Реферат: Сілекей бездерінің қабыну дерттері (сиалоаддниттер)


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Медицина
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
32

Жоспар

 

1 Сілекей бездерінің қабыну дерттері (сиалоаддниттер)......... 3

2 Сілекей бездерінің дерттері кезінде  науқастарды тексеру......... 4

2.1 Жедел ағымды эпидемиялық паротиттер......... 10

2.2 Жедел ағымды эпидемиялы емес паротит......... 11

2.3 Төменгі жақасты және тіласты сілекей бездерінің жедел іріңді қабынулары......... 14

2.4 Сілекей-тас дерті (Сиалолитиазис)........ 20

3 Сілекей бездерінің жарақаттары......... 28

 

 

1 Сілекей бездерінің қабыну дерттері (сиалоаддниттер)

 

Сілекей бездері жақ-бет аймағының анатомиялық, функционалды құрамды бөлігі және ауыз қуысының қосымша бөлігі болып саналады. Сілекей бездерінің патологиясы мен дерттерін емдеу мәселелері стоматологиямен тығыз байланысты. Сондықтан да бұл мәселелерді терең зерттеу жұмыстарымен стоматологтар айналысады.

Ірі, жүп сілекей бездеріне құлақмаңы, жақасты және тіласты, ал майда және тақ бездерге ауыз қуысының шырышты қабығының бездері жатады. Бұлар өздерінің атауына сәйкес анатомия-топографиялық аймақтарда орналасады.

 

 

2 Сілекей бездерінің дерттері кезінде  науқастарды тексеру

 

 

Науқастарды тексеру жалпы қағидалармен жүргізіледі, оларға: шағым жинау, анамнезі, қарап, сипап (кейде екі саусақпен сипап) тексеру, шығару түтіктерінен бөлінген сілекей құрамын зерттеу. Шығару түтіктерін шұқығышпен қарау, рентгенологиялық сцинтиграфиялық, секреторлы функцияларын тексерулер, биопсия жатады.

Науқастың жасы, жынысы, жалпы жағдайы диагностикалық бағытын анықтауы мүмкін.

 

<...>

 

 

26-сурет. Сілекей тас ауруының әр түрлі сатысындағы өзгерістер:

А) конкрементті ар жағындағы сілекей тістерінің түгел кеңеюі (сілекей ретенциясына тән көрініс); б) ағыс жолдарында тас болғанда және қабыну кезінде сілекей түтіктері біркелкі ...

 

 

2.1 Жедел ағымды эпидемиялық паротиттер

 

 

Бұл вирусты контагиозды дерт. Қоздырғышы — 1934 жылы Джонсон және Пудпасчер ашқан сүзілетін вирус.

Балалар бақшасы мен мектеп жасындағы балалар (5—10) және жас кезінде ауырмаған ересек адамдар ауырады.

Бұл дертке мерзімдік сырқаттану тән — көктем, қыс айларында жиі кездеседі. Продромалды кезеңі 3 аптаға дейін созылады. Бұл кезеңде науқастар әлсіздікке, тәбетінің жоқтығьша шағымданады.

Инкубациялық кезең өтісімен, құлақ маңындағы бір немесе екі безі, төменгі жақасты бездері немесе барлық сілекей бездері де ауруға шалдығуы мүмкін.

 

 

2.2 Жедел ағымды эпидемиялы емес паротит

 

Бұл дерт бездердің іріңдеуіне алып келеді және өте ауыр түрде жүреді, созылмалы қабынуға өтуі де мүмкін.

Дерттің жергілікті себептеріне: бөгде заттың енуі, сілекей тастарының пайда болуы, афтозды және жаралы стоматиттер, бездің жарақат алуы, қабыну процестерінің көрші аймақтардан өтуі жатады.

Жалпы себептері: инфекциялық дерттер, іш қуыстарына жасаған операциялар, сусыздануға алып келетін дерттер.

 

 

2.3 Төменгі жақасты және тіласты сілекей бездерінің жедел іріңді қабынулары

 

Бүл дерт сирек кездеседі. Қабынудың себептері: сілекей тастары, жарақат алу, стоматит.

Клиникалық көрінісі. Науқас жұтынғанда, тамақтану кезінде ауыру сезімінің болуына, ауыз қуысының құрғақтығына шағымданады. Қарап тексергенде: бездің ұлғайғаны, тері қабаты жылжымалы, қатпарға жиналмалы, түсінің өзгермегені байқалады. Ауыз қуысын тексергенде ауыз түбінің шырышты қабаты ісініп, қызарған, шығару түтігі ісініп, кернелген және ауыру сезімі болады. Шығару түтігін сипап тексергенде сілекей тастары анықталуы мүмкін.

 

 

2.4 Сілекей-тас дерті (Сиалолитиазис)

 

Сілекей-тас дерті сілекей бездері дерттерінің ішіндегі жиі кездесетіні (40—60%). Сілекей тастары жиі вартонов түтігінде және төменгі жақасты безінде орналасады. Өте жиі төменгі жақасты безі зақымдалады. М. Н. Михайловтың мәліметтері бойынша (1957), төменгі жақасты сілекей безі 89,5% науқастарда, тіласты сілекей безі 7,5%, ал құлақмаңы безінің жарақаттануы—3% науқастарда кездеседі.

Көбіне тастар бір сілекей безінде пайда болады. Ер адамдарда әйелдерге қарағанда жиі кездеседі. Жас шамасының шешуші маңызы жоқ. Тастардың көлемі мен пішіні әр түрлі, бірақ сілекей безінде орналасқан тастар, негізінен үлкен, пішіні домалақтау болады. Кейде көпқырлы тастар да кездеседі.

 

 

3 Сілекей бездерінің жарақаттары

 

 

Сілекей бездері жарақаттанғанда айналасындағы жұмсақ тіндер, кейбірде сүйектер бұзылады. Өткір өтпейтін заттармен жарақаттанса, олар кесіледі немесе езіледі. Ал оқ тисе барлық айналасындағы тіндермен қоса талқандалуы мүмкін.

 

 

27-сурет. ГА. Васильев бойынша құлақмаңы безінің түтігін пластикалық жолмен қалпына келтіру операциясы

 

<...> Сілекей бездерінің жыланкөздері. Егер жыланкөз тері арқылы сыртқа шықса оны сыртқы, ал ауыз қуысының шырышты қабығына шықса ішкі деп аталады. Ішкі жыланкөздер ауруларды мазаламайды, сондықтан емдеудің қажеті болмайды.

Ал сыртқы жыланкөздер науқастарды қатты мазалайды. Олардан өне бойы сілекей ағып (сілекей тамақтанғанда көбейеді) айналасындағы теріні бұзып қабыну пайда болады. Егер жыланкөздер жабылса (уақытша) без үлкейіп, ауырады.