Реферат: Электркүйіктер


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Медицина
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
15

Жоспар

 

Кіріспе.......... 3

1 Химиялық күйіктер.......... 5

2 Үсік.......... 6

3 Бет пен ауыз қуысы тіндерінің аралас радиациялық жарақаттары.......... 9

4 Жақ-бет аймағының бірлескен жарақаты.......... 13

 

 

Кіріспе

 

Электркүйіктер электр тогы тіндермен жанасқан жерінде пайда болады. Мұнда электр энергиясы жылуға айналып 3000— 4000 С° дейін жылу түзеді де әртүрлі мүшелердің бірінші кезекте жүрек-қан тамыр және тыныс алу жүйелерінің қызметін бұзады. Электр тогы қысқа уақыт қана әсер еткеннің өзінде тыныс алу, тоқтап, жүрек бұлшықеттерінің фибрилляциясы жүреді. I—II дәрежеде есін жоғалтуы немесе жоғалтпауы мүмкін, III дәрежеде жүрек бүлшықеті қызметі бұзылып естен тану, ал IV дәрежеде клиникалық өлімге әкеледі.

Электр тогімен жарақаттанғанда күйік пайда болса, жарақаттың ауырлық дәрежесі анық болмайды, өйткені көмірге айналған тін изолятор болады ...

 

 

1 Химиялық күйіктер

 

Химиялық күйіктер тұрмыста немесе өндірісте теріге қышқылдардың (азот, күкірт, түз, фторсутегілік), сілтілер (натрий, калий, өшпеген известь), ауыр металл түздарының (көмір нитраты, цинк хлориді) түсуінен пайда болады. Күйіктің тереңдігі химиялық заттардың концентрациясына, температурасына, терімен жанасу ұзақтығына байланысты. Химиялық күйіктер химиялық агенттің сипатына байланысты термиялық күйіктен ерекшеленеді. Қышқылдар ұйытады, ал сілтілер — сұйылтады. Қышқылдар мен сілтілер сау тіндердің трофикасы мен микроциркуляциясын бұзады. Сондықтан химиялық күйіктер кезінде жарақаттардың жазылуы баяу жүреді. Қышқылдармен, сілтілермен, ауыр металдармен күйгенде тіндер коагуляциялық (қүрғақ) тип бойынша некрозданады. Олар белоктардың ыдырап, тіндердің құрғап, коагуляцияланған аймақтардың түзілуіне әкеледі. Күкірт қышқылымен күйгенде зақымданған тері сұрланып немесе қарайып кетеді, тұздармен күйсе — сары, фтор сутегімен күйсе — лас-сары немесе ақ болады. Сілтілермен күйгенде колликвациялық (ылғалды) некроз дамиды. Сілтілер белоктарды, сілтілі протеин түзіп, майларды ерітеді. Теріге түскенде бірінші эпидермисті бүзады. Ол жерде ашық-қызыл эрозия пайда болады. Некрозға үшыраған тіндер, бірнеше күндер бойы сілтіні сақтайды да жақсы сіңетін улы альбулинаттар түзеді. Сілтілер баяу, ұзақ әсер етіп тіндерге терең сіңеді. Сондықтан басқаларға қарағанда сілтімен күю тереңдігі кеш анықталады ...

 

 

2 Үсік

 

Үсік төменгі температураның әсерінен дамиды. Бетте, әсіресе мұрын, құлақ, бет сүйегі аймағының тіндері үсікке жиі шалдығады. Төменгі температураның әсерінен тері аз зақымданса да шеміршек зиян шегеді. Перихондриттер дамуы мүмкін, олар ұзаққа созылып, құлақ қалқаны мен мұрын ақауланады. Бет қаңқасының сүйек-тері үсікке өте сирек шалдығады. Ерін мен тілдің (балаларда) металды заттарға жанасуынан үсуі кездеседі. Төменгі температура әсерінен зақым тіндерге тереңдеп таралады. Бет тіндерінің үсуі госпитализациялау көрсеткіші болып табылады ...

 

 

 

3 Бет пен ауыз қуысы тіндерінің аралас радиациялық жарақаттары

 

Екі немесе одан көп зақымдаушы факторлар әсерінен болатын жарақат — аралас жарақаттар деп аталады. Аралас радиациялық жарақаттар бет-жақ аймағының оқпен немесе оқсыз жарақаттануы. Сәуле ауруын тудыратын радиоактивті заттармен зақымданғанда көрінеді. Сәуле ауруы 8, а — бөлшектерімен және ренттен сәулесімен сәулену салдарынан дамуы мүмкін немесе а және /3 — бөлшектерінің организмге жарақат, тыныс алу, ас қорыту жолдары арқылы енген кезде дамиды /3 , а — бөлшектері және жүмсақ рентген сәулелері радиоактивті күйіктер шақырады ...

 

 

4 Жақ-бет аймағының бірлескен жарақаты

 

Бірлескен жарақаттанулар — бір зақымдаушы фактормен дененің бірнеше анатомиялық мүшелері мен ағзаларының бір мезгілде зақымдануы.

Жақ-бет аймағының бірлескен жарақаттануына — бет сүйегінің немесе жүмсақ тіндердің мимен бірлескен жарақаты немесе дененің басқа аймағындағы жүмсақ тіндер мен қаңқа зақымдануы жатады. Бүл жарақаттар ерекше ауыр болып саналады. Аралас зақымданған науқастардан шағымын сұрап, анамнез жинау өте қиын немесе мүмкін емес. Осыған қарамастан жақ-бет аймағын объективті тексеру мұқият болуы тиіс. Жақ-бет аймағының зақымдануы, жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін бұзып, кеңірдек пен бронхқа қанның, сүйек жарықшағының, тістердің түсуінен, аспирациялық пневмонияның дамуына әкеледі. Есін жоғалтып, қорғаныс рефлекстері жоғалғанда бұл қауіп арта түседі. Бұл науқастарды тексергенде және емдегенде тек хирургстоматолог қана емес, нейрохирург, отоларинголог, окулист, невропатолог, хирургтравматолог қатысуы қажет ...