Еңбек стажы – бұл зейнетақы төлеу кезінде есепке алынатын жұмыс пен өзге де қызмет кезеңдерінің қосынды ұзақтығы. Алайда, еңбек стажы тек ұзақтығымен ғана емес, сонымен қатар жұмыстың сипатымен және еңбек қызметі өткен жағдайлармен де (зияндылық, қауіптілік және т.б.) сипатталады.
Еңбек қызметінің ұзақтығына және сипатына қарай еңбек стажы жалпы, арнайы және үздіксіз болуы мүмкін. Еңбек стажын бұлайша түрлерге бөлу зейнетақының әртүрлі түрлерін тағайындауға сай келеді.
… Қазақстан Республикасының «ҚР-дағы еңбек туралы» заңының 13-бабына сәйкес қажет еңбек стажын растайтын құжттар болып мыналар табылады: еңбек кітапшасы (болған жағдайда), жеке еңбек шарты, жұмысқа алу және одан босату туралы бұйрықтардан выписка.
ҚР «ҚР-дағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңының 12-бабына сәйкес 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге Орталықтан зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек стажы еңбек кітапшасымен расталады.
Кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың барлық қызметкерлері үшін еңбек кітапшалары 1939 жылдан, ал ұжымдық ауыл шаруашылық кәсіпорындарының (ұжымдық шаруашылықтардың) барлық мүшелері үшін – 1965 жылдан бастап толтырыла бастады.
Еңбек кітапшасына жұмысқа қабылдау туралы, басқа тұрақты жұмысқа ауыстыру туралы, барлық негіздер бойынша жұмыстан босату туралы жазбаларды жұмыс беруші (басшылық) құжаттардың (бұйрықтар, өкімдер) негізінде және соларға сілтеме жасай отырып жазады.
… Куәлардың көрсетулері бойынша анықталған еңбек стажының ұзақтығы зейнетақыны тағайындау үшін талап етілетін стаждың жартысынан аспауы тиіс.
Жекелеген азаматтарда, діни ұйымдарда, ферма (шаруа) қожалықтарында жеке еңбек қызметі жағдайында істелген жұмыс уақыты куәлардың көрсетулерімен дәлелденбейді.