыңғы қарынша бөлігі, үстінде — жақ-тіласты бұлшықеті, артында — тіласты сүйегінің денесі, төменінде — мойынның меншікті фасциясы. Бұл жерде бұлшықет арасы борпылдақ клетчаткасы және 2—4 иекасты лимфа түйіндері орналасқан. Бүл аймақта іріңді қабынудың пайда болуына лимфа түйіндерінің қабынуы және төменгі күрек тістердің түбір ұшында инфекция ошағының болуы себепші деп есептеледі.

Клиникасы. Екінші иек тәрізді қатты ауыратын инфильтрат пайда болып, бет аумағы ұзарғандай көрінеді. Жалпы көрінісі онша ауыр емес. Ауыз ашу шектелмеген, ауыз қуысы түбінің шырышты қабығы өзгермеген, тек әбден асқынған жағдайда шырышты қабық домбығады, ал тері қабатында — қан кернеп қызару және флюктуация пайда болады.

Іріңді шығару үшін иекасты аймағының терісін ортаңғы сызықпен ұзындығы 2—2,5 см етіп тіледі де, қан тоқтатқыш қысқашпен тіндерді жылжытып (сырып), ірің шыққанға дейін ашады. Жараға дренаж қойып таңады.

Төменгі жақасты үшбұрышының абсцестері мен флегмоналары. Үшбұрыштың анатомиялық шегі: төменгі жақ сүйектің төменгі қыры, қос қарынша бұлшықетінің алдыңғы және артқы қарыншалары, үстіңгі шегі — жақ-тіласты бұлшықеті, астыңғы шегі — мойынның меншікті фасциясының беткей қабықшасы. Жақасты кеңістігін толтырып тұратын клетчаткада жақасты сілекей безі, бет артериясы, алдыңғы бет венасы лимфа туйіні орналасады. Бұл жерге инфекция — кешеуілдеп жарып келе жатқан үшінші азу тістен, төменгі үлкен және кіші азу тістердің түбір ұшында болатын қабыну процестерінен тарайды. Жақ астында ауыратын  ісік   пайда болып, жұтынуда ауырсынады. Жақасты үшбұрыштығының тереңінде   тығыз, ауыратын инфильтрат  пайда болып, тері қабаты керіле бастайды. Коллатеральды домбығу күшейіп, төменгі жақ сүйек қимылында ауырсынады. Төменгі жақасты аймағының  және 2-3 дәрежелі жақ флегмонасы  қарысуы болуы мүмкін. (21-сурет)

4.1 Жедел лимфадениттер

 

Науқас басын қимылдатқанда ыңғайсыздық білініп, қабынған түйін немесе түйіндер аумағында әлсін-әлсін ауыру сезімі туады.

Аурудың алғашқы белгісі, қабынған аймақта көлемі шағын, домалақ, ауырмайтын немесе аздап ауыратын ісік пайда болады. Науқастың ауру тарихында тістер бадамшасының, жақ-бет аймағындағы тағы да басқа ағзалардың қабыну процестері болғаны аталған.

Сары су лимфаденитінде науқас организмінде жалпы өзгеріс байқалмайды, тек дене қызуы аздап көтеріліп (субфебрилді) лейкоцитоз (аздаған) болады. Қарап көргенде ауырған жағында қоршаулы ісік, терісі қозғалмалы өзгеріссіз болады.

Сипап көргенде ауыратын үлкейген, қозғалмалы тығыз, сопақша пішінді, лимфатикалық түйіндер байқалады. Мұқият тексергенде қабынудың алғашқы ошағы периодонтит, пародонтоз, перикоронарит, стоматит, тонзилит, шиқан немесе бет жарақаты т. б. анықталады.

Алғашқы қабыну ошағын жойған кезде сарысулы лимфадениттің кері дамуы басталады.

Емдеу дұрыс жүргізілмесе, сарысулы лимфаденит іріңді лимфаденитке айналады.

Науқастар, солқылдаған ауыру сезімінің қабынған аумақта күшейе түскеніне, мазасыздығына, тамаққа тәбетінің жоқтығына, дене қызуының көтерілуіне (37,2—38,0 дейін) шағым жасайды. Жергілікті периодонтиттің клиникалық көріністерінің басым болуына байланысты, лимфатикалық түйін шекараларының анықтығы жоғалады. Ол қозғалыссыз, басқа түйіндермен жабысып бірігіп, іріңдей бастайды. Қабынған түйіндер аумағындағы тері ісінген, қатты, қозғалыссыз, қызарған, артынан ол жұмсарады. Науқастың жалпы жағдайы ауырлайды. Шеткі қан айналысында, лейкоциттердің көбейгені байқалады. 10— 12 103 мкл, нейтрофилез сол жаққа жылжыған, эозинопения.

Патологиялық анатомиясы. Лимфатикалық түйіндегі қабыну оның қызаруынан және синустарының кеңеюінен басталады. Эндотелий клеткалары жиырылып, домалақтанып, қозғалып макрофагтың міндетін атқарып, микробтар мен бөтен заттарды ұстайды.

Аденофлегмона. Инфекциялық қабыну процесі үдеуінен лимфатикалық түйін қапшығының сырт жағындағы тіндерге жайылып лимфаденитке тән клиникалық сурет жойылып көбінесе остеофлегмонаға ұқсайды. Сөйтсе де аденофлегмонаның дамуы, ағысы остеофлегмонаға қарағанда жәй және ақырын болады. Дененің қызуы аденофлегмонада 37—38,7°, өте сирек жағдайда 39° көтеріледі.

Лейкоцитоз, нейтрофилез болады, ЭТЖ 30—40 мм/сағ дейін көтеріледі, бұл суреттер жәй дамитын процеске тән.