Доклад/Баяндама: Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылар


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Құқық
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
13

Жоспар

 

1 Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылардың түсінігі және ерекшеліктері..........3

2 Аталған зейнетақыларды алу құқығы бар тұлғалар........... 4

3 Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақыларды тағайындау жағдайлары.......... 7

4 Жәрдемақы тағайындалатын кезең...........10

5 Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақының мөлшері...........11

 

 

1 Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылардың түсінігі және ерекшеліктері

 

Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақының түсінігі қайтыс болған асыраушысының отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерін материалдық қамсыздандырудың қажеттігімен байланысты. Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы ретінде асыраушысының қайтыс болуына орай қайтыс болған тұлғаның асырауында болған, оның отбасының еңбекке жарамсыз мүшелеріне тағайындалатын ай сайынғы төлемдерді атауға болады. Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақының мөлшері қайтыс болған тұлғаның жалақысына пара-пар келеді.

 

 

2 Аталған зейнетақыларды алу құқығы бар тұлғалар

 

Ата-анасының екеуін де, не олардың біреуін ата-аналық құқықтардан айырған жағдайда, олар қайтыс болса, балалар асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алу құқығын жоғалтпайды.

Асырап алған балалар үшін де туған балаларға сияқты зейнетақы тағайындалады, бірақ олардың өздерінің туған (биологиялық) ата-анасы қайтыс болған жағдайда, бұл балалар туған ата-анасының қайтыс болуына байланысты зейнетақы алу құқығын иеленбейді. Алайда, егер мұндай зейнетақы оларды басқа тұлға асырағанға дейін тағайындалса, бұл құқық бұдан кейін де сақталады. Асырап алынған, туған (биологиялық) әкесінің немесе анасының қайтыс болуына орай зейнетақы алушы бала асырап алушы әкесі не анасы қайтыс болғаннан кейін не туған ата-анасының, не асырап алушыларының қайтыс болуына орай зейнетақыны таңдауы тиіс.

 

 

3 Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақыларды тағайындау жағдайлары

 

Сонымен қатар, егер азамат тұрғылықты жері бойынша және оның туыстарына, жақындарына және достарына оның қай жерде екені бір жылдан астам белгісіз болса, және ол өміріне қауіп төндіруі мүмкін немесе оның қайғылы оқиғадан қайтыс болуына әкеп соғуы мүмкін жағдайларда жоғалып кетсе, онда сот тәртібімен бұл азамат қайтыс болды деп жариялануы мүмкін. Жоғалып кеткен тұлғаның қайтыс болған күні ретінде оны қайтыс болды деп таныған сот шешімінің күшіне енген күні саналады.

Хабар-ошарсыз кеткен тұлға немесе қайтыс болды деп танылған тұлға табылған немесе ол өзі келген жағдайда, сот өз шешімінің күшін жояды және қаулының көшірмесін жазбаларға тиісті өзгертулер енгізу және өлім туралы жазбаның күшін жою үшін өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша орналасқан АХАЖ органына жібереді.

Асыраушының хабар-ошарсыз кетуіне немесе қайтыс болды деп жариялануына байланысты зейнетақы жалпы негіздер бойынша тағайындалады. Ал асыраушы табылған, не ол өзі келген жағдайда, мұндай зейнетақыны төлеу тоқтатылады.

 

 

4 Жәрдемақы тағайындалатын кезең

 

Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы, қайтыс болған тұлғаның, отбасының мүшесі еңбекке жарамсыз болып саналған кезеңге тағайындалады. Отбасының зейнетақы жасындағы мүшелеріне мұндай зейнетақы өмір бойына тағайындалады.

 

 

5 Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақының мөлшері

 

Отбасының мұндай зейнетақы алуға құқы кем дегенде бір мүшесі болған жағдайда, асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақының мөлшері 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.

Ал:...