Реферат: Еңбек құқығының пəні


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Құқық
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
20

Жоспар

 

1 ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 2-бабы..........3

2 Еңбек құқығының пəні..........4

3 ҚР «Еңбек туралы» заңының 5-бабының 1-тармағы..........7

4 Еңбек  құқығының  рөлі,  міндеттері  жəне  функциялары..........12

 

 

1 ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 2-бабы

 

 

Қазақстан Республикасының Конституциясына сəйкес адамның жəне  азаматтың  маңызды  құқықтары  мен  бостандықтарының қатарына  ҚР «Қазақстан  Республикасындағы  еңбек  туралы» заңында бұл заңның  реттейтіні тура аталып көрсетілген.

 

 

 

2 Еңбек құқығының пəні

 

Еңбек құқығын оқу пəні жəне құқық саласы  ретінде  қарастырмастан  бұрын, «еңбек»  жəне «құқық» сөздерінің түп-төркініне көз жүгірткен жөн болар.

Жалпы  алғанда,  құқық  адамдардың  əр  түрлі  қоғамдық қатынастардағы  жүріс-тұрыстарын  реттейді,  яғни,  тəртіптейді, қалыпқа  келтіреді,  нормаларға  сəйкестендіреді.  Еңбек  құқығы атауының  өзі  бұл  құқық  саласының  еңбекпен  байланысты қоғамдық  қатынастарды,  яғни,  еңбек  қатынастарын  (еңбек үрдісінде туындайтын қатынастарды) жəне еңбек қатынастарынан туындайтын өзге де қатынастарды реттейтінін көрсетеді. Ал еңбек дегеніміз не?

 

 

3 ҚР «Еңбек туралы» заңының 5-бабының 1-тармағы

 

 

Жұмыс  беруші  мен  қызметкердің  арасындағы  еңбек қатынастары  нормативтік  құқықтық  актілермен,  еңбек туралы  заңдарға  сəйкес  жасалған  жеке  еңбек,  ұжымдық шарттармен реттеледі.

Еңбек  құқығының  пəнін  құрайтын  барлық  қатынастарды қарастырып өтелік:

1. Негізгі қатынастар – жұмыс берушінің (ұйым, жеке кəсіпкер) қызметкердің  еңбекке  қабілетін (оның  жұмыс  күшін,  білімін, дағдыларын  жəне  т.б.)  пайдалануымен  байланысты  еңбек қатынастары  шарттық  жəне  ақылы  негізде  жүзеге  асырылады.

...ж)  қызметкерге  оны  жұмыстан  босату  жөнінде  бұйрық жарияланған  жəне  оның  қолына  еңбек  кітапшасы  берілген  кезде тоқтатылады.

2.  Еңбек  құқығы  еңбек  қатынастарымен  қатар  осы қатынастардан  туындайтын  жəне  олармен  тығыз  байланысты қатынастарды да реттейді. Олар:

1.  еңбек  ұжымының  жұмыс  беруші  жəне  оның басшылығымен  арасындағы  еңбек-əлеуметтік  сауалдар бойынша  қатынастары.  Олар  негізінен  өндірісті  ұйымдастыру жəне  ұжымды  басқарумен  байланысты,  сонымен  қатар,  нақты ұйымдағы  еңбек  жағдайына,  қызметкерлерге  жағдай  жасаудың материалдық-тұрмыстық  жəне  мəдени  нысандарын  жақсартуға, ұйымның  қорын  ұтымды  пайдалануға,  еңбекті  нормалауға  жəне қызметкерлердің ұжымдық жəне жеке мүдделерін көздейтін өзгеде мəселелерге  байланысты  болады....

...Бұл  қатынастардың  кейбіреулері  еңбек  қатынастарымен  қатар туындап,  тоқтатылады.  Ал  басқалары (мысалы,  еңбек  дауларына қатысты  қатынастар)  қызметкердің  қызметі  барысында туындамауы  да  мүмкін.  Мұндай  қатынастар (мысалы,  еңбек дауларына  қатысты)  қызметкердің  жұмысы  барысында туындамауы мүмкін жəне көп жағдайда туындамайды да. Олар тек көрнеу зиян тигізген жағдайда орын алады.

Сонымен,  қазіргі  кезде  еңбек  құқығының  пəнін  қоғамдық қатынастардың екі тобы құрайды:...

 

 

4 Еңбек  құқығының  рөлі,  міндеттері  жəне  функциялары

 

Еңбек құқығының рөлі, міндеттері жəне функциялары өзара тығыз байланысты  болады.  Олар  қызметкердің,  жұмыс  берушінің, өндірістің, қоғамның жəне  мемлекеттің мүдделерін білдіреді.

Қызметкер мен жұмыс беруші еңбек шартын жасасқан жағдайда  еңбек  қатынастарына  түседі,  бұл  ретте  олардың  əрқайсысы  өз мақсаттарын  көздейді.  Сондықтан,  еңбек  құқығының негізгі рөлі – реттеушілік рөл. Еңбек құқығы адамдардың еңбек үрдісі кезіндегі жүріс-тұрысын реттейді, еңбек қатынастарының екі тарабы да бағынуы тиіс нормаларды анықтайды. Бұл ережелер мен нормалар  өндірістің  міндеттеріне  жауап  береді,  қызметкерлердің еңбегін, құқықтары мен мүдделерін қорғайды, жұмыс беруші мен қызметкердің  еңбек  құқықтары  мен  міндеттерінің  жүзеге  асуын жəне олардың кепілдіктерін қамтамасыз етеді.

...Сала  ретіндегі  еңбек  құқығының  жүйесінен  еңбек  заңдарының жүйесін  ажырата  білген  жөн.  Олар  мазмұн  жəне  нысан  ретінде өзара  байланыста  болады.  Еңбек  заңдарының  жүйесі  нормативтік құқықтық  актілерден,  олардың  преамбулаларынан,  баптарынан, қорытынды  ережелерінен  жəне  т.б.  тұрады.  Сол  себепті,  еңбек құқығының  жүйесі  еңбек  заңдарынан  көрініс  табады,  ал  еңбек заңдары  еңбек  құқығының  қайнар  көзі  болып  табылады  деген тұжырымға келуге болады.

Тақырып бойынша сұрақтар: