Реферат: Жақ-бет аймағының абсцестері мен флегмоналары. Бет және мойын лимфадениті


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Медицина
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
26

Жоспар

 

1 Жақ-бет аймағының абсцестері мен флегмоналары.......... 3

2 Жоғарғы жақ сүйегі маңында кездесетін абсцестер мен флегмоналар.......... 5

3 Төменгі жақ сүйегі маңында кездесетін абсцестер мен флегмоналар.......... 9

4 Бет және мойын лимфадениті......... 20

4.1 Жедел лимфадениттер..........22

4.2 Созылмалы лимфаденит.......... 23

4.3 Лимфангоиттер.......... 25

 

 

1 Жақ-бет аймағының абсцестері мен флегмоналары

 

Жақ-бет аймағының жұмсақ тіндерінің іріңді процестері, жақ-сүйек остеомиелитімен бірге үйлесіп не болмаса өз бетімен пайда болуы ықтимал.

Инфекцияның таралуы — лимфа, вена тамырларымен немесе іріңді заттың жақ сүйектен жұмсақ тіндерге жарып шығуынан пайда болады. Май қабатының іріңді қабынуы (шіруі) абсцесс не флегмона түрінде өтеді. Бет-жақ аймағы тері, теріасты, ет аралығы май қабатына өте бай. Ал, дербес май қабаты лимфа бездерімен және қан, лимфа тамырларына толып, солар арқылы бір-біріне ұласып жатады.

Абсцесс — бұл тері немесе теріасты май қабатының шектелген іріңді қабынуы.

Абсцестің жергілікті белгілері: анық шектелген, ауыратын тығыз инфильтрат (ісік), оның бетіндегі тері қабаты не шырышты қабық керілген, қан кернеп қызарған, аздап жылтырайды.

 

 

2 Жоғарғы жақ сүйегі маңында кездесетін абсцестер мен флегмоналар

 

  

Көзасты  аймағының  абсцестері  мен  флегмоналары. Бұл аймақтың анатомиялық шектері: көз ұясының қыры, жоғарғы жақ сүйегінің альвеолдық өсіндісі, мұрынның бүйір қабырғасы, жақ және шықшыт сүйектерінің жігі. Бұл жерде, борпылдақ (жұмсақ) фасциялармен қоршаған „күлкі бұлшықеттері" орналасқан. Еттердің   арасында,   көзасты   аймағынан   шықшыт   және ұрт аймақтарына ірің тарайтын шел (май) клетчаткасы болады. Сондай-ақ инфекцияның таралуына, өте көп веналық тордың болуы, оның бұрыштық вена арқылы көз шарасы (ұясы) веналарымен жалғасуы үлкен рөл атқарады. Көзасты аймағында іріңді процестің пайда болуына, бүзылған жоғарғы ит азулары және кіші азу тістер, кей жағдайда кіші күрек тістер мен екінші премолярлар себепші болады.

 

<...> Көз шарасының абсцестері мен флегмоналары. Көз шарасының клетчаткалы кеңістігіне инфекция тромбофлебитте бұрыштық вена арқылы, гаймор куысынан, самайасты жәңе қанатша-таңдай шұңқыршасы флегмонасынан енуі мүмкін.

Көз шарасы флегмонасының клиникалық көрінісі өте ауыр болады: дене қызуы жоғары көтеріліп, зардапты бас ауруы пайда болып, улану күшейеді. Қабақ домбығып, (хемоз) шырышты қабығының айналып сыртқа шығуы (экзафтальм), көздің шарасынан бұлтиып шығуы (диплопия) пайда болады (19-сурет).

 

19-сурет. Көз ұясының флегмонасы.

 

3 Төменгі жақ сүйегі маңында кездесетін абсцестер мен флегмоналар

 

Анатомиялық топографиясы: алдында — төменгі жақ сүйегінің иек бөлімі, шет қапталдарында оң және сол қос қарынша бұлшықетінің алдыңғы қарынша бөлігі, үстінде — жақ-тіласты бұлшықеті, артында — тіласты сүйегінің денесі, төменінде — мойынның меншікті фасциясы. Бұл жерде бұлшықет арасы борпылдақ клетчаткасы және 2—4 иекасты лимфа түйіндері орналасқан. Бүл аймақта іріңді қабынудың пайда болуына лимфа түйіндерінің қабынуы және төменгі күрек тістердің түбір ұшында инфекция ошағының болуы себепші деп есептеледі.

 

Клиникасы. Екінші иек тәрізді қатты ауыратын инфильтрат пайда болып, бет аумағы ұзарғандай көрінеді.

 

<...> Жақ-бет аймағы флегмоналарын емдеудің негізгі қағидалары

Емдеу жолы жан-жақты комплексті шаралардан тұруы қажет. Негізгі шаралар:

1) Хирургиялық емі Мақсаты: жұмсақ тіндердегі ошақты іріңді ашып, дренаж жасау; 2)микробқа қарсы; 3)интоксикацияға қарсы; 4)сенсибилизацияға қарсы; 5)организмнің нашарлаған функциясын қалпына келтіруге бағытталған; 6)жалпы әлдендіргіш және иммуды биологиялық қасиеттерді көтеру үшін бағытталған стимуляциялық емдер.

Жақ-бет аймағының флегмонасында оперативтік ем, яғни бұзылған (қабынуға себепші болған) тісті жұлу және жұмсақ тіндерді ашып, іріңді шығару кейінге қалдыруға болмайтын, кей жағдайда шұғыл операция түріне жатады.

Тісті жұлудың негізгі мақсаты — сүйек ішіндегі іріңді дренаж шығарып токсиндердің қанға сіңуін және экссудаттың сүйек өзектері арқылы жайылуын азайту болып табылады.

 

 

4 Бет және мойын лимфадениті

 

Лимфа ағзалармен дене бөлшеқтеріне жеткізетін тамырлар оның бойына орналасқан лимфатикалық түйіндер лимфатикалық жүйе құрып, адам организімінде көптеген міндеттер атқарады. Лимфаны тіндерден венаға өткізеді (өткізгіш міндет), лимфоидтық элементтер құрады (лимфопоэз) және организмге кірген бөтен заттарды сүзіп аластайды (тосқауыл міндет). Лимфатикалық тармақтармен қатерлі ісік клеткалары жайылып басқа ағзаларға жетеді (метастаза).

Лимфатикалық түйін домалақ немесе сопақша болып келеді де, мөлшері бидай дәнінен бұршақтай болады. Ол дәнекер қапшықпен қапталып, түйінге қарай перделермен бөлінеді. Перделер арасы лимфоидтық тіндермен толтырылған, ол қабыршақ ми заттарына ұқсас орналасқан. Лимфоидтық тіндер мен перделердің арасында кеңістіктер бар,— ол лимфатикалық синустар деп аталады.

 

 

4.1 Жедел лимфадениттер

 

Науқас басын қимылдатқанда ыңғайсыздық білініп, қабынған түйін немесе түйіндер аумағында әлсін-әлсін ауыру сезімі туады.

Аурудың алғашқы белгісі, қабынған аймақта көлемі шағын, домалақ, ауырмайтын немесе аздап ауыратын ісік пайда болады. Науқастың ауру тарихында тістер бадамшасының, жақ-бет аймағындағы тағы да басқа ағзалардың қабыну процестері болғаны аталған.

Сары су лимфаденитінде науқас организмінде жалпы өзгеріс байқалмайды, тек дене қызуы аздап көтеріліп (субфебрилді) лейкоцитоз (аздаған) болады. Қарап көргенде ауырған жағында қоршаулы ісік, терісі қозғалмалы өзгеріссіз болады.

 

 

4.2 Созылмалы лимфаденит

 

Созылмалы арнайы емес лимфаденит жедел лимфадениттің салдарынан немесе әлсіз вирулентті инфекцияның күшімен болады.

Аурулар лимфатикалық түйіндер аймағында домалақ ауырмайтын бірде үлкейіп, бірде кішірейетін ісіктерге көңіл аударады. Созылмалы лимфаденитпен ауырған аурулардың жалпы жағдайы қанағаттарлықтай, тек организмде созылмалы ошақтың болуы дене қызуын субфебрильді көтеріп, тез шаршау, мазасыздық туғызады. Ауруды тексеріп көрген кезде организмде одонтогенді немесе одонтогенді емес ошақтардың жойылмағаны белгілі болады. Кей уақытта аурудан сұрап білген кезде алғашқы ошақтың жойылғаны мәлім болады. Бірақ кейбір анотомиялық аумақтарда, ұстап көргенде жеке-жара, үлкейген аздап қозғалмалы, сәл ауыратын кейде ауырмайтын лимфатикалық түйіндердің бар екені белгілі болады.

 

 

4.3 Лимфангоиттер

 

Этиологиясы және патогенезі. Лимфангоит немесе лимфангит — лимфа тамырларының қабынуы. Лимфангоит микрофлораның және олардың токсиндерінің лимфа жолдарына өтуінен пайда болады. Ол периодонтта, периостта жақ сүйектерінің қабыну процестері кезінде дамиды. Лимфа тамырларына ісік клеткаларының ыдырау өнімдері және де бөгде заттардың енуінен де лимфангоит дамуы мүмкін.

Клиникалық көрінісі...